Реферат: Тарих | АЛАШ ИДЕЯСЫ ҚАЗАҚ ИДЕЯСЫ
Алаш қозғалысының тарихи негізгі Ресей отаршылдығының қазақ жеріндегі аса асқынған кезеңінен басталды десек те, Алаш идеясы одан әлдеқайда бұрын өмірге келіп, күні бүгінге дейін елім, жерім деп ұлт болашағын ойлаған әрбір қазақ жүрегінің терең түпкірінен орын тепкен. Өйткені Алаш қозғалысы қазақ қауымындағы отаршылдыққа қарсы бағытталған, прогресске ұмтылған жалпыхалықтық демократиялық қозғалыс еді.
Алаш идеясы – қазақ идеясы. Демек, «Керегеміз – ағаш, ұранымыз – Алаш» дейтін біз үшін ол әрқашан қазақ идеологиясының темірқазығы болып келді, бола береді де. Интернационализм (ұлтсыздандыру) саясатын жалаулатқан кеңес өкіметі жалпы «алаш» атауын құртып – жою үшін барлық амал - айланы қолданып баққаны содан болса керек. Осы мақсат үшін өздері ойлап тапқан тап күресін ғажап пайдаланды: ел үшін екіге бөліп, қақ жарды, тыныш жатқан жұрттың басына әңгір – таяқ орнатты. Бұрын саяси астыртын күреске көп араласа қоймаған, оның құйтырқы әдістерінен хабары шамалы аңқау, аңғал жандар алдын ала құрылған осындай арнайы тұзаққа оп – оңай топырлап түсіп жатты.
Халық алдында беделі бар, оны соңынан ертіп, сөзін өткізе алатын оқыған білімді азаматтарға «ұлтшылдық» деген пәле жабылды, атылып – шабылды. Ең алдымен Алашорда қозғалысына қатысқандарға кешірім жасалды, бірақ соңынан бәрі құрбандыққа шалынды, тірі қалғандары итжеккенге айдалды. Келесі кезекте большевиктерді жақтап, сол арқылы елімді, жерімді гүлдендіріп, ұлттық мүдделерді көркейтемін деп кеңес өкіметінің іргесін қаласқан марқасқа азаматтар қырылып – жойылды.
Мәселен, Алаш ісі бойынша қозғалыс бастаушылары деп танылған Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Халел Габбасов, Мағжан Жұмабаев, Қайреддин Болғанбаев және басқаларының көздері құртылды, алайда репрессия науқаны толастамады.
Бірақ осыдан кейін Алаш идеясы тоқтады десек, бұл шындықпен қабыспаған болар еді. Өйткені күні кешегі Қазақстанда неміс автономиясын құруға бағытталған КОКП ОК Саяси Бюросының қаулысына қарсы Целиноград (қазіргі Астана) қаласында өткізілген Маусым (1979) демонстрациясы да, одан кейінгі Алматыдағы Желтоқсан көтерілісі де (1986) бүгінгі жер үшін, тіл үшін, елдік үшін жүріп жатқан азапты күрес те осы Алаш идеясынан туындап жатқанын қалай жоққа шығара аласыз?
Республикалардың тәуелсіздік белгілерін сақтау жөніндегі қозғалыстың бәрі И.Сталин тарапынан «ұлтшылдық уклон» болып есептелді. Бас хатшының 1922 жылдың қыркүйегінде В. Ленинге жазған хатында тәуелсіздік дегеніміз «ойыншық» нәрсе. Бірақ басқалар оны шын деп ойлайды, соған қынжылады деп атап көрсетті («Известия ЦК КПСС», 1989, № 9). ....

Рефераттар