Қай кезде болмасын біздің ата-бабамыздың алдында тұрған үлкен міндеті - өз ісін, өмірін жалғастыратын саналы ұрпақ тәрбиелеу болды. Ұрпақ тәрбиесі келешек қоғамның қамын ойлаудың басты мәселесі. Ал осы жастарды жан-жақты саналы, ибалы, инабатты азамат етіп өсіруде халықтың салт-дәстүрлерінің тәлім-тәрбиелік маңызы орасан зор. Адамның жарық дүниеге келген күнінен бастап, оның есейіп, қартайғанға дейінгі өмірі, өзгелермен қарым-қатынасы барлығы да салт – дәстүрімізде ерекше орын алған. Жастарды тәрбиелеу мәселесіне ерекше көңіл бөлген бабаларымыз “Қызға қырық ......
Пән: қазақ әдебиеті Бөлім атауы: Махаббат және абырой Сабақтың тақырыбы: Дулатов «Бақытсыз Жамал» романы. Көзқарас, кейіпкер мен қаламгер Оқу мақсаты: А/И2. Автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісін талдау. Сабақ мақсаты: Оқушылар: Автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісін талдайды.....
Есенбай Дүйсенбайұлы 1940 жылы 16 мамырда Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Қалдайбек ауылында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген (1963). Еңбек жолын Жарқамыс орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімдігінен бастаған. Темір және Байғанин аудандық, Ақтөбе облыстық газеттерінде әдеби қызметкер, редактордың орынбасары, бөлім меңгерушісі, аға тілші болды.
1978–2009 жж. республикалық «Жазушы», «Жалын», «Ана тілі», «Өлке», «Раритет», «Білім» баспаларында аға редактор, Қазақстан Даму институтының «Саясат» журналында редактор, жетекші редактор, редактораудармашы, директорредактор қызметтерін атқарды. Қазір «Жазушы» баспасында Бас редактор. Тұңғыш......
Бір күні құстарға да әмір жүргізуші Сүлеймен патша барша құстарды жинап алып: – Мен қартайдым, жамбасыма жұмсақ төсек керек. Барша құстарға айтарым: маған бір-бір талдан мамықтарыңды жұлып беріңдер. Содан төсек жасатайын, – депті. Патшаның тілегін естіген құстардың бәрі бір-бір тал мамық жүнін жұлып беріпті.......
Жанкісі би шамамен 1770-72 жылдары Ұлытау өңірінде туып, 1848-49 жылдары Сыр бойында қайтыс болған деседі. Би, әрі ақын Жанкісінің әкесінің аты түрлі жинақтарда әртүрлі айтылып жүр. Бірде Өтеміс, енді бірде Басыбайдың баласы делінеді. Бидің артында «Қоқан ханына айтқаны», «Қожыққа айтқаны» тағы басқада айтқандары ел есінде. Бірсыпырасы жинақтарда жарияланған.
«Қоқан ханына айтқаны» деген тегеурінді өлеңі алғаш рет 1875 жыл «Записки Оренбургского отделения РГО» журналында жариялаған. Екінші рет 1885 жылы Орынбор қаласында ғалым, профессор Н.Веселовскийдің құрастыруымен «Образцы Киргизской поэзии» деген кітапқа енген. Осы кітабында ғалым Веселовский жырдың авторы Жанкісін «Сыр бойылық Найман» дегенді ғана жазған екен.