«...Дүниеде не жақсылық болса, соның бәрі ананың ақ сүті мен күннің нұрынан жаралған» А.М.Горький Ана жайлы ойыңды айтып тауыса алу мүмкін емес. Әркімнің өз анасына деген махаббаты шексіз. Мен де анама маған сыйлаған мәнді өмірі үшін алғысымды айта отырып, өз ойымды аз да болса жеткізгім келеді. Жер бетінде анасын жақсы көрмейтін адам жоқ шығар, сірә. Әр сәбидің дүние есігін ашқанда өз анасы болады. Бұл әлемде қанша ана болса да, барлығының тілеуі бір. Олар балаларының мейірімді, адал, адамгершілік қасиеті мол, кішіге қамқор боларлықтай азамат болғанын қалайды және сол жолға түсуі үшін еңбегін аямай жұмсайды.......
МәлікҒабдуллин - 15 қарашада Көкшетау облысының Зеренді ауданындағы Қойсалған ауылында дүниеге келді. 1935 жылы ҚазПИдің тіләдебиет факультетін бітірген. «Пионер» газеті жауапты редакторының орынбасары, КСРО Ғылым академиясының Қазақ филиалында кіші ғылыми қызметкер болып істеген. 1938–1941 жж. ҚазПИдің аспирантурасында оқыды.
Генерал И.В.Панфилов бастаған даңқты 28 гвардия дивизиясы құрамында Ұлы Отан соғысына бастанаяқ қатысты. 1автоматшылар ротасының саяси жетекшісі, 2атқыштар батальонының комиссары, полк үгітшісі.....
«Көшпенділер» трилогиясын оқып отырып, біздің бабаларымыз Əбілқайыр, Абылай, Кенесары хандардың, Наурызбай, Бөгенбай батырлардың, Төле би, Асан қайғы, Бұқар жырау сияқты даналардың Қазақстанның егемендігін алу ісіне зор үлес қосқанын түсінесің. Осы бабаларымыздың, олардың серіктері, ізбасарлары өз Отанын шексіз сүйген, оның болашағына сенген жəне осы мақсатқа жету жолында күш-жігерін жұмсауға аянбаған. Нұрсұлтан Назарбаев Біз қазақ халқының сонау тарихына үңілетін болсақ, əр уақытта да ата-бабамыз академик В.В.Радлов айтқандай, қазақ халқы көшіп-қонып жүрсе де, өнегесі мол небір тамаша ерлік істерін ұрпақтан-ұрпаққа тəрбиелік мұра етіп қалдырған. Халық қазыналарын ақтаратын болсақ, оның бірсыпырасы бүкіл қауымды əдемі болуға, əділетсіздікпен күресуге, кейбіреулері батыл болуға, Отанын, елін, жерін сүюге, жауларға мейірімсіз болуға баулиды.......
Пән: Қазақ тілі Т2 Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жанды табиғат Сабақ тақырыбы: Құстар- біздің досымыз №7 Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 1.3 Тыңдаған аудио/бейнематериалдың мазмұнын түсіну 3.1.3.1 тыңдаған материалдың (ұзақтығы 1,5-2 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру және сюжеттің даму желісі бойынша иллюстрациялар орналастыру/кесте толтыру/ мазмұндау 2.3 Түрлі жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсу (диалог) 3.2.3.1 белгілі тақырыптағы әңгімеге қатысу және сұхбаттасын түсіну және олардың ойын толықтыру 5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау) 3.5.1.2 өз бетінше шағын мәтіннен көптік/ тәуелдік/септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану Сабақ мақсаттары: 1. Тыңдаған мәтін мазмұнын түсіну 2. Тақырып бойынша диалогқа қатысу 3. Сөздерге тәуелдік және жіктік жалғауларды дұрыс жалғау Оқушылардың барлығы: тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінеді, қолдау арқылы диалогқа қатысады Оқушылардың көпшілігі: тыңдаған мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, диалог барысында сұрақтар қояды, сөздерге қоымшаларды дұрыс жалғайды Оқушылардың кейбірі: тақырыпқа қатысты қосымша ақпарат айтады, диалог барысында өз ойын түсінікті жеткізеді.....
Пән: Қазақ тілі Т2 Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8-бөлім «Демалу мәдениеті. Мерекелер» Сабақ тақырыбы: Наурыз тойы №9 Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 1.3 Тыңдаған аудио/бейнематериалдың мазмұнын түсіну 3.1.3.1 тыңдаған материалдың (ұзақтығы 1,5-2 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру және сюжеттің даму желісі бойынша иллюстрациялар орналастыру/кесте толтыру/ мазмұндау 2.6 Орфоэпиялық нормаларды сақтау 3.2.6.1 мұғалімнің қолдауымен айтылуы мен жазылуында айырмашылығы бар сөздерді дұрыс айту Сабақ мақсаттары: Оқушылардың барлығы: мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға дұрыс жауап береді және айтылуы мен жазылуында айырмашылығы бар сөздерді мұғалімнің қолдауымен ажыратады. Оқушылардың көпшілігі: мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға дұрыс жауап береді және айтылуы мен жазылуында айырмашылығы бар сөздерді үлгі бойынша ажыратады. Оқушылардың кейбірі: мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға дұрыс жауап береді және айтылуы мен жазылуы өзгеше сөздерді дұрыс ажыратады.....
Бір қаламның ұшымен жазылып, барша қауымның жүрегіне орнаған, бір ауыздан айтылып, кең өлкемді шарлаған осынау бір ыстық сөз, ыстық көңіл лебізі бүгін ғана емес, бар уақытта да қан тамырымыздың лүпіл-бүлкіліндей естіледі бізге. Иә, бұл – бүкіл қазақ жұртының, дүйім Қазақстан елінің қызу құштарлықпен , сарқылмас сүйіспеншілікпен айтар, ардақ тұтар асыл лебізі. Ол – өлең, ол – ән, ол – сұлулық, ол – асқақ арман , ол – шалқыған дәулет, көркейген сәулет!......
Торғай мен тышқан дос болыпты. Екеуі бірігіп егін егіпті. Тышқан жерді аяғымен қазып, торғай тұмсығымен шоқып, дән сеуіпті.
Егін өте жақсы шығады. Торғай мен тышқан бітік өскен бидайды жинап алып, тең бөлісе бастайды. Бір бидай артылып қалады. Соны қайсысы аларын білмей, ақыры жанжал басталады. Торғай тұмсығымен шоқып, тышқан тырнағымен тырналай осқылап, бір-бірімен ұзақ төбелеседі.
Маңайында арашалайтын ешкім болмаған соң, бір кезде шаршап барып тоқтайды. Ақыры өздерінің билеріне барып жүгінбек болады.
Алдымен тышқандар биіне келеді. Тышқандар биі:
— Бұл бидайды тышқан алуға тиіс. Өйткені тышқанның күші көп.......
Барақ хан - Алтын Орда ханы, Орыс ханның немересі, Құйыршық ханның ұлы. Шамамен XIVғасырдың 2-жартысында дүниеге келіп, 1428 жылы қайтыс болған. 1419–1422 жылдары Ұлықпектің көмегімен Шығыс Дешті Қыпшақта (Ақ Орда) билік басына келеді. 1422 жылы Еділдің бойында Алтын Орда әскерін жеңіп, таққа отырады. 1426 жылы Ұлығ Мұхаммед ханнан жеңіліп, тағынан айырылады да, Ноғай Ордасының мырзасы Мансұр бимен одақ......