Реферат: Экономика | Мемлекеттік несие

Мемлекеттік несие яғни қарызға алынган ақша мемлекеттік билік органдарының қарамағына олардың қосымша қаржы ресурстарына айнала отырып түседі. Олар, әдеттегідей, бюджет тапшылыгын жабуға багытталады. Мемлекеттік қарыздарды (заемдарды) өтеудің және олар бойынша пайыздарды төлеудің көзі бюджет қаражаттары болып табылады. Алайда, мемлекеттік берешектің едәуір өсуі және үдей түсіп отырған бюджет қиыншылықтары жағдайында ел мемлекеттік борышты қайта қаржырандыруға да баруы мүмкін. Қаржыландыруды жаңарту деп жаңа займ шығару арқылы ескі мемлекеттік берешекті етеулі айтады.
Мемлекеттік несиенің негізгі нысаны мемлекеттік займдар болып табылады, ол облигациялар және басқа мемлекеттік бағалы қағаздар шығару және өткізу (сату) жолымен жалпықоғашық қажеттіліктерді қаржыландыру үшін халық пен занды тұлғалардын акдіасы тартылатындагамен сипатталады.
Қазақстан Республикасында алғашқы мемлекеттік ішкі займ 1992 жылы шығарылып, кәсіпорындар мен ұйымдар арасында таратылды. Сол жылы айналысқа 20 жылға ( 2012 жылға дейін) шамаланған мемлекеттік ішкі ұтыс займының бондары шығарылды. Займдар бойынша ұтыстар жыл сайын 25, 50, 100 және 500 мың теңге көлемінде 4 рет ойналады.
1996 жылы резидент және резидент емес занды және жеке тұлғалар арасында Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ішкі займының Ұлттық жинақ облигациялары таратыла бастады. Ол номиналы 1000 теңгеге, айналым мерзімі 364 күнге тең мемлекеттік бағалы қағаздар болып табылады. Ұлттық жинақ облигацияларына жүзбелі табыстық пайыздары есептеліп, олар тоқсан сайын төленіп тұрады.
1999 жылдан бастап атаулы құны 100 АҚШ доллары болатын айналыс мерзімі бес жыл арнайы валюталық мемлекеттік облигацияларды (АБМЕКАМ) жинақтаушы зейнетақы активтерін қорғау мақсатында Қазақстан республикасы Үкіметінін атынан Қаржы министрлігі (эмитент) шығарады. Бұл облигациллар иелеріне етеу кезінде олардың атаулы құнын алуға және жылына 6,14 % мөлшерінде сыйақы (мүдде) алуға құқық береді.
Сонымен бірге Қаржы министрлігі бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін пайдаланатын құралдардын түрлерін кеңейту мақсатанда теңгенің еркін айырбас бағамы жағдайында айналыс мерзімдері үш, алты. Тоғыз, он екі ай болып табылатын мемлекеттік қазынашылык, валюталык, міндеттемелер (МЕКАВМ) шығаруды бастады. Ол құжаттық емес нысанда және нақты 100 АҚШ долларына аукциондык әдіспен анықталған дисконтталған баға бойынша орналастырады. Қазынашылык міндеттемелерді ұстаушылар Қазақстан Республикасы резиденттері де, резиденттері емес те болып табылатын заңды және жеке тұлғалар бола алады. Инвесторлардың сатып алынған қазынашылық валюталық міндеттемелер үшін ақы төлеуі мен Қаржы министрлігінің қазынашылық валюталық міндеттемелердің нақты құнын өтеуі толеуі күні мен отеу күнінің қарсаңындагы әр эмиссияның шарттарын жариялау кезінде Қаржы....
Рефераттар
Толық
0 0