Сабақтың мақсаты: Қазақстанның қиын қыстау кезеңіндегі іс-қызметіне тоқтала отырып, соғыс жылдарындағы Кеңес Одағының халықтары сияқты, Қазақстан еңбекшілерінің де жоқшылық пен ауыртпалықтарға қарамастан, Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігін қарақшы жау - фашизмнен ерлікпен қорғағанын және тылда болашақ үшін тамаша еңбек еткені жайлы толық түсінік беру......
Баяғыда бір Құламерген деген батыр, өзі аңшы жігіт болыпты. Батырлығы елге жайылған адам болады, оның өзіне лайықты сұлу әйелі болады. Сол елдегі хан әр жерден сұлу әйел іздеп сұрау салады екен. Бір күні ханға бір мыстан кемпір келеді. «Сізге мен лайықты адам табайын, менің үйімде тазша балам бар, соған қызыңды берсең», – дейді мыстан. Хан бұған келісіп: — Енді, маған лайықты сұлу әйел ізде! – дейді. Құламергеннің әйелі бір күні дарияның жағасына барып басын жуып отырғанда, бір буда алтын шашы суға ағып кетеді. Бұл шашты мыстан кемпір тауып алып ханға апарады.......
... Қоңыр күздің мезгілі, сентябрьдің бас кезі еді. Ел орынға отырған уақытта жарық айлы тыныштығы мол түнде қалың таудың ішімен үш салт атты келе жатты. Жүргіншілер келе жатқан қабат-қабат биіктің арасында жатқан жіңішке өзек кейде тарауланып көп салаға бөлініп, кейде иін тірескен биік тік жартастардың арасынан жалғыз аяқ жолдай болып жіңішкеріп, жыланша иіріледі. Қонарлық жерге кешігіп қалып, жетуге асыққан жолаушылар осы өзекті өрлеп желіп келе жатыр. Жарық айлы тынық түнде таудың ішіндегі ұлы тыныштықты бұзып тұрған дыбыс — тастақ жолмен жүріп келе жатқан аттылардың тықыры ғана. Бұдан бөтен ешбір дыбыс жоқ. Табиғат тастай қатқан жым-жырт. Жолаушылардың үшеуі де жас жігіттер. Жақсы киініп, семіз ат мінген бозбалалар еді. Бұлардың екеуі Ырғайлы болысының оқыған жігіттері — Сыздық пен Сүлеймен. Үшіншісі — ел ішінің жігіті, бұлардың жолдасы — Есімжан. .....
Стилистика – тіл мамандарын дайындайтын факультеттердің бәрінде оқытылатын негізгі пәндердің бірі. Оны оқытудың теориялық та, практикалық та маңызы зор. Курстың мақсаты – студенттерді стилистиканың негізгі мәселелерімен, стильдерді тілдік ұйымдастыру ұстанымдарымен, тілдік құралдарды сөйлеуде қолдану заңдылықтарымен таныстыру. Бұл пән студенттер мен оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға көмектеседі. Жоғары оқу орындарында филолог маман дайындауда стилистика курсының міндеті – студенттерді тілдің стилистикалық ресурстары туралы, стилистикалық нормалар туралы, олардың тарихи өзгермелілігі және тілді қолдану жағдайына байланысты әртүрлі варианттарға ие болып келетіндігі туралы мағлұматтар беру; тілдік құралдарды пайдалану контекстің стильдік реңіне байланысты болатындығы....
Қазақ елі - Ұлы Дала елі деген киелі ұғымдар уақыт арнасымен сан қилы дәуірді бастан өткерген халқымыздың өткені мен бүгінгі хал-күйінен хабар беретіндей. Отанға деген шынайы махаббат, бүгінгі ұрпақ алдындағы ата-бабаларымыздың аңсаған еркіндігі Ұлы Жеңіске жеткізді. Қазақ елі қазақ хандығын құрудан басталған қасиетті борыш «Мәңгілік Ел» идеясына негіз болып, Қазақстанның өсіп-өркендеуіне жол ашатын басты жоба болды. Қазақ елінің тамыры тереңге жайылған ел тарихынан сыр шертер болсақ, біз қазақ не көрмедік, қаншама қиын қыстауларды, ашаршылық пен соғыс (әдейі ұйымдастырылған ашаршылық пен 1941-1945жж Ұлы Отан соғысы, 1979-1989 жж арасындағы Ауған соғысы мен қатар кешегі 1986 ж 16 желтоқсанның қанды оқиғасы) елден жыраққа кетіп тілімізден айырылу, барлығын бастан кешірдік. Бірақ осының бірде-біріне қаймықпастан кешегі өткен батыр аға-апаларымыз болмаса бүгінгі күнгі Тәуелсіздік жолына аман-есен жетерме едік? Болашақ ұрпақ үшін жанын аямай, өз өмірін қазақ елі үшін қасық қаны қалғанша күресіп бізге аңсаған еркіндікті алып берді. Міне, осының өзі - Мәңгілік елдің шаңырағы болып табылды. .....
