Махаббат хикаясы: Махаббат деген ауру ма деймін

Махаббат деген ауру ма деймін.... Өз оқиғама келсек, мен ол жігітпен мектептен жасырын жүргенбіз. Уақыт өте келе мектеп, ауыл,кейіннен ата-анамыз біле бастады. Телефон құшақтап ұйықтайтынбыз, мектепке бір-бірімізді көру үшін бір сағат ерте баратын едік. Осылай уақыт өтіп, 11 сыныпқа да жеттік. Оқуға түсу үшін ұйықтамай сабағымызды оқып, тест тапсырып екеуміз де грантқа оқуға түстік. Сабақтан күнде күтіп алатын. Кадімгі барлық ғашықтар сиякты айырылмай жүрдік, тіпті достарына да бармай кетті, олар болса ренжитін мен жібермеді деп. Керегі қасында жүрсе адам ештенені іздемейді екен. Осылайша жылдар өтті. Үй ішімізбен таныстық. Бізді бүкіл ауыл үйленеді деп ойлайтын, озіміз де оқу бітіп жұмысымызға орналасқан сон үйленеміз дейтінбіз. Ата анамыз ақырындап тойға дайындалды, онын мамасы айтып отыратын ананы көрдім ағана мынаны алдым деп....Осылай жүргенімізде диплом уақыты келді, біз де өзгердік. Оның айтуына қарағанда мен оған уақыт бөрмей кетіптім.

Сабақ десе салынып оқитынмын, ол да мүмкін. Қолда бардың қадірі жоқ дейді ғой. Осылайша арамыз суып кеткендей болды. Бір күні кереметтей ұрсысып үйден қуып дықтым, қайтып оралма деп. Кейде сол сөзім үшін өкінем. Ол сол кеткеннен кетті тіпті защитама, вручениеме келмеді. Осымен бітті екен деп мен жүрдім. Уақыт өте қатты сағына бастадым. Қалжынбас досым хабарлласым жігітінді көргем тойға дайындалып жатыр екен дегенде жүрегім аузыма тығылып, түнгі үште жанағыға звандадым, ол мені жұбатып қайдағы үйлену, ол ақымақты білесін ғ ой өтірік айтады деди, осылайша жаным орнына түсті содан бастап телефонмен сөйлесіп тұратын болық. Сағынып кездесіп тұратын болдық. Не істеп жүргенімді өзім де білмеймін не жүрмейміз, не екі жаққа кетпедік......
Махаббат хикаялары
Толық
0 0