Реферат: Физика | Қатты денелер

Біз қатты дене жершарының бетінде, қатты денелерден салынған құрылыстарда-үйлерде өмірсүріп жатырмыз. Біздін денеміздең құрамында шамамен 65% су болғанын өзіде (мйда 80%) олкатты денеге жатады. Қатты денелердің қасиеттерін білу тіршілік үшін қажет.
Қатты денелер сұиықтар сияқты өзінің көлемін ғана сақтап қоймады, сонымен бірге пішінін де сақтай алады. Олар негізінен кристал күйде болады екен.
1)Кистал деген.
Кристалдар-атамдары немесе малекулалары кеністікте белгілі орындалып, реттеліп орналасқан қатты денелер. Кристалдың сыртқы пішіні дүрыс яғни бірқаліпті болуында осған байланысты.
Мысалы: кәдімгі ас тұзы тұиіршігінін бір-бірімен тік бұрыш жасап тұрған жазық жазық тоқтары бар. Мұны лупа арқылы астұзын қарап байқауға болады. Ал қар құлауының пішіні геометриялық шағыннан қандай дұрыс дегенімізше ! Мұндай да кристалл қатты дененің-мұздың ішкі құрылысының геметриялық дұрыстығы бейнеленген.
2)Кристалдық күйлердің айрықша белгілері.
Табиғаттағы днелердің көпшілігінің құрлымы кристалдық болып саналады.
Мысалы:барлық минералдар немесе барлық талдар қатты күйінде кристалл болып табылады.
Бірәқ сыртқы пішіні дұрыс болып келуі кристалдық реттелген құрылысының жалғыз ғана ең басты салалары бола алмай»ды. Бастысы-физикалық қасиеттердің кристалды таңдалып алынған бағытқа тәуелділігі. Ең алдымен, кристалдық механикалық біріктірігінің әртүрлі бағытта түрліше болатыны көзге түседі.
Барлық бағыттар бойынша қасиеттері бірдей болатын денелерді изотопты деп атайды. Кейбір газдар мен сұиықтардаң басқа барлық сұйықтар немесе оларды қатты денелер изотопты болып саналады.....
Рефераттар
Толық
0 0

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Жақсыдан үйрен Ыбырай Алтынсарин «Малды пайдаға жарату» (3 сынып, I тоқсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Бөлім: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Сабақ тақырыбы: Жақсыдан үйрен Ы.Алтынсарин «Малды пайдаға жарату»
Оқу мақсаттары: 3.2.3.1 шығарманың тақырыбын анықтау және негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін, сөйлемді анықтау
3.1.5.1 өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізу
3.2.6.1 кейіпкерлердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен дәлелдер келтіріп бағалау
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: мәтінді түсініп оқып, мәтіннің мазмұнын жүйелі баяндайды;
Көпшілік оқушылар: сөйлеу барысында көркем сөздерді орынды қолданады; шығарманың тақырыбы мен негізгі ойын анықтай алады.
Кейбір оқушылар: кейіпкерлердің іс-әрекетіне қатысты өз көзқарасын білдіреді.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Шығарма: Отан

Отан дегеніміз өзіңнің туып өмір сүрген жерің. Әр-бір адам өз отанын жақсы көреді. Отанды әр-бір жігіт қорғауы керек. Бұл әр-бір жігіттің міндеті.......
Шығармалар
Толық
0 0

Баяндама: Математиканы оқыту арқылы оқушыны шығармашылыққа баулу жолдары

Қазіргі заманғы білім беру тұжырымдамасының бағыты-ізгілікті жеке тұлғаны қалыптастыру. Қазақстан Республикасының «Білім туралы » заңында «Білім беру жүйесінің басты мақсаты-ұлттық жеке адамзаттық мәдени құндылықтар негізінде жеке тұлғаның қалыптасуына қажетті жағдай жасай отырып,оның шығармашылық қабілетін дамыту» деп атап көрсетілген. Осыған орай мектеп мұғалімдерінің алдында оқушыға білім-білік дағдыларын игертіп қана қоймай,қабылдауын, ойлауын, қиялын, сезімдерін, ерік-жігерін,яғни оқушыны жан-жақты дамыту міндеттері.......
Баяндамалар
Толық
0 0

