Баланы тәрбиелеудің 4 сатысы

✅ Бала тәрбиесі сан мыңдаған кезеңнен тұрады. Соның ең маңызды төрт кезеңін назарларыңызға ұсынамыз.

✅ Бірінші кезең – бес жасқа дейінгі кезең. Бес жасқа дейін белсенділік, танымдық және өмірге қызығушылық секілді қасиеттер орнығады. Тыйым салып жазғырудан гөрі бұл кезеңде баланы алдаусырату керек. Балаға жаза берудің бірден-бір себебі – олардың есесін қайтара алмауында. Егер сәбиіңіз қауіпті бір нәрсе жасар болса, қорыққан кейіп жасап, қорыққан дауыс шығарыңыз. Бала ол тілді өте жақсы түсінеді. Баланы бес жасқа дейін басып тастар болсақ, онда біз баланың белсенділігін, өмірге деген қызығушылығын, интелллектісін және иммунитетін де басып аламыз. Балаңызды уайымсыз бойұсынуға үйретіңіз.

✅ Екінші кезең – бес жас пен он жас аралығы. Бұл – бағыну мен өмір заңдарын үйрену кезеңі. Бұл кезеңде баланың ақыл-парасаты мен логикасы белсенді түрде дамиды. Бала айналасындағы адамдардың жасаған істеріне қалай қарайтынын саралайтын кезеңде және ол да жағымсыз көзқарасты мейлінше байқамауы керек. Бұл кезде баланы білім алу, тапсырма беру және осыларды талап етуден қорықпаңыз. Егер бес жастан кейін де баланы еркелете берер болсаңыз, балаңыз ұшқалақ, жұмысқа қабілетсіз әрі рухани жұтаң болып өседі. ......
Кеңестер
Толық
0 0