Ертеде бір данышпан кісі болыпты. Ол кісі жан-жануарлардың, құрт-құмырсқаның тілін біледі екен. Бір күні әлгі данышпан жолаушылап келе жатыпты. Жарты жолға келгенде, ат шалдырып, демалып отырса, кішкентай бір құмырсқаның дән тасып жүргенін көреді. Оны жерден көтеріп алады да алақанына салып тұрып: – Қане, құмырсқа, айтшы, дәнді қайда алып барасың? – деп сұрайды.......
Баяғыда Әуезхан деген хан болыпты. Ханның қырық баласы бар екен. «Осы балаларыма бір жерден қалың берсем екен», – деп ойлайды екен. Бірнеше жылдар өткеннен кейін хан бір байдың қырық қызы бар деп естиді. Соған қалыңмалына сөйлесіп, құда түсіп келуге кісі жіберіпті. Ол байға барып: — Бізді хан жіберді. Балаларына сіздің қыздарыңызды айттырғысы келеді, – дейді. Бай: — Қыздарыма қалыңмалға мал алмаймын, менің үйімнен өздерінің үйіне дейін тұп-тура жол болсын, жолдың екі жағында бау-бақша, оның түбінен су шығып, бұлбұлдар сайрап тұратын болсын және осы......
Пән: География Бөлім: Елтану және саяси география негіздері Сабақ тақырыбы: Дүниежүзінің саяси картасы №1 Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)8.6.1.1 саяси картаның басты нысандарын сипаттайды Сабақ мақсаттары: Саяси карта туралы, саяси картаның өзгеру себептері мен кезеңдерін біледі Саяси картаның басты нысандарын анықтай алады Саяси картаның ерекшелігін талдай алады.....
Дүниеге келгені: 1910 ж. желтоқсанның 27 Телікөл мекені, қазіргі Қызылорда облысы, Сырдария ауданы Қайтыс болғаны: 1995 ж. маусымның 9 Ұлты: қазақ
Мансабы: қазақ өдебиеті сыншысы, жазушы, ғалым. Филология ғылымының докторы (1963), профессор (1965), Қаз. КСР-і ҒА- ның корреспондент мүшесі (1967), академигі (1975). Қаз. КСР-інің еңбек сіңірген гылым қайраткері (1974)
Мұхаметжан Қожаcбайұлы Қаратаев (1910 ж. т.) — әдебиет зерттеушісі, сыншы-ғалым, Қазақстан Республикасы ҮҒА-ның академигі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері. Қаратаев Абай шығармаларын 30-жылдардан зерттей бастады. «Пушкин мен Абай» («Қазақ әдебиеті», 1937, 16 — ақпан), «Пушкин қазақ әдебиетінде» («Әдебиет майданы», 1957, № 2), «Жүз жылдан кейінгі Пушкин» («Әдебиет майданы», 1936, № 11–12) деген мақалаларында.......
Пән: қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7-бөлім «Су – тіршілік көзі» Сабақ тақырыбы: Су денсаулыққа пайдалы Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 3.3. Мәтіннің жанрлары мен түрлерін анықтау 3.3.3.1.мәтіннің жанрын (әңгіме, тұрмыс-салт жырлары, бата, мақал-мәтелдер)әңгімелеу, сипаттау мәтінін анықтау. 2.5. Оқыған/тыңдаған материал бойынша пікірін білдіру 3.2.5.1.оқыған/тыңдаған материал бойынша өз пікірін (менің ойымша..., менің көзқарасым бойынша...., себебі, ....) дәлелдеу. Сабақ мақсаттары: Оқушылардың барлығы: Мәтін мазмұнын мұғалімнің қолдауымен тірек сөздер арқылы айтады. Оқушылардың көпшілігі: Оқыған мәтін мазмұнын, өз пікірін жай сөйлеммен білдіреді. Оқушылардың кейбірі: Мәтіннің жанрын анықтап, оқыған мәтін бойынша өз ойын дәлел келтіріп айтады. ....
