Дипломдық жұмыс: География | Алакөл ойысына физикалық географиялық сипаттама

1.1.Алакөл ойысының географиялық орны, аумағы және шекарасы
Алакөл ойысы Қазақстанның оңтүстік – шығысында орналасқан. Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігі және Алматы облысының солтүстік – шығыс бөлігі осы ойыс үстінде жатыр. Алакөл ойысының көлемі 30000 км 2 -қа тең.
Ойысты үш жағынан таға тәріздес жоталар қоршап жатыр. Солтүстігінде – Тарбағатай, оңтүстігінде – Жоңғар Алатауы, ал шығысында Барлық және Майлы жоталары орналасқан. Алакөл ойысы батысында Балқаш ойысымен, ал оңтүстік шығысында тау аралық өткел – Жоңғар қақпасы арқылы Қытай халық Республикасының территориясындағы Ебінұр көлінің ойысымен ұласады.
Ойыс өзінің пішіні жағынан көп бұрыштылығымен және тегіс еместігімен ерекшелінеді. Ол оңтүстік – шығыстан солтүстік –батысқа қарай 300 км-ге созылып жатыр. Оның жазық бөлінің ені оңтүстік – шығысында 10 км – ден, солтүстік – батысында 100 км – ге, ал орталық бөлігінде Жоңғар Алатауынан Тарбағатай жотасына дейін 150 км – ге дейін барады.
Алакөл ойысының жазық бөлігінде үстірттер мен ұсақ шоқы тәріздес жекелеген аласа таулар кездеседі. Ойыстың оңтүстік бөлігінде, яғни Жоңғар Алатауының батысындағы аласа таулар Сайқан, Арқарлы – Арғанаты, солтүстігінде яғни Тарбағатай тауының оңтүстігінде батыстан-шығысқа қарай Сиректас, Көрпебай, Жайтөбе, Бахты, Балтабай – Арқарлы және тағы да басқа аласа таулар орналасқан. Ойыстың аласа бөліктері – Алакөл және Сасықкөлдегі аралдарда палеозойлық ірге тастары жер бетіне шығып, жекелеген төбе болып кездесіп отырады. Ойыстың көп бөлігі құмды массивтермен көмкерілген. Сасықкөл көлінің оңтүстік- батысында Қарақұм, Сарықұмдар бірте-бірте Тасқара құмдарына ауысады. Алакөлдің солтүстік шығысында Биікқұм, Бармаққұм және тағы да басқа құмдар жатыр. Алакөл ойысының жазақ бөлігі тау алды беткейлерде 800 м – ден батып, Алакөл көлінің бассейндерінде 347 м – ге дейін төмендейді. Алакөл ойысы Солтүстік Кавказ тауларымен, Қырым түбегімен, Румыниямен, Солтүстік Италиямен, Франциямен бірдей бір ендік бойында жатыр. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0