Курстық жұмыс: Тарих | Патша үкіметінің 1867 1868 жылдардағы әкімшілік реформалар

1868 жылдың желтоқсан айы мен 1869 жылдың қазан айы аралығындағы Орал мен Торғай өңіріндегі көтерілістер отаршылдыққа карсы бағытталды. Айта кететін бір жайт, бұл халық қозғалысын басқарғандар өз артықшылықтарынан, ежелгі жеңілдіктерінен айырылған ру басылар еді. Олардың басым көпшілігі халықтың ашу-ызасын өз мүдделеріне ұтымды пайдаланып, ел мұқтаждығына селқос қарады.
Қаруланған казақ шаруалары патша үкіметінің отарлық саясатына, әлеуметтік қысымына қарсы бас көтерді. Әлсіз ұйымдасқан жасақтар патшаның жазалаушы бөлімдеріне тайынбай қарсы шықты. Мысалы, 1869 жылы мамырдың 6-сы күні Орынбор шебінен жіберілген, фон Штемпель басқарған 200 атты және бір рота жаяу әскерден тұратын топқа Ойыл өзенінен 20 шақырым жердегі Жамансай көлі маңында көтерілісшілердің 20 мың қолы шабуыл жасады. Жеті күн бойы шаруа жасақтары қоршауында қалған жазалаушылардың жағдайы мүшкілденіп, азық-түлігі және жемшөбі таусылған олар әскери шепке кайтып кетуге мәжбүр болды ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0