Курстық жұмыс: Қазақ тілі | Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту әдістері

КІРІСПЕ
Бастауыш сынып оқушыларын қажетті білім негіздерімен қаруландырып, оқу материалдарының мазмұнын бүгінгі күннің талабына сай меңгерту үшін оқудың тиімді әдіс-тәсілдерін дұрыс таңдап алып, ұтымды қолдану талап етіледі.
Оқушыларға білім беру барысында мұғалімнің тікелей басшылығымен жүзеге асырылады. Мұғалім оқу материалын сөзбен түсіндіреді. Ал мұғалім сөзі сабақта әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы толықтырылып отырылады.
Білім алуда оқушының оқуға деген талабы, ынтасы, қызығуы және оқудың қажеттілігін сезінуі үлкен рөл атқарады. Бұл жайттарды ескермей, балаларды білім негіздерімен қаруландыру қиын. Сондықтан да ең алдымен оқушыларды білім алуға қызықтыруға, яғни олардың білімге деген ынтасын арттыруға айрықша көңіл бөлінеді.
Бағдарламаға сай қазақ тілі материалдары оқушыларға қалай үйретіледі? Белгілі бір пәнді үйрету барысында оқушылардың әрекетін ұйымдастыруды оқытудың әдісі дейміз. Оқыту әдістерінің қайсысы болмасын, оқушы мен мұғалімнің ара-қатынасын білдіреді. Бұл олардың бірлесіп әрекет ету тәсілдері болып табылады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Сергіту сәттері

1. Орнымыздан тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Бір отырып, бір торып,
Біз бір дем алайық.

2. Күн ұйықтайды.
Күн оянады.
Жел соқты.
Жаңбыр жауды.
Бұлт шатырлады.
Күн ашылды.
Жел басылды.

3. Ұшты - ұшты құлын ұшты.
Ұшты - ұшты мұрын ұшты.
Ұшты - ұшты кептер ұшты.
Ұшты - ұшты дәптер ұшты.
Ұшты - ұшты қарға ұшты.
Ұшты - ұшты арба ұшты. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Әңгіме: Мұхтар Әуезов | Абайдың поэмалары туралы

Абайдың оригиналдық поэмасы үш шығарма: "Масғұт", "Ескендір", "Әзім".

Бұл үш поэманың бәрі де ақынның қазақ өмірінен, соның ішінде бұрынғы шығармаларындай, өз ортасы, өз дәуірінің болмысынан алған шығармалары емес. Үшеуі де шығыстық дастан аңыздардан немесе ертегілік тақырыптардан алынған сюжеттерге құрылады.

Тегінде, Абай бірнеше өлендерінде поэма жазуды өзіне мақсат етпеген тәрізденетін. Сонда Әзірет Әлі айдаһарды жазғаным жоқ, сары ала қызды жырлағам жоқ деп бір кезек айтса, тағы бір уақытта ел шапқан батырды, қызықты қыздырмалап айтсам, қызығып тындар едіңдеп, оқушыны шеней түсетін. Жәй бос уақыт өткізетін қызықшыл, қысыр кеңесті құмарланып тындар едің дейтұғын.

Ондай әңгімелі өлендерден Абай өзі ойлаған өсиеттік, адамгершілік терең тәлім-тәрбие туа қоймайтындай көретін. Өз басының ұзақ ақындық еңбегі бойында Абай поэма жанрына анықтап зер салған жоқ. Тек, кейін тәрбиесінен шыққан шәкірт ақындарына ғана әр алуан тақырыптар беріп, анық поэма дерлік күрделі сюжеті бар шығармаларды соларға жазғызады. Ал, солай бола тұрса да, өзін-өзі тежеп, ақындық шығармаға жанр жағынан да арнаулы қатал талап қойған ақынның, жоғарыда аталған, үш поэманы жазғанын көреміз. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Желілі - рөлді ойын Шаштараз

