Курстық жұмыс: Экономика | Кәсіпорында еңбекақыны ұйымдастыру

Бұл жұмыстың өзектілігі Қазақстан Республикамызда өткізіліп жатқан нарықтық реформалар, тек экономикалық дамыту үшін ғана емес, бүкіл қоғамдық өмір үшін орасан зор маңызы бар екендігін Республикамыздың тәуелсіздігінің 15 жыл ішінде атқарылған жұмыстары көз жеткізе дәлелдейді. Реформа қалыптасқан экономикалық қатынастарға елеулі өзгерістер енгізді және сайып келгенде әрбір еңбекшінің мүддесін қамтиды.
Қазақстан экономикасының дамуын бақылау барысында көптеген өзгерістерді көруге болады: жекешелендіруге, бәсекелестікті қолдауға бағытталған реформалар жүргізілді, республикамыздың стратегиясын анықтайтын заңдар мен қаулылар қабылданды, көптеген басқару функциялары тікелей кәсіпорындармен ұйымдарға берілді. Еңбекақыны ұйымдастыруға қатысты саясатта осындай сипатта болады.
Президентіміздің Қазақстан халқына 2005 жылғы жолдауында әлеуметтік саладағы бірінші кезекте мәселе етіп еңбекақыны төлеудің жаңа жүйесін құру мәселесін қойды. Оның негізінде еңбекақының ең төменгі шегі емес, кедейшілік пен күн көріс минимумы жатуы қажет. Бұл өзгерістердің барлығы еңбенкақының төменгі деңгейі арқылы қалыптасатын еңбекақының ұдайы өндірістік рөлі қазіргі жағдайда тұрғылықты халықтың өмірлік қажетттілігін қанағаттандыру және төлем қабілеті сұранымын реттеу құралы ретіндегі негізгі функцияларының бірін көрсете алмады, бұл нарық қатынастарының негізін түзеді.
Осының негізінде еңбекақыны реформалау жүргізілген болатын. Реформалауда жұмыс беруші мен жалданушының құқықтары, жұмысшының бюджеті, оған мамандық, еңбек саны мен сапасы деңгейіне байланысты қажет өмір сапасын қамтмасыз ету қажеттілігі ескеріледі.
Біріңғай тарифтік сеткаға сапалық коэффиценттерді пайдалану қандай да бір дәрежеде еңбекақыны дифференциалауға әсерін тигізді. Нарықтық қатыныаста еңбекақыны көп жағдайда өндірістің ресурстары бағасына қарағанда, экономикадағы шағын деңгейіне байланысты әсер етеді. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0