Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген. Менің Отаным – Қазақстан! Қазақстан ұлан байтақ елім, кіндік қаным тамған жерім! Тәуелсіз мемлекет, өз туы, елтаңбасы, әнұраны бар. Жер көлемі бойынша тоғызыншы орында. Жері кең және құнарлы. Қазақстан кең байтақ, жер асты қазба-байлықтарға толы. Менделеев периодтық .....
Қадыр Ғинаятұлы Мырзалиев, Қадыр Мырза-Әлі (1935 жылы туылған) – ақын, Қазақстанның халық жазушысы (1995), ҚР Әнұранының сөзін жазған авторлардың бірі. ҚазМУ-дың филология факултетін бітірген (1958). 1958 – 93 жылы «Балдырған» журналында әдеби қызметкер, «Жұлдыз» журналында поэзия және сын бөлімінің меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары, «Жазушы» баспасында поэзия редакциясының меңгерушісі, Жазушылар одағы.....
Біз елден шыққанда күн де сәскелікке жақындап еді. Ұшпалы сұр бұлттар көшкен керуен сықылды, тіркесіп оңтүстікке карай жылжып ұшып, күннің көзі біртіндеп ашыққа шығып, жылы шырай нұрын шаша бастады. Әйткенмен солдан соққан салқын жел өзінің өткірлігімен жұқа киімнен ызғарын өткізіп, тоңдырып, сентябрь айының жеткендігін жолаушыға еріксіз ойлатарлық еді. Біз екеу едік. Менің астымда жортақылау тапал торы ат; жүргіштеу. Ер-тоқымым ескілеу, байлардың малға мінетін ер-тоқымы. Үстімде қонған үйімнен сұрап киген шидем күпі. Қолтығымдағы жыртығынан жел өтіп мазамды алыңқырап келеді. Жолдасым отыз-кырықтардың шамасындағы жер ортасы адам, сиректеу сақал,мұрты бар; кара бұжыр, күлімсіреп дөңгеленіп тұрған қара кезді, пішініне карағанда бір түрлі сөйлемпаз адам секілді.Астында қойшылар мінген қаракер бесті, үсті-үстіне ұрып отырмаса кейін қалып қала береді. Жел артымыздан еді, ауылдан он-он бес шақырым шықтық. Жаздай жайлап елдің шаңын шығарып тастаған жайлауын қақ жарып құбылаға бет алып келе жатырмыз. Жанды қарға жоқ.Бірен-саран шалшық сулардың басында ұйлығып отырған топ-топ қаздарды көресің. Елдің жұртында жер ошақтың араларындағы сүйек-саяқтарды, елдің сыртындағы ескі апандардың маңайына тасталған бірен-саран әлімтікке он-он бесі жиналып қарақұс, қарға, өгіз шағалалар той-тойлап жатыр... Жүрген сайын жер өнбегендей, сол ұшы-қиыры жоқ елдің жайлауы бітпейтіндей көрінді. Бір белеске шықсаң алдыңда екінші белес. Мен шықтым. Манағыдай емес, атқа жортқан соң денем жылынып, ептеп мандайымнан тер де шығайын деді. Жолдасымның басында желпен. Елден шығарда бауын мықтап байлап алған. Шабан қаракер үсті-үстіне ұрғызған соң о да бусанайын деді білем, желпенін шешіп алып беліне байлады. Милығына түскен бөркін жоғарырақ көтеріп қойып, қаракерді бір тебініп шаужайлап жіберіп.....
БөкейхановӘлихан Нұрмұхамедұлы (1870-1937) – көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғұлама ғалым, ұлт азаттық қозғалысының теориялық негізін салушы әрі көсемі, қазақтың тұңғыш саяси партиясын ұйымдастырушы және Алашорда үкіметінің төрағасы. Туған жері бұрынғы Семей облысындағы Қарқаралы уезінің Тоқырауын болысы, қазіргі Қарағанды облысының Ақтоғай ауданы. Ата тегі Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тарайтын......
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Бір халық – бір ел – бір тағдыр» Тәрбие сағат мақсаты: Оқушыларды қазақ халқының сан ғасырлық тарихынан мәлімет беру, тәуелсіз еліміздің жетістіктерімен таныстыру. Отан сүйгіштікке, патриотизмге тәрбиелеу. Сынып: 7,8 сынып Көрнекіліктер: Қазақстан Республикасының рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н.Ә Назарбаевтың суреті, нақыл сөздер, Қазақстан туралы әндер слайд, шарлар, гүлдер.