Төтенше жағдай дегеніміз – табиғат немесе өндіріс апаттарының зардаптарын күнделікті қызметпен, қаражатпен жоюға мүмкіндік бермейтін, ол үшін әдейі материалдық, техникалық, ақша қаражатын және адам күшін талап ететін жағдай. Қазақстан мемлекетінің орналасқан жері – орасан зор, кең байтақ. Ол жерлерде табиғат апатының неше түрі: жер сілкіну, қар тасқыны, қатты жел, су тасқыны сияқты құбылыстар жиі болып жатады. Зілзала – бұл кенеттен пайда болатын, халықтың қалыпты тірлігін күрт бұзатын, материалдық құндылықтарды үлкен шығынға ұшырататын, сондай – ақ адамдар мен хайуанаттардың өлім – жітімі болатын табиғат құбылысы. Әрбір зілзаланың өзіне тән физикалық қасиеті, пайда болу себебі, қозғаушы күші, сипаты мен даму сатысы, қоршаған ортаға өзіндік ықпал ету ерекшелігі бар. Зілзала кез – келген мемлекет үшін үлкен ауыртпашылық, келтірер залалы мол төтенше оқиға. Қазақстан Республикасы аумағында мынадай зілзалалар болуы мүмкін: жер сілкінісі, сел, қар көшкіні, сырғыма, дауыл, су тасқыны, буырқасын, өрт. Дүние жүзінде су тасқынына бүкіл зілзаланың 40 пайызы келеді екен, 20% - тропикалық циклондары, 15% - жер сілкінісіне, ал қалған 25% - зілзаланың басқа түрлері. Каспий теңізі деңгейінің өзгеруіне, Арал теңізінің құруына, Балқаш көлінің таяздануына байланысты құбылыстар табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар арасында ерекше орын алады.
Жер сілкінісі. Жер сілкінісі кенеттен пайда болады және қас қағымда өтеді. Жер сілкінісі – бұл жер қыртысында немесе мантияның үстіңгі бөлігінде кенеттен болған қозғалыс пен жарылыс нәтижесінде пайда болған, елеулі ауытқу түрінде, үлкен қашықтыққа таралатын жер асты дүмпуі мен жер астының қозғалысы. Бұл құбылыс жер асты дүмпулерінен, тербелістен болады. Әзірге ғалымдар жер сілкінісі қашан, қайда, қанша уақыт болатынын және қандай зардап әкелетінін тура басып айта алмай отыр. Сейсмикалық станциялардың көрсетулері – дәл емес. Жыл сайын жер бетінде 100 – ден аса жер сілкіністері болып тұрады. Жер қыртысының тектоникалық қозғалысын тудыратын жер сілкінісі өте жойқын болып келеді. Жер сілкінісінің барысында адамдар қаза болады, үйлер, жолдар, көпірлер, каналдар, тоғандар мен басқа да инженерлік ғимараттар, су құбырлары, канализация, электр беру жүйесі қирайды, байланыс желісі бұзылады, қар көшкіні, сел, сырғыма мен қопарылыс пайда болады. Тау жыныстарынан тастар құлайды, адамдарда үрей болады. Су асты және су жағалауындағы жер сілкінісі кезінде, теңіз түбінің қозғалыс нәтижесінде теңіздің гравитациялық толқындарынан цунами пайда болып, құрылыста үлкен бүлінушілік жасайды. Жер сілкінісінің жойқын күші оның әсерінен болатын апаттар көпшілікке мәлім. Өйткені Қазақстанның 450 мың шаршы километр аумағында жер сілкіну қауіпі бар. Бұл аймақта 6 милионнан астам халық тұрады, 27 қала, 400 – ден астам елді мекендер бар. Еліміздің 40 пайызға жуық өндірістік әлеуеті осы аймақта шоғырланған. Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстары мен Алматы қаласы сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқан. Онда өнеркәсіптің негізгі қорының 30% - ы шоғырланып, тұрғын үй қорының 35% - на жуығы орналасқан, Республика халқының 40% - ы тұрады. ....
Ана тілді қадірлеп ұстайтын ұлттың болашағы жарқын. Себебі, тіл қай елде, жерде болмасын ең қасиетті де қастерлі. Тіл-әрбір тәуелсіз елдің мақтанышы, абыройы. Ол атадан балаға сақталатын киелі мұра. Тіл-баға жетпес қазына. Демек, әр ұлт, әр азамат өз ана тілін көзінің қарашығындай қорғауы тиіс деп білемін.......
Пән: Қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ұлттық және отбасылық құндылықтар Сабақтың тақырыбы: Отбасы күні Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 6.3.2.1 жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай құрылымын сақтай отырып құттықтау құрастырып жазу Сабақтың мақсаттары: Құттықтау жазу....