Балабақша сабақ жоспары: Біз күштіміз ептіміз

Күні: 24.11.17 ж
Тобы: «Балдырған»II-кіші топ
Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Жаратылыстану

Тақырыбы: Біз күштіміз,ептіміз.

Мақсаты: Жабайы жануарларды танып,атай білуді және сыртқы ерекшеліктерін ажырата білуді,олардың қимылдарына еліктеп жаттығулар жасауды (қоян болып секіру,аюдай қорбаңдап жүруді) үйрету.
Әдіс - тәсілдер: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап
Көрнекілігі: Жануарлардың суреті, АКТ
Билингвалды компонент: Қоян-Заяц-Rabbit, Аю-Медвед-Bear

Іс-әрекет кезеңдері Уақыт Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы

2 мин


Дөңгелек пішіндерді түстеріне сәйкес орындықтарын тауып отырғызу.
Балалар дөңгелек пішіндерді түстеріне сәйкес орындықтарына тауып отырады.
Іздену-ұйымдастырушы















5 мин

Шаттық шеңбері.
Алақанды ашайық,
Күннің нұрын салайық,
Таза ауаны салайық,
Жиналған бар шуақты
Қонақтарға сыйлайық.

Жабайы жануарлармен таныстыру.
АКТ пайдалану

Ойын: «Жабайы жануарлардың төлін тап!»
Балалар шеңбер құрып отырады. Жабайы жануарлардың төлін тауып береді.


Сергіту сәті: «Сұр қоян»

Ойын: «Мемика» (Іс-қимыл)
Жабайы жануарлардың іс-әрекетің қимылдарын салу.

Сәйкестендіру: Жануарлар немен қоректенеді?


Жұмбақ:
Өзі айлакер,өзі қу ,
Жүрген жері айқай шу.
(Түлкі)
Өзіне болған қорған,
Орманда бірақ,
Етеді қорбаң,қорбаң
(Аю)

Тіл ұстарту жаттығуы
Ян ян ян
Жүгіріп жүр қоян,
Ян ян ян
Бұл қоян емес,шаян
Балалар шаттық шеңберді орындайды.
«Бас бармақ»әдісі арқылы бағалау.

Балалардың барлығы қатысады.
Сергіту сәтін орындады.
Іс-қимыл ойынын ойнады.
«Шапалақтау әдісі»арқылы бағалау
Балалар жұмбақтарды шешеді.
Смайлик әдісі.
Балалардың барлығы қайталайды. .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Географиядан сабақ жоспары: Геоэкологиядағы антропогендік факторлар №2 (10 сынып, II тоқсан)

Пән: География
Бөлім: Геоэкологиялық зерттеулер негіздері
Сабақтың тақырыбы: Геоэкологиядағы антропогендік факторлар №2
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаты: 10.3.2.4 табиғатқа әсер ететін антропогендік факторларды графикалық түрде жіктеу және ұсыну
10.3.2.5 табиғатқа әсер ететін антропогендік факторларды азайту жолдарын ұсыну
Сабақтың мақсаты: Оқушылар антропогендік факторлардың табиғатқа тигізетін әсерін зерттеу.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): Математика | Қазақтың ұлттық өлшем бірліктері тақырыбына ғылыми жоба

Байырғы өлшем бірліктерімен танысып, әдеби тіліміздің қалыптасуына өзек болып отырған халық тілінің сақталуына ұйтқы болу.
Ғылыми болжам:
Егер мен қазақтың байырғы өлшем бірліктерін зерттесем, қазақ тілінің тарихына, халықтың этнографиясына деген қызығушылығым оянып, пәнге деген ықыласым арта түседі.
Зерттеудің негізгі кезеңдері:
1 - кезең - "өлшем бірліктері ", "байырғы өлшем бірліктері"деген терминдермен жұмыс істеу. Аймақтық жазушылардың еңбегімен танысып, қосымша әдебиеттерді іздеп, зерттеу.
2 - кезең - мектеп оқушыларымен сұхбаттасу, сауалнама алу, алынған мәліметтерді сұрыптау, зерттеу, бір арнаға тоғыстыру.
3 - кезең - ұсынылатын зерттеу жұмысын дайындау, рәсімдеу.
Зерттеудің әдіс - тәсілдері: Материалдарды талдау, оларды салыстыру, жүйелеу, қорытындылау.
Жаңашылдығы: Байырғы өлшем бірліктерін зерттеу барысында аймақтық жазушылардың еңбектерінің қолданылуы......
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Саяхат және демалыс (5 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Саяхат және демалыс.
Сабақтың тақырыбы: Саяхат және демалыс.
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Т/А2. Әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени, тарихи тақырыптарға байланысты диалог, монологтердегі (ән мәтіні, хабарлама, жарнама, хабарландыру) көтерілген мәселені түсіндіру;
ӘТН2. Сөз ішіндегі және сөз аралығындағы ілгерінді, кейінді және тоғыспалы
ықпал заңдылықтарына сәйкес айта білу;
Ж1. Берілген мәтінге сәйкес кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерді қамтитын қарапайым жоспар құру;
Сабақтың мақсаттары:
Барлық оқушылар: сөздікпен жұмыс жасап, жаңа сөздерді меңгереді;
Көптеген оқушылар: мәтінде көтерілген мәселені түсіндіріп айта алады; қарапайым жоспар құра алады; жоспар негізінде мәтін құрап жазады;
Кейбір оқушылар: ілгерінді, кейінді ықпал заңдылықтарын түсіндіріп айта алады;.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Сандық қатарлар

