Шығарма: Мен кімге ұқсағым келеді?

Өзімнің шығармамды тарихта қалған 1986 жылы желтоқсан оқиғасының бас қаһарманы Қайрат Рысқұлбеков туралы жазғым келді. Мойынқұм өңірінде, Бірлік селосында шопан отбасында дүниеге келген.

Қайрат ағамыз қайсар рухты......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Егерде мен президент болсам

Президент болу дейсізбе? Алаштың ер азаматтары тұрғанда қыз басыммен не айтарымды да білмей тұрмын, дегенмен де өз пікірімді қосайын. Президент болу әрине оңай емес, ол үшін адамның бойында үлкен тіпті дара ойлар мен мақсаттар, табандылық пен шыдамдылық, сарқылмас білім керек. Қиялға біраз еріп көрейін: Мен егер президент болсам ең бірінші жастардың дұрыс қалыптасуына ықпал етер едім, өйткені елдің болашағы жастар. Сапалы да саналы жас жеткіншектерден үлкен тұлға қалыптастыруға көп көңіл берер ем. Неге? Өйткені біз тек қана бүгін бармыз, ал жастар келер ұрпақ, олар біздің ізімізді жалғастырушылар. Ата бабамыздан қалған үлкен асыл байлығымыз. Тәуелсіздігімізді сақтау үшін бізге мықты, саналы, сауатты адамдар керек.......
Шығармалар
Толық
0 0

Географиядан сабақ жоспары: Географиялық қабықтың құрамы мен құрылысы (8 сынып, III тоқсан)

Пән: География
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Физикалық география
Сабақ тақырыбы: Географиялық қабықтың құрамы мен құрылысы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)8.3.5.1 географиялық қабықтың құрамы мен құрылысын графикалық түрде көрсетіп, түсіндіреді
Сабақ мақсаттары: Географиялық қабықтық құрамын анықтау, графикалық түрде көрсету ....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Әңгіме: Бейімбет Майлин | Некеқияр

Екі перделі пьеса

ҚАТЫСУШЫЛАР:

Қайралап – қыз әкесі, 60 жаста.
Қалампыр – қыздың шешесі, 50 жаста.
Зәуре – Қайралаптың қызы, 18 жаста.
Ылаңбай– атқамінер, парақор, 50жаста.
Кәрім – құда, 40 жаста.
Жәлен – күйеу, 30 жаста.
Жомарт – күйеу досы, 30 жаста.
Милиционер –25–30 жаста.
Рахмет –25 жаста.
Молда
Сары қатын
Қыз
Келіншек
Жігіттер

БІРІНШІ ПЕРДЕ

Үйде Кәрім, Жомарт, Жәлен үшеуі. Кәрім шынтақтап жатыр. Жомарт шалқасынан жатыр. Босаға жақта бөрікті бұқтырта киіп Жәлен отыр.

Бірінші көрініс

Кәрім (шымылдық ашылған соң, біраздан кейін Жомартқа қарап). Бай-бай... Шалқуың-ай! Жартыбайдың үйіне Дүйсенбай болыс келгенде тап осылай жататын...

Жомарт (күлімсіреп басын көтеріп). Дүние кезек: бір кезде болыс шалқайса, енді мен шалқаймаймын ба?.. (Жәленге қарап.) Осыған кейігеннен жатырмын.

Кәрім (кейіп). Әй, енді бұ да шала өлтіріп отыр. Апырм-ау, адам деген айтқанды істеп шыға алмас болар ма? Кеше ауылдан шыққалы қақсадым: «Үлкендеу әйелдер, бойжеткен қыздар келсе ұшып тұрып, иба ғып сызыла ғой» деп... Мелшиіп отырады да алады... Түйедей-түйедей қыздар келіп жатыр, солармен ілесіп сөйлесіп, адам деген бір жасап қалмас па? Сомпиып күйеу отырған соң, олар қайтсін, кетеді де қалады... Әлгіде Үкібас үйіндегі құдағи келді: осы ауылдағы әйелдің ішіндегі тілдісі, адуыны сол. Сондай адамдарға сөзге мерт қылу деген өлім ғой... Ол кіріп келгенде, мынау мелшиіп отырып алып еді, әзілі аралас бірталай сөз айтып, шаңымызды аспаннан келтірді.

Жомарт. Осы өзім күйеу болмай, жұрт күйеуге жарымас: әлгідей құдағилар келгенде, шымшып-шымшып алармын ғой...

