Реферат: География | Алясканың экологиялық мәселелері
Аляска – табиғатының әсемдігімен ерекшеленетін жер. Аляскадан әдемі оюланған қарлы тауларды көруге болады. Бұл жерді мұзды, жанартаулы, орманды, тундралы жалаңаш аралдар деп атауға болады. Аляскада көктемде ыстық, ал қыс айларында суық желдер болып тұрады.
Аляска Америка Құрама Штатындағы ең үлкен штат, Солтүстік Америка континентінде орналасқан. Алясканың алып жатқан аумағы 1530,7 мың км². Беринг бұғазы Алясканы Азиядан 82 км-ге (51 шақырым) ғана бөліп тұр. Астанасы – Джуно қаласы. Халқы 626,932 мың адам. Дүние жүзі бойынша халқы жөнінен 48 орын алады. (2000 жылғы желтоқсан айындағы санақ бойынша). Аляскадағы ең ірі қалалар: Анкоридж, Фэрбанкс, Джуно, Ситка, Кетчикан, Кенай, Барроу, Уасилла.
Аляска табиғи контрасты жер: суық желдердің және күннің ыстығы, жаңбыр мен қар бұған себеп болады.
Аляска – ландшафтың тектоникалық өзгерісіне ұшыраған жер. Қазіргі кезге дейін бұл жерді минералы және отын ресрустарына бай деп есептейді. Бұл штат қазіргі кезде экономикасы жақсы дамыған штат. Аляска табиғи ресурстарға бай, мұнай мен газ да өндіріледі.
Аляска жотасы – Солтүстік Американың Тынық мұхит жағалауында, Аляска түбегінің оңтүстік бөлігін қамтып жатқан таулар сілемі, Солтүстік Америкадағы ең биік жер. Ұзындығы 1000 км, абсалют биіктігі 6194 м (Мак-кинли тауы). Жота жас тауларға жатады. Негізгі интрузивті тау жыныстар шөгінділерінен түзілген. Беткейлері тік, қатты тілімденген. Аляска жотасы түбектегі негізгі климаттық және суайрық жотасы жотасы болып саналады. Оңтүстіктегі өте ылғалды беткейлерін (800 м-ге дейін) шыршалы жапырақты орман, одан жоғарысын мәңгі қар мен мұздықтар басқан. Солтүстіктегі ылғалдылығы аздау болып келген беткейлерін (100-1100 м) таулы тундра алып жатыр. Ендік бағытта доғаша орналасқан тау жоталары өте биік болып келеді. Олардың орташа биіктігі 3500 м. Сондықтан Аляска жотасының солтүстік және оңтүстік беткейлерінің климатында үлкен айрымашылық бар. Қаңтар айындағы орташа температура солтүстік беткейлерінде –24 - 30°С болса, оңтүстік беткейлерінде –9 -10°С. Жазы қоңыр салқын. Шілде айының орташа температурасы –12 -14°С. Жотаның оңтүстік беткейлерін Алеут аралдарымен қоса «мәңгі күз» аймағы деп те атайды. Ондағы жылдық орташа жауын-шашын мөлшері 1800-4800 мм. Жотаның Фэруэтэр сілемінде жылдың 312 күні жауын-шашынды (600 мм-ге дейін) болады. Аляска жотасының дүние жүзіндегі ең ұзын Хаббард (145 км) және Ауданы жағынан ең үлкен Маласпина (2,2 мың км) мұздықтары басқан. Жотаны ең ірі бұлан, бизон, қасқыр, қарибу бұғысы, гризли аюы, күдір қодас (овце-бык) мекендейді, ал суларында ең ірі форельдер тіршілік етеді. Қойнауы кен байлықтарына бай. Мұнда алтын, берилий, көмір, темір, платина, сынап, қорғасын және мұнай кендері көптеп кездеседі. ....

Рефераттар