Берілген ақырсыз u1, u2, u3,..... un,... сандық тізбектің мүшелерін плюс таңбасымен біріктіргенде шығатын символ
u1 + u2 + u3+...+ un+...= (I)
сандық қатар, ал u1, u2, u3,..... un,... сандары қатардың мүшелері, мәселен, u1-бірінші мүшесі, u2 - екінші мүшесі,..., un – п -ші, немесе жалпы мүшесі деп аталады.
Анықтама. (1) қатардың алдыңғы и мүшелерінің қосындысы
Sn = u1 + u2 + u3+...+ un = (n=1,2, 3,….), (2)
сол қатардың n- ші дербес қосындысы деп аталады.
Дербес қосындылар тізбегі S1, S2, S3,..., Sn,... үшін мына үш жағдайдың бірі ғана орындалуы мүмкін:
1) п -да дербес қосынды Sn-нің шектеулі шегі S бap;
2) п -да дербес қосынды Sn айқын таңбалы ақырсыз шек + , не - ке ұмтылады;
3) п -да дербес қосынды Sn ешқандай шекке ұмтылмайды (шегі жоқ).
Анықтама. Егер сандық қатар (1)-дің дербес қосындысы Sn -нің п -да шектеулі шегі Sn = S бар болса, ол жинақты қатар, ал S саны сол қатардың қосындысы деп аталады.
Егер п -да, Sn-нің шегі ақырсыздыққа ұмтылса немесе шегі мүлдем жоқ болса, (1)-ді жинақсыз қатар деп атаймыз.
Мысал ретінде геометриялық прогрессия мүшелерінен құралған, еселілігі q -ға тең a+q+aq2+...+aq"+...= aqk (3) қатарын қарастыралық.
Әуелі q 1 болатын жағдайдағы дербес қосындыны құралық:

1) Егер < 1 болса, онда яғни (3) қатар жинақты, оның қосындысы болады.
2) Erep > 1 болса, онда яғни (3) қатар жинақсыз.
3) Erep q = 1 болса, онда (3) қатар мынадай түрде жазылады: а+а+а+...-а+... , онда яғни (3) қатар жинақсыз.
4) Erep q = -1 болса, онда....
Рефераттар
Толық
0 0

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Мерген қыз Сағи Жиенбаев «Әлия» (3 сынып, III тоқсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Бөлім: Атақты тұлғалар
Сабақ тақырыбы:Мерген қыз Сағи Жиенбаев «Әлия»
Оқу мақсаттары: 3.1.4.1 сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді/ нақыл сөздерді, вербалды емес тілдік құралдарды қолдану;
3.3.4.1 мұғалімнің көмегімен шығарманың құрылымын, стилін жетілдіру, өз бетінше орфографиялық, пунктуациялық қателерді табу және түзету.
Сабақ мақсаттары: Барлық: шығарманы түсініп оқиды, өлең мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;
Көптеген оқушылар: кейіпкерді сипаттауда мақал-мәтелдерді , вербальды емес тілдік құралдарды қолданады;
Кейбір оқушылар: сөйлеу барысында нақыл сөздерді қолданады, шығарманың құрылымын жетілдіреді, орфографиялық, пунктуациялық қателерін түзетеді......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Тарих | Тың және тыңайған жерлерді игеру

Тың және тыңайған жерлерді игеру

XX ғасырдың 50- жылдарында елде астықтың тапшылығы айқын байқалды. 1953 жылы 31 миллион тоннаға жетер-жетпес астық дайындалды, бірақ 32 миллион тоннадан астам астық жұмсалды. Әсіресе азық-түлік дақылы-бидай өте тапшы болды. Мал шаруашылығының жағдайы да мәз емес болатын.

Ендеше Кеңес үкіметі дағдарыстан шығудың жолы тың игеру деп тұжырымдады. Сонымен КОКП ОК-нің 1954 жылғы Ақпан-Наурыз Плеиумында Қазақстанда, Сібірде, Оралда, Солтүстік Кавказ және Қиыр Шығыстың кейбір аудаидарында жаңа тың және тыңайган жерлердің есебінен астықты дакылдар егістігінің колемін кеңейту көзделді. Пленум Қазакстанның жөне Сібірдің ұжымшарлары мен кеншарларында .....
Рефераттар
Толық
0 0

Шығарма: Батыр бабаларымыздың ерлігі

Басынан көне тарих төмен құлдап,
Тағдырын туған елдің келем жырлап.
Өзегім талып жеткен Тәуелсіздік,
Өмірде не бар екен сенен қымбат?

Мен 7 сынып оқушысы Ятимов Жахонгир. Ұлтым тәжік. Соған қарамастан мен өзімді қазақ халқының перзентімін деп мақтанышпен айтамын. Себебі мен осында, кең-байтақ, азат елде дүниеге келдім. Қазақ халқының тұрмыс-салтын, әдеп-ғұрпын, ақындары мен жазушыларының көркем шығармаларымен мектеп табалдырығында оқып, үйренудемін. Ал қазақ тілінде сөйлеу мен үшін үлкен абырой. Мен қазақ тілінде ......
Шығармалар
Толық
0 0