Мақсаты: Балалардың ойынға қызығушылығын арттыру, өз бетінше ойнай білу қабілетін дамыту, ойын үстінде өзін - өзі ұстай білу мәдениетіне, бір - біріне көмектесуге және жағымды қарым - қатынас жасай білуге үйрету. Ойын жағдаятын қалыптастыру.
Қажетті құралдар: Айна үстелімен, шаш үлгілерінің журналдары, қайшы, тарақ әр түрлі, касса, чек, ақша, тиын, әр түрлі шаш түйрегіштер, машинка, шаш кептіргіш, бейджик, иіссу, сабынсу құтылары.
Рөлдер: Екі шаштараз, үш клиент, бір кассир, тәрбиеші шаштараздың меңгерушісі ретінде.
Балалар шеңбер болып тұрады.
Тәрбиеші:- Балалар қараңдаршы бүгін бізге көп қонақтар келіп отыр, қане бәріміз амандасайық.
Балалар:- Сәлеметсіздер ме?
Тәрбиеші: - Енді барлығың маған қараңдар. Қане барлығымыз қолдарымыздан ұстап жылулық шеңберін құрайық.
Бәрі бірге:
Біз балдырған тең басқан
Дос құшағын кеңге ашқан
Тілегіміз тыныштық .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Кітап – адамзаттың ортақ құндылығы. (8 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Адамзаттық құндылықтар және әлем мәдениеті. Фонетика.
Сабақтың тақырыбы:Кітап – адамзаттың ортақ құндылығы.
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Оқушылар тірек сөздер бойынша тыңдаған мәтінін мазмұндай алады, сөйлеу барысында интонацияның құрамдас бөліктерін орынды қолдана алады.
Сабақтың мақсаттары:
8.1.4.1.- мәтінде көтерілген мәселені (тұрмыстық, әлеуметтік) талдай отырып, негізгі ойды анықтау.
8.4.2.1. – сөйлеу ағымындағы интонацияны құрамдас бөліктері: әуен, әуез,тембр,қарқын,кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдану...
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: 7-сабақ Қағаздан ойыншық жасадық (3 сынып, III тоқсан, 5 бөлім)

Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақмерзімді жоспар бөлімі: Өнер
Сабақ тақырыбы: 7-сабақ Қағаздан ойыншық жасадық
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:
1.3 Тыңдаған аудио/бейнематериалдың мазмұнын түсіну
3.1.3.1* тыңдаған материалдың (ұзақтығы 1,5-2 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру және сюжеттің даму желісі бойынша иллюстрациялар орналастыру/кесте толтыру/мазмұндау
2.1 Сөздік қорды толықтыру
3.2.1.1 берілген тақырыпқа қатысты сөздерді табу және сөйлеу барысында қолдану
2.6 Орфоэпиялық нормаларды сақтау
3.2.6.1 мұғалімнің қолдауымен және айтылуы мен жазылуында айырмашылығы бар сөздерді дұрыс айту
Сабақ мақсаттары:
1. Тыңдаған мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру.
2. Тыңдаған мәтінді тірек сөздер арқылы мазмұндау.
3. Жаңа сөздерді дұрыс жазу және айту.
Оқушылардың барлығы: тыңдаған мәтіндегі сөйлемдердің мазмұнын түсінеді, қолдау арқылы оқыған мәтіннің мазмұнын айтады.
Оқушылардың көпшілігі: тыңдаған мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, мәтінді тірек сөздердің көмегімен мазмұндайды, айтылуы мен жазылуында айырмашылығы бар сөздерді дұрыс айтады.
Оқушылардың кейбірі: жағдаятқа қатысты өз кеңестерін айтады. ....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Өлең: Жұбату (Қазақ ауыз әдебиеті)

Өтпейтін өмір жоқ,
Сынбайтын темір жоқ.
Қияғы бүтін сұңқар жоқ,
Тұяғы бүтін тұлпар жоқ.
Шудасы бүтін түйе жоқ,
Кекілі бүтін бие жоқ.
Жанып бітпес көмір жоқ,
Жабырқамас көңіл жоқ.
Батпайтын күн жоқ,
Атпайтын таң жоқ.
Отырсаң ойлап, әлемде
Өлмейтін жан жоқ.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Баяндама: Ізденімпаз ұрпақты ғылыми жобаға баулу – ұстаздың құзыреттілік тәсілі

Жаңашылдық іс-әрекеттер қазіргі таңда мұғалімдер арасында кең өріс
алуда. Атап айтар болсақ, оқушылар мен студенттерді зерттеу іс әрекетіне
баулу. Білімге деген қызығушылық, бақылауға тырысушылық, тәжірибе
жасауға дайын болу, бүкіл әлем туралы жан-жақты мәлімет жинауға
талпынушылық қасиеттер бүгінгі......
Баяндамалар
Толық
0 0