Реферат: Биология | Көгершіндердің таспа құрттары және олардың таралуы

Зерттеуде таспа құртар тек жабайы көк көгершіндерден анықталды және сирек кездесетіні белгілі болды. Анықталған бірінші таспа құрт Aporina delofondi - Cestoda класының Cuclophyllidea отрядына, Anoplocephalidae тұқымдасына, Aporina туыстасына жатады. Европа, Азия, Африка және Америка құрлықтарында мекендейтін көгершінтектес құстар арасында таралғаны белгілі. Оның ішінде жабайы көк көгершіндер мен үй көгершіндерінен де анықталған. Қазақстанның оңтүстік өңірінде мекендейтін жабайы және үй көгершіндерінен К.И. Скрябин [1905-1911] анықтаған. Бұл құрт биогельминт, аралық иесі құрлықта тіршілік ететін бақша ұлуы Linax cinereus-деп жазды. Ал, Қазақстанның шығыс өңірінде мекендейтін жабайы көк көгершіннен алғаш рет анықталып отыр. Барлық сойып тексерілген 52 жабайы көк көгершіннің 4 - еуінің аш ішегінен бір-бір данадан бөліп алынды. Сөйтіп ИИ - гі 1 - ге, ИЭ - гі 7,6 % - ды құрады. Анықталған құрттардың ұзындықтары 60-70 мм, ең жалпақ бунақтарының ені 4,7 - 5,0 мм аралығында болды. Сколексі қарусыз, 4 сорғышы бар. 1 - ші микрофотосуретте қос жынысты (гермофрадит) бунағы көрсетілген. Онда жыныс тесігі бір жақты ашылатыны көрінеді. Жатыры түтік тәрізді және соңғы жағы біртіндеп кеңейіп одан көптеген өсінділер тарайды. Аталық бездерінің пішіндері домалақ, саны 100 - дей. Олар қос жынысты бунақтың өне бойына созыла, жатырды қоршай орналасқан.

Микрофотосурет 1 - Aporina delofondi таспа құртының қос жынысты бунағы

Жабайы көк көгершіндерден анықталған екінші таспа құрт Weinlandia sphenocephala. Ол Cuclophyllidae отрядына, Hymenolepididae тұқымдасына, Weinlandia тустасына жатады. Европада және Азияда (Индияда) үй көгершіндерінен анықталған. Қазақстан аумағында көгершінтектес құстардан анықталғаны туралы деректер кездеспеді. Қазақстанның шығысында мекендейтін жабайы көк көгершіндерден алғаш анықталып отыр. Барлық сойып тексерілген 52 жабайы көк көгершіннің 9 - ның аш ішегінен бөліп алынды. ИЭ - гі 13,4 % - ды құрайды. ИИ-гі бір көгершінде 2 - 7 паразитке тең болды. Құрттардың ұзындығы 70 - 80 мм, ең жалпақ бунақтарының ені 1,7-2 мм аралығында. Сколексі қарусыз, 4 сорғышы бар. 2 - ші микрофотосуретте қос жынысты бунағы көрсетілген. Жыныс тесігі бунағының бір жағынан ашылады. Жыныс тесігінің мойыны етті жиырылғышпен (ретрактор) жабдықталған және ол айқын көрінеді. Жатыр көптеген төмпешік-бұдырлар түрінде бүкіл бунақтың ішін толтырып жатыр. Аталық безі 3 - еу, ірі және бүйрек пішінді. Бірінің үстінде бірі ретсіз орналасқандықтан әртүрлі пішіндегі біртұтас орган түрінде көрінеді. Таспа құрттарды анықтағанда К.И. Скрябиннің сипаттамалары пайдаланылды. ....
Рефераттар
Толық
0 0