Реферат: Әдебиет | АҚЫТ ҚАЖЫНЫҢ ЖИҺАНШАҺ ДАСТАНЫНДАҒЫ ШАҺЗАДА БЕЙНЕСІ
Халық ақындарының шығармашылығындағы фольклорлық дәстүр мәселесін сөз еткенде, ел аузында сақталып келген аңыз, әпсана, хикаяттардағы кейіпкерлердің де айрықша орын алатындығын жасыруға болмайды. Қызыр, Атымтай Жомарт, Ескендір, Қорқыт тәрізді тағы да басқа бейнелер аңыз арқылы көпшілікке жақсы таныс болғандықтан толғаулар мен дастандарда қолданыс тапқанда туындыны тұтасымен халыққа етене жақын етіп жібереді. Халық ақындарының мифтік кейіпкерлер мен аңыздағы бейнелерді өз шығармаларына арқау етуінің бір қыры осында жатыр. Мифтік кейіпкерлерден жиі кезігетіні періште, пері, жын, мыстан кемпір. Бұлардың жиі қолданылуының да өзіндік себебі бар. Өйткені, олар мифтен, эпикалық туындыларға, одан халық ақындары шығармаларына сатылай отырып өткен. Ғалым Ш.Ыбыраев былай дейді: «Мифтік ұғымдардан қазақтың көне эпостарында көптеген белгілер сақталған. Жалпы, көне эпостарда ерекше жинақталып, тұтас көрінетін жауыздық бейне – мыстан кемпір. Ол бірде айлакер, барлық жағдайды күні бұрын болжап отыратын, сөйтіп, батырдың жолына алдын-ала тор құратын жауыз кемпірдің кейпінде суреттелсе, бірде жеті басты жалмауыз, нағыз дүлей күштің иесі ретінде суреттеледі. Тегінде айдаһар мен жалмауыз кемпір бейнесі ежелгі замандарда мифтік негізі бар ұғымдармен байланысты болуы әбден ықтимал. Міне, мұндай бейнелер ақындар шығармаларында да өздерінің негізгі қызметтерін өзгертпейді.
Көрнекті халық ақыны Ақытқажының бізге «Жиһаншаһ», «Ғали мен Дариға», «Мәликенің жүз жұмбағы», «Кесік қол келіншек» деген төрт дастаны белгілі болып отыр. Бір назар аударарлық жай осы дастандардың оқиға желісі шығыстан келген аңыздардың негізінде шығарылған. Осының өзі Ақыттың шығыс әдебиетімен жете таныс болғандығын аңғартады. Ақынның «Жиһаншаһ» дастаны, әлем әдебиетінің алтын туындыларының бірі «Мың бір түн» аңыздарындағы «Жиһаншаның өмірі туралы әңгіме» тарауының негізінде шығарылған. Оқиға желісінде өзгеріс жоқ. Ал, көркемдігі мен образдау жүйесінде ұлттық фольклорға тән бейнелі сөздер мен суреттеулер мол қолданылған. Мәселен, аңызда патшаның баласының жоқ екендігі: «Қазынасында қисап жоқ еді. Бірақ, сондай ұлы патшада бала болмады. Оны орта жасқа келгенде қайғы басты» деп қарапайым тұрғыда баяндау үлгісінде берілсе, дастанда:
Тамузға бала дерті болды түйін,
Баласыз қайғы деген қандай қиын.
Көрмедім бір баланы сүйе алмадым,
Не керек сансыз түймен мал мен бұйым,-
деп басталып, бірнеше шумақтың бойына патшаның ішкі жай-күйін шебер бейнелеген. Әдемі суреттерді баланың өмірге келуін баяндаған тұстарынан да көреміз. «Мың бір түн» бұл иірім басты кейіпкердің өз атынан айтылады да, бір ғана сөйлеммен беріледі. Ал дастанда басты кейіпкер үшінші жақта қолданылған. Баяндаушы – автор.
Оған берген тәңірі артық бақты,
Мінгізген тәңір қалап алтын тақты.
Ханшаның медет кәмәлі тамам болып,
Жетті де ай мен күндей бір ұл тапты.
Әдемілікті, сұлулықты бейнелеу барысында аспан әлемін қолдану, яғни, айға, күнге, жұлдызға теңеу қазақ фольклорында көне дәуірде қалыптасып, дәстүрге айналған құбылыс. Дастандағы басты бейне – Жиһаншаһтың өмірге келуі осылайша сипатталады.....

Рефераттар