Өмірбаян: Гүлшат Тұтова Әбсаттарқызы

Тұтова Гүлшат Әбсаттарқызы - актриса.
Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара қаласында дүниеге келген.
1993ж. Қазақ Мемлекеттік Т.Жүргенов атындағы Театр және кино институтын (қазіргі Ұлттық Өнер академиясы) театр-кино актері мамандығы бойынша бітірген. Театрда осы жылдан бастап қызмет етеді.
Сахнадағы негізгі рольдері:
Ұлттық классика мен заманауи драматургияда: А.Сүлейменовтің «Кегінде» әйел (реж. Ә.Рахимов), Д.Исабековтің «Әпкесінде» Көрші әйел (реж. Б.Омаров), Д.Амантайдың «Сәлеметсің бе, қоңыр мұңында!» Әйгерім, Ә.Ақпанбетұлының «Дүние-думанында» Бибіш (реж. Қ.Сүгірбеков), Қ.Ысқақ, Шахимарденнің «Қазақтарында» Шолпан (реж. Т.әл-Тарази), Р.Мұқанованың «Мәңгілік бала бейнесінде» Күләй, Қ.Ысқақтың «Жан қимағында» Бағдат (реж. Б.Атабаев), Т.Нұрмағанбетовтің «Ескі үймен қоштасуында» Зира (реж. Е.Обаев), Ө.Боранбаевтың «Әңгүдігінде» Зина, Б.Мұқайдың «Сергелдең болған серілерінде» Айжан (реж. О.Кенебаев), Ә.Әмзеұлының «Қара кемпірінде» Жеңгей, Н.Келімбетовтің «Үміт үзгім келмейдісінде» Қарлығаш (реж. Е.Обаев), С.Асылбекұлының «Күзгі романсында» Назгүл (реж. Ә.Рахимов), Мәдина Омарованың «Көмбе нанның дәмінде» Ағира (реж. А.Кәкішева), Ғ.Мүсіреповтің «Қыз Жібегінде» Қамқа (реж.Е.Нұрсұлтан) т.б.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0