Реферат: Экономика | Банк ұғымы пайда болуы және дамуы

Банк туралы түрлі-түрлі пікірлер айтылып жүр.Кейбір мамандар банкті кәсіп орны,мекеме,–дейді;екіншілері–экономикалық басқару орны,–дейді;үшіншілері–делдалдық ұйым,-дейді.Төртіншілері–несиелік кәсіпорны деп сипаттайды.Ал,күнделікті тұрмыста банкті ақша қоймасы деп түсінеді.Бірақ осы келтірілген пікірлердің бәрі де банктің не істейтіндігін,оның қандай операциялар жүргізетіндігін ғана анықтайды.Негізінде,банктің мазмұнын түсіну үшін,алдымен оның халық шаруашылығының басқа бөлімшелерінен елеулі оқшауланушылығын көрсететін қандай қасиеттері бар деген сауалға жауап беру керек.
Жоғарыда келтірілген пікірлердің бәрін және банк жүйесінің атқаратын қызметтерін жан-жақты талдау негізінде,осы заманның белгілі экономисі,Ресей Академигі О.И.Лаврушин банк жөнінде былай деп жазыпты:“Банк ақшалай,несиелік және қолиа-қол немесе қолма-қол ақшасыз,есеп айырысу операцияларының жиынтығын бір орталыққа шоғырландырғанақша шаруашылығының даму сатысы.Банк,басқа материалдық өндірістің өнімдерінен өзгеше өнім шығаратын айрықша кәсіпорын.Ол тек тауар емес,ерекше тауар –ақша және есеп айырысудың құралдарын шығарады.”
Алғашқы банктер капитализм дамуының мануфактуралық сатысында–XІV және ХV ғасырларда Италияда несие қатынасының кең ауқымды дамуымен байланысты пайда болған.Сауда-саттық мемлекеттерде,қалаларда және жекелеген қалаларда шақа соғылатын әр түрлі монеталармен жүзеге асырылды.Бұл жағдайда көптеген монетаның әр түрлі айналасынан хабары бар,айырбас бағамы бойынша кеңестер беріп,бағалай алатын арнайы мамандар қажет болды.Бұл айырбастаушы мамандар әдетте өз үстелдерімен нарықтарда отырады.Х ғасырда Италия әлемдік сауданың орталығына айналды,сол себепті де өздерінің ерекше банко-үстелдері бар айырбастаушы банкирлер әйгілі болды әрі олар Ежелгі Грецияда,Ежелгі Вавилонда және басқа да елдерде кеңінен тарайды.
Әр түрлі ионеталарды бір-бірімен үзбей айырбастау үшін олардың қоры болуы керек.Осылайша,бұл айырбастаушы-үстелдер айырбастаушы –үйге айналады.Бұл үйде құны әр түрлі монеталардың айырбасталуы жүзеге асырылды.....
Рефераттар
Толық
0 0