Өлең: Күләш Ахметова (Жас күніммен сырласу)

Бәрі жақсы болса деппін мен баста,
Жанымды ашып жалбақтаппын жолдасқа.
Бәрі жақсы болса деумен шаршаппын,
Бәлкім, енді бәрі жақсы болмас та.
Жұртқа ұнадым,
Өз көңілім пәс бүгін.
Тасқа барып соғылғандай тасқыным.
Бауырларды,
Жақынды ойлап,
Жасыппын,
Жарқ-жұрқ етіп жайнамапты жастығым.......
Өлеңдер
Толық
0 0