Бұрын, бұрын бұрында Қаңбақ шал деген шал болыпты. Мал мен басқа зар болыпты. Кедейліктен шықпапты. Ол ау салып, балық аулап, тамақ асырапты. Жел соқса, шал домалап жөнеледі екен. Содан соң оған Қаңбақ шал деген ат қойылыпты. Күн сайын ауына ілінген екі балығының біреуін бір түлкі әлімжеттік қып тартып жей береді екен. Түлкінің қорлығына шыдамай, шал бір күні екінші бір жерге көшем деп, дүние мүлкін арқалап жолға шығыпты. Шаршаған соң оны бір жерге көміп кетіпті, бір жерге елдің сойған малынан жинап алған ішек қарнын көміп кетіпті, бір жерге қарындағы айранды көміп кетіпті .Жүктің салмағымен Қаңбақ шал ұшып кетпей келеді. Жүктен арылған соң, желмен ұшып, бір жерге ұшып түсіпті. Қараса, бір дәу екі тауды біріне – бірі шақпақ қылып, ұрып тұр екен.......
Пән: Қазақ тілі Бөлім атауы: Отбасындағы дәстүрлер мен мерекелер. Сабақтың тақырыбы: Отбасы-тәрбие бастауы Жүзеге асатын оқу мақсаттары: О5. Мәтін мазмұнын түсінуге, нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру Сабақтың мақсаты: Оқушылар мазмұнын түсіне отырып сұрақтар құрастырады. Барлық оқушылар: Мазмұнын түсінеді. Көптеген оқушылар: Мазмұнын түсіне отырып сұрақтар құрастырады. Кейбір оқушылар:Нақты ақпаратқа қатысты сұрақтар қояды......
Бiздiң жерiмiздiң қойнауы тек қазына, байлық емес, ол қазiр түрлi улы газдар, күкiрттi сутегi және өзге де тiршiлiкке қауiптi химиялық қосылыстарға да «бай». Мұның барлығы адам денсаулығына керi әсерiн тигiзуде. Уланған топырақта өскен өсiмдiк, онымен қоректенген жануар айналып келгенде — адам азығы. Демек, адамзат өз өмiрiне қатерлi ортаны өзi жасап отыр.Елiмiзде жүргiзiлген экономикалық өзгерiстердiң барлығы экологиялық жағдайды қорғау саясатынсыз iске асты. Осыдан келiп, «Экономикадағы экологиялық жендеттiк синдромы» пайда болды. Кеңес Одағы тұсында «Бiз табиғаттан рақымшылық күтiп отырмаймыз. Оның бермегенiн тартып аламыз» деген солақай тұжырым жасалғаны белгiлi. Бұл адамзаттың қалыптасқан табиғи жағдайларға қарсы шығып, оны өзiне бағындыру әрекетiнiң бастауы болды. Мұның ақыры неге әкелгенi баршамызға аян.Ғылыми-техникалық жетiстiктерiмiз бiр жағынан мақтаныш болғанымен, оның да экологияға тигiзiп жатқан керi әсерi бар. Қырық жыл бойы Семейде ядролық қару сыналуы, әлi де Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшып жатқан зымырандардың айтарлықтай зардабы бар екенi баспасөз беттерiнде жиi айтылып жүр. Қазақстандағы экологиялық жағдайдың төмендiгiнiң бiр көрiнiсi — Арал теңiзiнiң тартылуы. Айдыны тартылған соң ғана «Арал тағдыры – адам тағдыры» деп көңiл аудара бастадық. Өткен жылдан берi Арал теңiзi мен Сырдария өзендерiнiң арналарын ретке келтiруде бiршама жұмыстар атқарылды. Бүгiнде олардың тiршiлiгi қайтадан жанданып келедi. Алайда, бұрынғы деңгейге жету үшiн әлi де көп уақыт қажет. Соңғы кезде бұл өңiрден экологиялық апатты аймақ мәртебесiн алып тастау туралы мәселе көтерiлген. «Арал апат аймағы мәртебесi әзiрге күшiнде қалады» деген материалда не жайында айтылатыны тақырыбынан–ақ белгiлi. Журналист теңiз проблемасын жалаң түрде баяндамай, бұл аймаққа бiр топ жауапты қызметтегi адамдардың келгенiн, «Арал экологиялық апат аймағынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы» заңның күшiнде қалатыны мен оның кемшiн тұстарын да атап өтедi. Автор жиi айтылатын Аралдың экологиялық жағдайын емес, аталған заңның әлi де жұмыс iстейтiнiне басты назар аударған.