Реферат: Медицина | Дәрілік заттар

Дәрілік заттардың қасиеттері көп дәрежеде,олардың химиялық құрылыстарына ,функционалдық белсенді топтастардың бар болуына ,олардың молекуласының қалыбына және өлшеміне байланысты болады. Зат рецептормен өзара тиімді әсерлесу үшін оның рецептормен тығыз жанасуын көбірек қамтамасыз ететін,дәрілік заттардың құрылымы қажет. Заттың рецептормен жақындасу дәрежесінен ,молекула аралық байланыстың беріктігі тәуелді болады.Сонымен ,иондық айланыс кезінде ,2 әртүрлі аттас зарядтардың электростатикалық тартылыс күштері,олардың арасындағы аралықтардың квадратына кері пропорционал,ал ван-дер-ваалисьтік күштер аралықтың 6-7 дәрежесіне кері пропорционалды болатын белгі.
Зат рецептормен өзара әсерлесу үшін,олардың әсіресе кеңістікте сәйкес келуі ,яғни комплементарлығы өте маңызыды.Осылайша,и D+ адреналин артериялық қысымға әсер етуі бойынша L- адреналинге қарағанда елсенділігі жағынан анағұрлым төмен.Бұл қосылыстар молекуланың құрылымдық элементтерінің кеңістікте орналасуымен ерекшеленеді,олардың адренорецепторлармен өзара байланасуына шешуші маңызы бар.
Егер заттың ірнеше функционалды топтастары бар болса ,онда олардың арасындағы аралықты ескерген жөн.
Заттың химиялық құрылысы және олардың биологиялық белсенділігі арасындағы тәуелділікті анықтау жаңа препараттарды алуда аса маңызды бағыттардың бірі болып табылады . Сонымен қатар ,бірдей типті әсерлі әртүрлі топтың қосылыстары үшін оптималдық құрылысын сәйкес келтіру берілген дәрілік заттар өзара әсерлесетін рецепторлардың құрылысы жөнінде белгілі бір мәлімет алуға мүмкіндік береді
Заттар әсерінің көптеген сандық және сапалық сипаттамалары физико-химиялық және физикалық қасиеттеріне,суда,липидтерде ерігіштігіне ,ұнтақ тәрізді қосылыстар үшін-олардың еру дәрежесіне ,ұшқыш заттар үшін –ұшу дәрежесіне де тәуелді болады. Диссоцияциялану дәрежесінің маңызы зор .....
Рефераттар
Толық
0 0