Балабақша | Математикадан дидактикалық ойындар
Қарағанды қаласы,
№ 42 "Тілек" балабақшасының тәрбиешісі
Сакенова Калкен Сериковна
№ 42 "Тілек" балабақшасының тәрбиешісі
Сакенова Калкен Сериковна
«Біреу және көп» дидактикалық ойыны № 1
Мақсаты: «Біреу және көп» ұғымын ажырата алуға үйрету.
Тәрбиеші балалардан заттардың арасынан бір және көп заттарды табуды өтінеді. Мысалы: сағат біреу-ойыншық көп; тақта біреу-парта көп; бір аквариум-көп гүл.
Үшбұрыш үйшікке кіріп, жарықты жағып, сонда тұра бастады. Бір уақытта біреу есікті қағады. Үшбұрыш: «Бұл кім?» деп сұрайды. Шаршы көрінеді. Балалар оны атайды, егер балалар атын атауға қиналса, тәрбиеші өзі атайды. Бәрі бірге оның бұрыштарын санайды, барлық қабырғаларының бірдей екендігін атап өтеді
«Шаршы құрастыр» дидактикалық ойыны № 2
Мақсаты: Балаларды бөлшектерден бүтін бір зат құрастыруға үйрету.
Балалар ақ шаршының үстіне бөліктерге бөлінген түрлі-түсті шаршыны құрастырып қояды. Бөлшектерден бүтін бір зат жасайды. Балалар қиналған жағдайда тәрбиеші оларға көмектеседі. Шаршының қанша бөліктен тұратынын санайды....
KZ