1. Діни экстремизм жайлы, экстремистік ұйымдармен күрестегі мемлекеттік саясат жайлы түсінік беру. 2. Деструктивті ұйымдар және оның түрлері, діни секталар немесе ұйымдарға тартуға әрекет жасау жағдайлары. 3. Лаңкестіктің анықтамасын, сипаттамасын беру, түрі мен әдістеріне тоқталу. Тақырыптағы өзекті мәселелер. Тарихында діни нанымдары және діни саналары болмаған халық жоқ десек болады. Сонымен қатар, дінге көзқарас әр дәуірде әртүрлі болды. Біздің елімізде 100 ден аса этностар тұрады және көптеген діни одақтар бар. Мұсылман діні мен христиан дініне құлшылық ететіндердің саны 90%- ға жететін болса, бұдан басқа да буддизм, католицизм, протестанттық және т. б. діндер тараған. Қазақстан тәуелсіздік алып, өзін демократиялық құндылықтарды бағалайтын тәуелсіз мемлекет ретінде жариялай отырып, соның бір айғағы етіп діни ұйымдардың іс - әрекетіне мемлекет тарапынан шектеуді алып тастау, азаматтарды діни көзқарастар үшін қудалауды тоқтату – осының барлығы елімізде «діни толқуларға» алып келді. Тәуелсіздік жылдар барысындағы діншілдер қауымының саны 6 мыңға жуықтады......
Мақсаты: Сәби шағынан бастап балабақшаға бауыр басқан бүгінгі бүлдіршіндерді өнер әлеміне жетелей отырып, қызығушылығын ояту. Балалар арасында достық қарым – қатынас қалыптастыру.
Жүргізуші: Армысыздар қымбатты ата - аналар балабақша ұжымы! Біз бүгін бірнеше жыл мәпелеп, күтіп тәрбиеленген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып мектепке шығарып салғалы отырмыз. Өтті қызық көп күндер, Алты жасқа жеттіңдер, Барасыңдар мектепке Бір белестен өттіңдер. Өсті ақыл, ойларың, Өсті міне бойларың, Қуанышқа ортақпыз, Құтты болсын тойларын – деп, Сүйікті балабақшасымен, қимастықпен қоштасатын балаларымызды құрметпен қарсы алайық.
Балалар музыкамен кіреді.
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар Қазақстан Гимн орындалады (хормен) Жүргізуші: Мектеп ана шақырады бізді алдан, Алдымызда әлі талай сан арман. Қоштассақ та балабақшам сенімен, Санамызда өзің берген өнегең – деп, Бүлдіршіндеріміз мектепке баруға дайын екендігін дәрігер апайдан сұрап көрейікші. Дәрігер апай келеді. Дәрігер: Сәлеметсіңдер ме балалар! Балалар: Сәлеметсіз бе дәрігер апай. Жүргізуші: Дәрігер жолдас .....
Өмірдегі қадірлі орын - мұғалімдікі. Мағжан Жұмабаев
«Ұстаздық - ұлы құрмет». Небір данышпан адамдар, қарапайым еңбеккерлер де бәрі бір адамға қарыздар. Ол-алғашқы ұстаз. Әрбір адамның алғашқы ұстазы болады. Менің алғашқы ұстазым мектеп табалдырығын қорқынышпен аттаған кезімде, өз мейірімділігін көрсетіп, ең алғаш қолыма қалам ұстатты. Біздің білім алатын ұямыз- мектеп екенін түсіндіріп,мектеп ережесімен таныстырып, мектеп ішін аралатты. Енді оқушы болдыңдар дегенде өзімді ерекше сезіндім.
Алғашқы ұстаз былайша айтқанда, мектептегі екінші анамыз. Менің сүйікті де алғашқы ұстазым - Нәзира Мұратжанқызы анамдай болып кетті. Ал ана әрбір адам баласына қымбат жан. Ананы қалай ардақтасақ, ұстазды да солай ардақтаймыз.Ұстазымыз әрдайым бізді жылы жүзімен қарсы алатын.Ұстазымды алғаш көргенде, бірденнен биік шеберлігімен, қарапайымдылығымен, адамгершілігімен бізді баурап алды. Нәзира апай бізге білім беруге бар күшін салып ат салысты Көңілі пәк,ойы нәзік шәкірттерінің жүрегіне ақыл дәнін септі. Бізді оқуға, есеп шығаруға, ойымызды айтуға үйретті. Апайымыз біздің тәртібімізге, тазалығымызға қатты мән беретін. Барлық сабақтарын тартымды әрі қызықты өткізетін. Бізді сабаққа қызықтыру үшін сыныптан тыс іс-шараларды да жиі ұйымдастыратын. Ол әр уақыт керек кезде көмегін аямай, ақылын айтып, жол көрсетіп отыратын дана адам.......