Ертегі: Алтын ат

Баяғы заманда бір хан болыпты. Оның жалғыз баласы бар екен. Өзі жалқау көрінеді. Бір күні ол ұйықтап жатып түс көреді. Түсінде бір жағынан ай туып, бір жағынан жұлдыз шығып тұр екен. Бұл түс жалқау балаға қатты әсер етеді. Ертеңінде орнынан тұрып, көрген түсін іздеп шығады. Бірнеше күн жүріп, бір қаланың шетінде сиыр бағып жүрген таз балаға кезігеді. Қасына жақындап, сусын сұрайды. Сонда таз бала ханның баласынан:

— Қайдан келе жатқан жолаушысың......
Ертегілер
Толық
0 0

Реферат: Қазақ әдебиеті | Мұзафар Әлімбаев

Мұзафар Әлімбаев — Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, қазақ әдебиетінде соғыс сұрапылын бастан кешіп келген қаламгер шоғырының бірі. Туған жері Маралды атырабында — Павлодар облысы, Шарбақты ауданындағы Маралды ауылы. Әнші-күйшілердің, ақын-жыраулардың думан құрған өнер төрінде, солардың тәтті сазын, татымды сөзін қаршадайынан құлағына құйып өскен. Мұзағаң 5 жасында әріпті әліп деп біліп, кітап оқи бастаған. 6 сыныпта ауыл кітапханасының бір қыста 150-ден аса кітабын тауысып, «Бауырсақтан» бастап», «Батырлар жырын» ортаға ала, А. С. Пушкиннің 4 томдығын тауысады.
Мазмұны
1 Жетімдік
2 Сұрапыл соғыс
3 Ақындық бақыты
4 Шығармалары
5 Әскери атағы
6 Қазақстанның болашағы туралы болжамы
7 Хоббиі
8 Отбасы
9 Фильмдер
10 Пайдаланған әдебиет
Жетімдік

Әкеден 8 жаста, шешеден 13 жасында айырылып, «Туар-тумастан тоналған ұрпақтың өкілі…». Сол тұста жетімектің кім екенін, жетімдіктің зіл мен мұң екенін анық та толық сезді. 1932-33 жылғы алапат аштықты көлденең көзбен көріп емес, өз басынан өткерген. 1937 жылдың сталиндік сойқанында халықтың зиялы ұл-қыздарын зорлық-зомбылықпен оққа байланғанын өз көзімен көріп, үрейі ұшқан ұрпақ. Осы тұста тырнақалды өлеңін жазды.
Өкінемін ерте өмірдің өткеніне,
Көре алмай қызығымды кеткеніңе.
Өзгелер өз баласын еркелетсе,
Жетімдік сүйегіме жетпеді ме?!
Сұрапыл соғыс

Соғыс басталғанда он сегізге толар-толмаста болған М. Әлімбаевтың педучилищені енді бітірген кезі еді. Соғыс комиссарына арыз берді, бірақ оларды маңайына жолатпады. Сөйтсе, үкімет арнайы ұлттық құрамалар даярлап жатыр екен, сол үшін оларды сәл күттіріпті. Әйтеуір 1941 жылдың желтоқсанында соғысқа шақырылып, Павлодардан Семейге, Семейден Талғарға келіп, бір ай саяси жауынгерлер бригадасының 120 мм миномет дивизионына барды. Үш жарым айдай қатардағы жауынгер, сосын саяси жұмыстар жөніндегі жетекшінің орынбасары болды. (замполитрук) Калинин майданында Ржевтің түбінде 1942 жылдың қарашасынан ұрысқа кірісіпті, 1943-тің шілдесіне дейін соғысты. Сол кезде саяси қызметкерлер институтын жойып, жауынгер командир етіп даярланып, танк батареясының командирі болды. Соғыс біткесін Мұзафар Әлімбаевты Шығыс Германия жерінде әскери қызметке алып қалып, одан елге … 1948 жылы оралады. Майданда туған көп ақынның бірі — Мұзафар Әлімбаевтың «Батырға» деген бірінші өлеңі 1944 жылы 17 сәуірде Балтық майданының «Жауға қарсы аттан» газетінде жарияланған. Кеңес Одағының батыры Мәлік Ғабдуллинге арналған осы өлеңінде:

