Әнет баба (1628 – 1723) – “Жеті жарғыны” құрастыруға қатысқан атақты 7 бидің бірі. Руы Тобықты. Жас кезінде Бұхар-шарифте үйсін Сарышуаш жыраумен бірге медресе бітірген.Ислам қағидаларына, шариғат ережелеріне жүйрік болған. Әділдігімен, діндарлығымен аты шыққан. Қалқаман—Мамыр дауы (қосымша “Қалқаман-Мамыр”) кезінде бірін-бірі сүйген екі жас жазадан босатылсын деген билік шығарады, бірақ оған Мәмбетбай руының басшысы Көкенай батыр....
Дөненбаева Кәмшат Байғазықызы (15.09.1943 жылы туылған, Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы) — ауыл шаруашылығын дамытуға елеулі үлес қосқан қайраткер, тың игеруші, танымал механизатор, Социолог Еңбек Ері (1975). Еңбек жолын Ұзынкөл элеваторында жұмыс істеуден бастаған. Қостанай облысының Меңдіқара ауданындағы «Каменск-Уральский» кеңшарында механизаторлар даярлайтын курсты (1968), Қостанай ауыл шаруашылық техникумын.......
Мақсаты: Жаңа сөздерді меңгерте отырып, жеміс - жидектерді атай білуге дағдыландыру. Көкөністер мен жемістерді бір - бірінен ажырата білуге үйрету. Балаларды еңбекқорлыққа, тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Негізгі меңгеретін сөздер: Алма, алмұрт, жүзім, анар, өрік, шие Қолданылатын көрнекі құралдар: жеміс - жидектер суреттері, муляждар, қуыршақ Айсұлу, компьютер, слайд. Қажетті құрал - жабдықтар: жұмыс - дәптері, үлестірмелі материал. Әдіс - тәсілдер: түсіндірме, сұрақ – жауап, ойын, практикалық Іс - әрекет кезеңдері Педагогтың іс - әрекеті Балалардың іс - әрекеті Мотивациялық – қозғаушылық Сәлемдесу.
Шаттық шеңбері Қайырлы таң! Алтын күн! Қайырлы таң! Көк аспан! Қайырлы таң! Жан достар! Қайырлы таң! Қонақтар!.....
Пән: әдебиеттік оқу Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Су- тіршілік көзі Сабақ тақырыбы:Судың пайдасы «Суыр сұңқар су қайда?» ертегі «Бабалар сөзі» Жүз томдық 73- том Оқу мақсаттары: 3.3.2.1 шығарма кейіпкеріне хат/ ертегі (кейіпкер қосу, соңын өзгерту...)/ өлең (төрт жолды)/ әңгіме (оқығаны, көргені бойынша) жазу 3.1.3.1 шығармадағы кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне, ондағы оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжау Сабақ мақсаттары: - мәтіндегі оқиғаларға сүйене отырып, оқиғаның дамуын болжайды; - мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді; - шығарма кейіпкерлерін сипаттайды; - шығарма кейіпкеріне хат жазады;.....
Пән:Қазақ тілі Бөлім: Су – тіршілік көзі Сабақ тақырыбы: 116-сабақ Шығарма Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 3.1.2.1 мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер/фото/диаграмма бойынша мәтіннің мазмұнын болжау; 3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету; 3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің қолдауымен тауып, түзету Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: - жетекші сұрақтар көмегімен сурет бойынша мәтін мазмұнын болжайды; - үлкен жазу жол дәптерінде бас әріп пен кіші әріп биіктігін және көлемін бағдарлап үйренеді; - мұғалімнің қолдауымен жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді; Оқушылардың көбі: - тақырып пен сурет бойынша мәтін мазмұнын болжайды; - кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі үлгі негізінде жазады; - жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді үлгі/талдау негізінде тауып, түзетеді; Оқушылардың кейбірі: - сурет бойынша жасаған болжамын негіздей алады; - кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі шапшаң жазады; - жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді; .....
Ұлжан шешеміз сегіз жасар баласы Мұратпен екеуі шай ішіп отыр. Аласа дөңгелек стол, тізерлей отырған Мұраттың көкірегінен келеді. Ол шайынан ұрттап жатып, қарсы алдында отырған шешесіне көзінің астымен қарап қояды.
— Іш, іш, — дейді шешесі, — тойып ал, шырағым.
Мұрат екі кесе шай ішті де:
— Тойдым, — деп орнынан тұрды.
Ұлжан шайын ұзақ ішті. Ол кісінің шайды ұзақ ішуі Мұратты жалықтырып жіберді.
Шешесі әрі қарап, әлі шай ішіп отыр. Есік ол кісіге бір қырын болатын. Мұрат жүрген дыбысын білдірмей, ептеп басып, есікке барды. Шешесі оны байқаған жоқ.
Мұраттың есікті білдірмей ашқысы келді. Екі көзі шешесінде болып, иығымен итеріп көріп еді, есік ашыла қоймады. Одан гөрі қаттырақ итеріп қалғанда, есік шыйқ етті де ашылып кетті.
Ұлжан шешеміз жалт қарағанда, зымырап жөнел ен Мұраттың өкшесін ғана көріп қалды. Есік тарс етіп қайта жабылды.
Мұрат жүгірген бойы Садықтың үйіне келді де оны тысқа ертіп шықты.
Олар футбол ойнап жүрген балаларды іздеуге шықса да, Мұрат оларға барғысы келмей, басқа жаққа сүйреледі.
— Солдаттар ойнап жатыр, солардың қасына барып, ойындарын көрейік, — деді ол Садыққа.
— Жүр! — деді Садық та оны қуана қостап.
Ауылдан жоғары, сайдың ішінде шекаралық застава бар болатын. Мұрат пен Садық ат ойнатып жатқан әскерлерді көреміз деп, заставаға келді.
Ол екеуі заставаның қасындағы, алыстан қарағанда төңкерген қазандай көрінетін, төбешіктің үстіне шыққанда, футбол ойнап жүрген балалардың да осылай қарай келе жатқанын көрді. Дабырлап сөйлесіп, олар жүгіре басып келеді.
Шекарашылардың шыбық шапқаны, ат қарғытқаны, шауып бара жатып ат үстінде әр түрлі қыймылдар жасауы балаларға қызық көрінетін. Олар мына төбешіктің үстінде тұрып, будан бұрын да талай рет тамашалап қараған. Сол әдетінше төбешіктің басына бір топ бала жыйналып қалды.
Ақбоз аты ойнақшып, қолындағы жалаң қылышы мен фуражкасының күнқағары жарқылдап, заставаның начальнигі тебініп қап, шаба жөнелгенде: