Жақсы ер мына нәрселерді жасамайды

Ер азамат – отбасының басшысы әрі қамқоршысы. Әйел адамдардың міндеттері болатыны секілді, ер адамдардың да отбасында атқарар өз жұмыстары бар. Ал жақсы жолдас нендей нәрселерді жасамайды? Ол:

✅ 1. Сынамайды. Жақсы күйеу әйел адамның қисық қабырғадан жаратылғанын біледі. Сондықтан да сынап, мінеумен оны сындыруға тырыспайды. Бір хадисте: «Әйел адам қисық қабырғадан жаратылған. Оны түзетемін десең сындырып аласың» - деген (Абу Һурайрадан Муслим риуаят еткен). Әйелді тек ақылмен, мейірімділікпен ғана тәрбиелеу керек. Кемшіл тұстарын айтып, кемсіте бергеннен гөрі, жақсы жағын айтып, мақтап қойсаңыз, әйеліңіз сіз үшін жақсы болуға бар күшін салатын болады.

✅ 2. Тексермейді. Сенімсіздік – ерлі зайыптылардың ортасындағы ең үлкен кедергі. Дініміз де бір-біріне сенуге, күмәнді, теріс ойлардан аулақ болуға шақырады. Сенім бар жерде өзара сүйіспеншілік те, тыныштық та арта түседі. Абу Һурайрадан Байхақи риуаят еткен хадисте: «Сендердің ең жақсыларың, әйеліне жақсы қарайтындарың» - делінген. ......
Кеңестер
Толық
0 0