Курстық жұмыс: Алгебра | Дифференциалдық теңдеулер

Ғылыми-техникалық прогресс пен өндірістік технологияның дамуы, экономиканың өркендеу дәуірінде қоғамға жан-жақты дамыған, белсенді өз бетінше жасампаздықпен ойлай білетін жастардың тұрақты легінің келіп отыруын талап етеді. Сондықтан оқыту процессі деңгейін арттыру арқылы, ақыл-ойы жетілген, жан-жақты дамыған, жасампаздықпен еңбек етуге қабілетті, өз тағдырларын өздері шеше алатын, өз бетінше білімін толықтыру және өздігінен кәсіби шеберлігін арттыру мүмкіндігі бар азаматтар даярлап білім саласындағы басты мақсат болып табылады.
Ғылыми ақпараттар ағынының жедел қарқынмен өсуі, жалпы білім беретін студенттерді өз бетінше жаңа білімдер игеруге қабілетті етіп тәрбиелеу мен оқытуды талап етеді.
Өз бетінше білім алу үшін студент өз танымдық қызметі нысанның мәнін ұғынып, оның іс әрекет жолдарын игеруге тура келеді. Сол себепті студенттерді жаңа білімдерді алу “технологиясын” дифференциалдық теңдеулер курсында тірек конспектілерін қолдану жолдарын мақсатты түрде оқыту қажеттігі туындайды.
Бұл дипломдық жұмысымда дифференциалдық теңдеулер курсында тірек конспектілерін қолдану, және де дифференциалдық теңдеулерді шешу жолдарын қарастырамын. Дипломдық жұмыс II тараудан тұрады.
§ 1.1. Дифференциялдық теңдеулер. Негізгі ұғымдар .
§ 1.2. Айнымалылары ажыратылатын теңдеулердің шешімі көрсетіледі.
§ 1.3. Біртекті және оларға келтірілетін теңдеулер,f(x,y) функциясы өзінің аргументтеріне қарай нолінші дәрежелі функция болса, онда мұндай теңдеуді біртекті деп атайды, және теңдеулердің шешімдерінің айқын формулалары алынады.
II тарауда §2.1. Сызықты теңдеулер, теңдеулердің анықтамасы, теңдеудің жалпы шешімінің формуласын көрсетеміз.
§ 2.2. Бернулли теңдеуінің шешімін, қайсыбір жағдайларда Бернулли теңдеуін y-u(x)•v(x) алмастыруын қолданып шешкен ыңғайлы екендігі көрсетіледі.
§ 2.3. Толық дифференциалдық теңдеулер оны жалпы шешімін табу қарастырылады.
§ 2.4. Интегралдық көбейткіш, кез келген теңдеу толық дифференциалды болмайды. Демек, шарт әр уақытта орындалмайды екен. Осыған байланысты берілген теңдеуді қайсыбір
функциясына көбейтіп толық дифференциалды теңдеу алуға болатындығы қарстырылады.
§ 2.5-те Жоғарғы ретті дифференциалдық теңдеулер. Ретін төмендету әдісі көрсетіледі.
§ 2.6-да n-ретті сызықтық дифференциалдық теңдеулер қарастырылып, жалпы шешім табу қарастырылады.Диплом жұмысының артында қорытынды, әдебиеттер тізімі көрсетілед ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0