Теңiздiң тартылуы, жағадағы улы тұздардың ұшуы барша адамзатқа төнген қауiп. Оның зардабын қазақстан халқы ғана емес, көршi елдер де тарта бастады. Осыдан келiп бұл проблеманы шешу жолға қойылды. Экологиялық, экономикалық, әлеуметтiк факторларда жақсарту бағдарламалары қабылданды. Олардың нәтижесi ендi байқалып келедi.Жердiң тозуы мен шөлге айналуы қазiргi кездегi жаһандық экологиялық проблеманың бiрi болып саналады. Ғасырлар бойы қалыптасқан табиғи, экологиялық, әлеуметтiк жағдайларды ескермей жер пайдалану жүйелерiн күшпен енгiзудiң ақыры осыған әкелдi. Тың және тыңайған жерлердi игеру экологиялық – биологиялық тепе-теңдiктiң бұзылуына себеп болды. Сол жылдары Қостанай, Ақмола, Солтүстiк Қазақстан, Көкшетау және Павлодар облыстарында жыртылған жердiң көлемi 600 мың шаршы км. асқан. «Қазақстанның 26 млн. гектар тың жерi игерiлiп, соның салдарынан 8 млн. құнарлылығын жоғалтып, айналыстан шығарылды» (Назарбаев Н Көтерiлген тың – достық пен жасампаздықтың белгiсi // ЕҚ., 07.02.04). Осынша үлкен алқаптың соқаға тырналуынан келген зардаптың орны әлi толған жоқ. Кейiнгi жылдары түрлi техногендi факторлардың әсерi онсыз да құлдыраған жердiң жағдайына тiптен керi әсерiн тигiздi. Жер бүгiнгi таңда негiзгi табыс көзiне айналып отыр. Сондықтан, оны аяусыз пайдаланып, бойындағы бар нәрiн сатудамыз. Жыл сайын дақылдың бiр түрiн ғана егу, оның iшiнде көбiнесе пайдасы мол болғандықтан мақта өсiру, қажеттi мөлшерде тыңайтқыштар сеппеуiмiз де жердiң құнарлығын азайтуда.....
КІРІСПЕ Нарықтық қатынастар орныға бастаған тәуелсіз еліміздегі білім мекемелерінің алдына оқушыларға берілетін білім мен тәрбие сапасын көтеру және жақсарту міндеттері қойылды. Соңғы уақытта заман ағымына байланысты білім мазмұнында көптеген түбегейлі өзгерістер болуда. Қазақстан Республикасының “Білім туралы заңында”[1], “Қазақстан Республикасы азаматтарының жаңа әлеуметтік мінез- құлқын қалыптастыру”[2],“Қазақстан Республикасы мәдени-этникалық білім беру”[3], “Білім мазмұнын гуманитарландыру”[4] тұжырымдамаларында білім беру ісінде жаңа рухани-мәдени құндылықтарды игеруге, ұлттық сананың қалыптасып өсуіне жағдай жасау, кәсіби білім берудің сапасын көтруге кең жол ашу талап етіледі. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру Мемлекеттік бағдарламасы қазіргі ақпараттық-коммуникациялық технологияларға бағдарланған болашақ мамандардың ақпараттық мәдениеті мен педагогикалық-психологиялық ерекшеліктерінің қалыптасуына объективті жағдай туғызуда. Бүгінгі білім саласында республикалық білім кеңістігін әлемдік деңгейге жеткізуге ұмтылыс байқалады және студенттерге тәрбие мен білім беру іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді. Елімізде болып жатқан әр түрлі бағыттағы өзгерістер егеменді еліміз жаңа XXІ-ғасырдың табалдырығын аттап, білім беру жүйесін дамытуда біршама табыстарға қол жеткізуде. Жаңа ғасыр бәсеке ғасыры болғандықтан, әсіресе болашағымыз ұрпақ тәрбиесімен айналысатын болашақ маманның педагогикалық- психологиялық даму ерекшеліктерін қалыптастыру қоғамның өзекті мәселелерінің бірі болмақ. Қазіргі кезеңдегі ғылым мен техниканың даму қарқыны адамзат баласының талғамының өсуі, электронды есептеуіш (комьпютер) құралдарының кең көлемде қолданылуы, интернеттің т.