Өмірбаян: Батырхан Шүкенов Қамалұлы (1962 - 2015)
Батырхан Қамалұлы Шүкенов (18 мамыр 1962, Қызылорда, Қазақ КСР, КСРО — 28 сәуір 2015[1], Мәскеу, Ресей) — қазақстандық және ресейлік эстрада әншісі, сазгер. 2000 ж. дейін A`Studio тобының құрамында өнер көрсетті. Алғаш танымалдылығы да сол топ арқылы келген.
Өмірбаяны
Батырхан Шүкенов 1962 жылдың 18 мамырында Қызылорда қаласында дүниеге келді. Отбасында Батырханнан басқа 2 ер бала мен қарындасы болды. Батырхан ата-анасының ортаншы ұлы еді. Әкесі — Қамал Шүкенұлы Шүкенов (1935—2011), 1970 жылдан 1998 жылға дейін Қызылорда облысының қаржы бөлімінің басшысы қызметін атқарды.
1979 жылы Батырхан Қызылордадағы Островский атындағы № 233 орта мектепті аяқтады. Мектеп жылдарында музыка үйірмесіне қатысып, ал мектептен кейін бірден Ленинградтағы Н. К. Крупская атындағы мемлекеттік мәдениет институтына оқуға түседі. Осы оқу орнында екі жыл саксофонның оркестрлік бөлімінде білім алады. Саксофонда ойнау сабақтарын Батырхан аты бүкіл әлемге белгілі музыканттар Геннадий Гольштейн мен Владимир Рабиктан алған.....

Өмірбаян / Биография