Жәлен. Көкетайлар-ау, біреуің «тұр» дейсің, біреуің «тұрма» дейсің, қайсыңның тіліңді алайын? Дұрысын айтыңдаршы, көкетайлар!

Кәрім. «Тұрма» деген кім?

Жәлен. Мына Жомарт айтты: қыз, қатын келгенде,түрегеліп сызылу бұл күнде қалған деді, тұрмай отыра бер деді. Әй, Жомарт, сен осылай дедің.

Кәрім (Жомартқа). Тұра қал. Сен қайдан шығарып жүрсің оны?

Жомарт (сасып). Маған жүрерде Жалақтың қатыны айтып еді.

Кәрім. Әй, ойбай!.. Жалақтың қатынынан үлгі алған соң сендер не оңайын деп едіңдер. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Агрономия | Картоптың вируссыз отырғызу материалын алу және оны көбейту

Картоп маңызды ауылшаруашылық дақылдарының бірі болып табылады. Халық санының өсуі және ашаршылық деңгейінің жоғарылауы жағдайында БҰҰ Ассамблеясы, ғалымдардың пікіріне сүйене отырып, келешекте адамзаттың азық түліктік қауіпсіздік мәселесін тек қана картоп шеше алады деп және бұл саланың дамуының стратегиялық маңызын есептей отырып, әлемдік қауымды картоптың рөліне аударуда [1].
Қазақстан бойынша картоп дақылының орташа өнімділігі 10-12 т/га аспайды. Қазақстанда жыл сайынғы түйнектік репродуция үрдісінде өнімнің төмендеу тенденциясы, вирустық инфекциямен зақымдалу себебінен, картоптың элиталық тұқым шаруашылығындағы негізгі күрделі мәселелердің бірі болып табылады.
Ауылшаруашылық кәсіпорындарда, фермерлік және жеке шаруашылық қожалықтарында сортжаңарту және сорталмастыру үшін жоғары репродукциялық сертификацияланған тұқымдық материалмен қамтамасыз ету әлі күрге дейін жөнге қойылған жоқ және картоп дақылының тұқымшаруашылығында ең бір өзекті мәселе болып отыр.
Картоп дақылының өнімділігін жоғарылатудың бірі, оны вирустық инфекциядан сауықтыру. Вирустық аурулар картоптың өнімділігін төмендетуде негізгі рөл атқарады. Түйіндер инфекцияны жинап, репродукциядан репрадукцияға беріп отырады [2].
Картоптың сауықтырылған тұқымдық материалын әр түрлі әдістермен алуға болады, бірақ ең кепілді сапа, апикальды (ұштық) ұлпа әдісін пайдаланып in vitro көбейткенде қамтамасыз етіледі. Өсу қалемшелерін микроөсімдіктерді клондау әдісімен үйлестіру және минитүйнек өсіру элитаның жоғары сапасын қамтамасыз етеді, бірақ өте қымбат.
Қоректік ортаны оңтайлау жолымен, минитүйнектер алуда, in vivo жағдайында жақсы бейімделу үшін, картоп көшеттерін жылы жай жағдайында өсіруін жалғастыру, отырғызу материалын алуда шығынды азайту жолдарын іздеуді қажет етеді.
Сол себепті, картоптың тұқым шаруашылығын сауықтырылған бастапқы материал негізінде жүргізуге негізделген жұмыс тақырыбы өзекті мәселелердің бірі болып есептелінеді. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Аспаптар үні №3 сабақ (3 сынып, III тоқсан, 5 бөлім)

Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өнер
Сабақ тақырыбы: Аспаптар үні №3 сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:
3.2 Мәтіннің мазмұнын түсіну
3.3.2.1 жиі қолданылатын сөздер мен фразалардан құрастырылған шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну
4.1 Мәтінді түрлі формада ұсыну
3.4.1.1 тірек сөздер, сызбалар, суреттер, символдарды қолданып, постер/мәтін құрастыру
Сабақ мақсаттары:
• Оқыған мәтіннің мазмұнын түсіну және негізгі ойды анықтау
• Тірек сөздер мен суреттер қолданып, мәтін құру
Оқушылардың барлығы: оқыған мәтіннің мазмұнын түсінеді, қолдау арқылы сұрақтарға жауап береді, тақырып бойынша сөздерді мәтінде қолданады.
Оқушылардың көпшілігі: мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, тірек сөздерді орынды қолданып, мәтін құрастырады.
Оқушылардың кейбірі: аспаптардың ерекшелігін ажыратып, басқа халықтардың аспаптарға ұқсастығын анықтайды......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0