б. ақпараттық құралдардың пайда болуы, білім беру саласында жаңа технологиялық әдістерді енгізуге ықпал етуде. Қоғамның даму кезінде білімнің қарқынды прогресімен ескі технологиялық идеялардың тез өзгеруімен, инноватциялық жаңашылдыққа көшуге болашақ мамандардың іс-әрекетімен байланыстыру ерекше сипат алады. Жоғары оқу орындарында студенттердің біліктілігін жетілдіру мен қатар, кәсіби іс-әрекеттің ғылыми негіздерін іс-тәжірибелеріне қолдануға, адами-құндылық қасиеттермен қатар іскерлік пен дағдыны жетілдіру арқылы жаңа көзқарас, жаңа ой қалыптасады. Қоғам талабына сай даму кезеңінде, ақпараттар тасқыны толассыз ағылған қоғамымызда әр студент өзінің болашақ ісіне қажетті өзгерістерді, әр түрлі тәжірибелер жөніндегі мағлұматтарды, жаңа әдіс-тәсілдерді дер кезінде қабылдап, дұрыс пайдалана білу керек. Студенттердің психологиялық даму ерекшеліктері тұлғалық ақыл-ой қасиеттерімен қатар өзіндік іс-әрекерт ерекшеліктерімен бейнеленеді. Студент проблемасын ерекше әлеуметтік-психологиялық жас ерекшелік категориялары ретінде негізгі еңбектердің бірі Б.Г. Ананьевтің [5] психологиялық мектебі.....
Пән: Қазақ әдебиеті Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тәуелсіздік - қасиет тұнған ұлы ұғым Сабақтың тақырыбы: Расул Ғамзатов «Ана тілі» өлеңі Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Т/Ж4.Шығарма үзінділерімен жұмыс Сабақтың мақсаттары: Барлық оқушылар орындай алады: Көркем шығармалардан орта көлемді үзінділерді мәнерлеп , жатқа оқиды Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Көркем шығармалардан орта көлемді үзінділерді мәнерлеп оқып, жатқа айтады Кейбір оқушылар орындай алады: Көркем шығармалардан орта көлемді үзінділерді мәнерлеп оқып, жатқа айтады, талдайды.....
Пән: Қазақ тілі Т2 Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2-бөлім Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен Сабақ тақырыбы: Еріншектің ертеңі бітпес № 7 Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 2.5 Тыңдау-көру материалдары негізінде ойын айту 3.2.5.1* оқыған/тыңдаған материал бойынша өз пікірін (менің ойымша ..., менің көзқарасым бойынша ..., себебі ...) дәлелдеу 3.2 Мәтіннің мазмұнын түсіну 3.3.2.1 жиі қолданылатын сөздер мен фразалардан құрастырылған шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну. Сабақ мақсаттары: Оқушылардың барлығы: Оқыған мәтіннің мазмұнын түсінеді, негізгі ойын анықтайды Оқушылардың көпшілігі: Мәтіндегі оқиғаға қатысты ойын айтады, мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді; Оқушылардың кейбірі: Мәтіндегі оқиғаға қатысты өз пікірін дәлелдейді, ойын еркін жеткізеді.....
Пән: Әдебиеттік оқу Бөлім:Өнер Сабақ тақырыбы: Ән өнері «Аққұс туралы аңыз» Оразбек Бодықов Оқу мақсаттары: 3.2.5.1 көркем шығармадағы оқиғаның басталуын, дамуын және аяқталуын анықтау 3.2.6.1 кейіпкерлердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен дәлелдер келтіріп бағалау Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: мәтіннің мазмұнын түсінеді, құрылымдық бөліктерін (басы, ортасы, соңы) ажыратады Көпшілік оқушылар: мәтіндегі негізгі ойды білдіріп тұрған сөйлемді анықтайды, кейіпкерлерге мінездеме бере алады; Кейбір оқушылар: кейіпкердің іс- әрекетінің, мінез-құлқының өзгеру себептерін анықтайды, дәлелдер келтіріп бағалайды, өз ойын айтып, қорытынды жасайды......