Баста алға батысқа,
Ініңнің күші өскелең, — деген артиллерист, лейтенант Мұзафар «өскелеңдігін» тек соғыс майданында ғана емес, әдебиет майданында да көрсеткен. М.Әлімбаев комсомолец кезінде ауылдан аттанып, арада жеті жарым жыл өткенде коммунист, жауынгер командир, офицер-танкист атанып, үйге оралды. Уақытты бағалауды, өмірді қадірлеуді, Отанды қастерлеуді үйреніп қайтты.
Ақынның «Ту тіккен» дастанында Рейхстагқа алғаш ту қадағандардың бірі Рахымжан Қошқарбаевтың жан-дүниесін, қаһарман ерлігін шабытпен жырлайды. Бұл дастанда Советтік Қазақстанның саңлақ перзентінің сүйкімді бейнесі нанымды мүсінделген. Ал «Жүрек лүпілі» атты кітабында қазақ жерінің, кешегі Отан соғысының отты күндері жырланады. Мұзағаңның соғыстан кейін туған «Қарағанды жырлары», «Менің Қазақстаным», «Естай - Қорлан» секілді туындылары сол кезеңдегі қазақ поэзиясының .....
Рефераттар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Нәтиже сабақ Мен не үйрендім? (3 сынып, IV тоқсан, 7 бөлім)

Пән: қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7-бөлім «Су – тіршілік көзі»
Сабақ тақырыбы: Нәтиже сабақ Мен не үйрендім?
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:
3.2. Мәтіннің мазмұнын түсіну
3.3.2.1. жиі қолданатын сөздер мен фразалардан құрастырылған шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну.
2.1 Сөздік қорды толықтыру
3.2.1.1 берілген тақырыпқа қатысты сөздерді табу және сөйлеу барысында қолдану
4.1 Мәтінді түрлі формада ұсыну
3.4.1.1 тірек сөздер, сызбалар, суреттер, символдарды қолданып, постер/мәтін құрастыру
Сабақ мақсаттары:
Оқушылардың барлығы: оқыған мәтіннің мазмұнын түсінеді, тақырып бойынша сөздерді қолдау арқылы қолданады
Оқушылардың көпшілігі: оқыған мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады, тақырып бойынша сөздерді қолданады, сурет бойынша әңгіме құрап жазады
Оқушылардың кейбірі: Мәтін мазмұнына қатысты сұрақтар құрастырады, тақырып бойынша ойын сауатты жеткізеді....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Географиядан сабақ жоспары: Ғаламдық проблемалардың аумақтық көріністері (10 сынып, IV тоқсан)

Пән: География
Ұзақ мерзімдік жоспардағы тарау: Адамзаттың ғаламдық проблемалары
Сабақтың тақырыбы: Ғаламдық проблемалардың аумақтық көріністері
Оқыту мақсаты: 10.7.1.4 ғаламдық проблемалардың аумақтық көріністерін анықтау
10.1.1.1 зерттеу тақырыбына сәйкес салыстыру әдістерін қолдану
10.1.1.2 зерттеу тақырыбына сәйкес сандық әдістерді қолдану
10.1.1.3 зерттеу тақырыбына сәйкес аудандастыру әдістерін қолданады
Сабақтың мақсаты: Оқушылар ғаламдық проблемалардың аумақтық көріністерін анықтай алады. Ғаламдық проблемалар бойынша дүниежүзінде аумақтық көріністерін анықтауда салыстыру, аудандастыру әдістерін қолданатын болады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Өмірбаян: Айбек Қалиев (1978 жылы 19 сәуір)

Айбек Қалиев (19.4.1978 жылы туған, бұрынғы Торғай облысы Жангелді ауданында Тәуіш ауылында) - айтыскер ақын. Астанадағы Еуразия ұлттық университетін бітірген (1998). 1998 - 2001 жылдары Қазақ аграрлық университетінде оқытушы, 2001 жылдан Астанадағы Еуразия ұлттық университетінде оқытушы болып қызмет етеді. Бірнеше айтыстардың жүлдегері.[1]
Қалиев Айбек Киікбайұлы 1978 жылы, 19 ақпанда Торғай облысы, Жанкелдин ауданының Тәуіш ауылында дүниеге келген. 1994 жылы Қаратүбек орта мектебін, 1998 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетін үздік бітірген.
1998-2001жылдары Қазақ Аграрлық университетінің қазақ тілі кафедрасында ассистент, оқытушы, аға оқытушы.
2001-2009 жылдары Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде қазақ әдебиеті кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы, доценті қызметін атқарған.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0