Рамазан айы. Тарауих намазы (Тарауихте оқылатын дұға және тәсбихтер, Тарауих намазының тасбихы, Тарауих намазы қалай оқылады? [видео])

Тарауих намазы еркектерге де әйелдерге де сүннет болған намаз. Тарауих намазы Рамазан айының әр кешiнде оқылады. Жамағатпен оқылуы кифая сүннет. Оқылатын уақыты құптанның соңғы сүннетімен уiтiр намазының арасы. Мәселен тарауих намазының бiр бөлiгiне үлгерген адам имаммен бiрге уiтiр намазын оқып болған соң тарауих намазының қалған бөлiгiн оқып толықтырады. Уақытында оқылмай қалған тарауих намазының қазасы оқылмайды. Қаза етiлiп оқылса.....

Кеңестер
Толық
0 0

Рамазан айы (Ораза парыздары. Оразаға ниет. Ауызашар)

Рамазан айын құрметтеуіміз керек. Құрметтеу үшін Аллаһу та’аланың бұйрықтарын орындап, тыйымдарынан сақтануымыз қажет. Ораза тұтып, ғайбат жасаған, жалған сөйлеген, ренжіткен, харамдардан сақтанбаған адам рамазан айын құрметтемеген болып саналады. Хадис шәрифтерде.....

Кеңестер
Толық
0 0

Рамазан айы. Ораза. Ауызашар (ифтар) берудің сауабы

Хадис шәрифте: «Рамазанда бір қонаққа ауызашар берген адамға Сырат көпірін өту оңай қылынады.» делінген. (Уәсиләт-ун-нажат)

Ораза тұтқан кісіге бір құрма немесе бір кесе сүт берген адам да ауызашар бергендей сауапқа ие болады. Пайғамбарымыз: «Кімде-кім Рамазанда ораза тұтқан кісіге ауызашар берсе, күнәлары кешіріледі. Ораза тұтқан кісінің сауабына тең сауап бұған да беріледі» дегенде, сахабалардың.....

Кеңестер
Толық
0 0

Рамазан айы, Оразада тиімді тағамдар, Сəресі жəне ауыз ашарға арналған кеңестер

1. Қуырылған, ащы тағам, кофе және газдалған сусын қолданбаңыздар! Бұл ағза жағдайының әлсіреуіне әкеліп соғады.

2. Сәресі кезінде шамадан тыс тамақтанудан және су ішуден сақтаныңыздар! Олай ету күні бойы тонусты қолдап тұратын минералды тұздарды ағзадан шығарады.

3. Сәресі кезінде ұзақ қорытылатын әрі күні бойы өзіңізді тоқ сезініп жүретіндей тағамнан жеңіздер! Құрма — қанттың, жасұнықтың (клетчатка), көмірсудың, калий мен магнийдің таптырмас көзі. Бадам....
Кеңестер
Толық
3 -2

Рамазан айы. Ораза тұтпауға рұқсат беретін жағдайлар

Сұрақ: Қандай жағдайларда ораза тұтпауға рұқсат беріледі?

Жауап: Ораза тұтпауға рұқсат берілген жағдайлар мыналар:

1) Ауру: ауруға шалдыққан немесе ораза тұтқанда ауруы асқынатын кісі ораза тұтпайды. Тұтқан болса, аша алады. Ауруға қарайтын кісі де ауру үкіміне жатады, яғни ......

Кеңестер
Толық
0 0

Рамазан айы. Ораза. Ұмытып ішіп-жеу

Сұрақ: Сәресіге тұрдым, сәресіні ішіп болып, ораза ұстауға ниет етіп жатып қалдым. Таңертең тұрғанымда аузымның берік екенін ұмытып, кешке дейін ішіп-жеп жүрдім. Ауыз ашар уақытында есіме түсті. Оразам сахих болды ма?
Жауап: Иә, сахих болды, өйткені ұмытып ішіп-жеу.....

Кеңестер
Толық
0 0

Рамазан айы. Сапарда ораза ұстау

Сұрақ: Сапарда жүрген адамға Рамазан оразасы парыз ба?
Жауап: Иә, бірақ қазаға қалдыруы жаиз болады.
 
Сұрақ: Сапарда ораза ұстау міндетті емес болғанына қарағанда, Рамазан оразасын ұстаған адам нәпіл сауабын алады ма?
Жауап: Сафари (жолаушы) болған адам Рамазан оразасын ұстаса.....

Кеңестер
Толық
0 0

Рамазан айы, Ораза, Сәресіде (ауыз ашарда) қандай тағамдар жеген жөн?

Ораза тұтқан адамның күні бойы шаршамай, оразаны қиналмай өткізуінде сәресінің алар орны ерекше. Әсіресе, жұмыс істеп, күндіз бір сәт тынығып ала алмайтын жандар үшін. Ендеше, сәресіде (аптап ыстықта шөлдетпейтіндей) күш-қуат беретін қандай тағамдар жеген дұрыс?
Кеңестер
Толық
0 0

Рамазан айы. Ораза. Әйелдердің хайз күндерінде

Сұрақ: Рамазанда бір әйелдің хайзы (етеккірі) келсе, тұтқан оразасын ашып жібере ала ма? Хайзы бітуге жақындағанда ішіп-жеуі күнә болады ма?
Жауап: Рамазанда бір әйелдің хайзы имсак (ауыз бекітетін) уақытынан кейін тоқтаса, сол күні кешке дейін ораза ұстағандай ешнәрсе жемей жүреді. Имсак уақытынан кейін хайзы басталған....
Кеңестер
Толық
0 0

Рамазан айы. Ораза. Ауызашарды кешіктіру жаиз ба?

Сұрақ: Бір жұмыстармен ауызашарды қай уақытқа дейін кешіктіру жаиз болады?
Жауап: Ақшам уақыты кіргені анық белгілі болса, алдымен құрма, су сияқты нәрселермен ауыз ашылады, одан кейін намаз оқылады. Тамақты тез жеп, содан кейін намаз оқу да жаиз. Бірақ ауызашар дастарханында әртүрлі тағамдар болғаны үшін ақшам намазы кешігуі мүмкін. Намаз мәкрух уақытқа қалуы мүмкін. Осы тұрғыдан алдымен намазды оқу, одан кейін асықпай тамақ....

Кеңестер
Толық
0 0