Өмірбаян: Рашбиль Евдаев

Рашбиль Евдаев - кәсіпкер, меценат

Рашбиль Илхананұлы 1955 жылы Әзербайжанда дүниеге келіп, онда 15 жасқа дейін тұрды. Кейін ата-анасымен бірге Баку қаласына көшіп барып, еңбек жолын етікшінің көмекшісі ретінде бастайды. Екі жылда етікшілікті әбден меңгеріп алады. 1977 жылы Калининград облысында Кеңес әскері қатарында болып келген соң, Солтүстік Қазақстан облысындағы Булаев ауданына көшіп барады. Жергілікті тұрмыстық қызмет көрсету комбинатына аяқ киім жасау шебері болып орналасып, кейін цех басшысы атанды.

1979 жылдан бастап Есіл ауданында «Явленский» аяқ киім цехын басқарды. 3 жыл жұмыс істегеннен кейін ол аудандық зауыт директорына дейін көтерілді. 1994 жылдан бастап, Рашбиль Илхананұлы Петропавл қаласына аяқ киім зауытының директоры лауазымына ауыстырылды. Осылайша, ол жиған-терген тәжірибесі арқасында жеке кәсіпкерлікпен шұғылдана бастады. Ол бүгінде өз ісінің нағыз маманы ретінде табысты кәсіпкер, меценат атанып отыр. ....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0