Өлең: Кәрімді Ырысалдының жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)

Жаз жайлауын айтайын,
Сарғазардың саласы.
Қыс қыстауын айтайын,
Қара судың жағасы.
Сымға тартқан күмістей,
Он саусақтың саласы.
Көрсетумен ұсталды-ау
Қу сатқынның баласы.
Көре алмаған дұшпанның
Енді қанды-ау табасы.
Әуеден ұшқан лашын,
Лашын жаяр құлашын.
Табындағы тарланның
Тас айырды-ау турасын.
Жаны ашыған ағайын
Жыламай қайтып шыдасын.
Елі-жұртым, ағайын,
Мұңымды кімге шағайын. ....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Ысмайыл ханды ханымы Күнжанның жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)

Биссимилла деп бастайын,
Асылық сөзді қоспайын.
Құдай бір басқа салған соң,
Ерегесіп саспайын.
Жылады деп сөкпеңіз,
Әлем білген ерімді,
Жоқтаусыз қайтып тастайын?!
Мен жыламай қайтейін,
Отыз жастың ішінде
Жесір де қалдым жастайын.
Кешегі менің көкжалым,
Аруақ қонған жасынан.
Мың сан кісі жау келсе,
Жолдасын бермес қасынан.
Қара маңдай хан еді,
Ақылды туған асылдан.
Асылдығының белгісі—
Орын алған бабасы,....
Өлеңдер
Толық
0 0

Эссе: Сен туралы айтпауға хақым бар ма?

Туған жер деген кезде көз алдыма ең бірінші туған өлкем "Қайыңды" елес береді. Асқар тау, жасыл орман, мөлдір бұлақсыз-ақ осы бір ауыл сәл жырақтасам өзіне тартып, сағындырып тұрады. Туған жер әр тасымен де, тамшы суымен де, күн қақтаған топырағымен де ыстық болатыны да содан болар?! Балалық шақтың бал күні өткен, тәтті күндердің естеліктері сақталған, арманымның асқар шыңына қадам бастаған ауыл ыстық болмаған да ше?
Мұхит та емес, теңіз де емес, көл де емес
Ойыл-өзен!
Терең де емес, енді емес,
Көктем келіп, мұз жарылып жатқанда,
Сол бір кезден көз алдыма келді елес-деп, осы ауылдың түлегі, ақын Ертай Ашықбаевтың жырына арқау болған Ойыл өзенінің оң жақ бүйірінде орналасқан, қырға шықсаң шашыраңқы орналасқан жүз үйдің арқа-жоңы анық көрінетін ауыл, сол – Қайыңды. Біздің Қайыңды! Менің Қайыңдым! Менің жұмақ мекенім...

Жүйіткіп өткен жүрдек пойыздай зымырап өте шыққан алаңсыз балалық шағым осы ауылдың шаңы бұрқыраған көшелерімен, есіп аққан толқыны бұйра-бұйра Ойыл өзенінің жағасында өтті. Аспанмен таласар биік-биік таулары болмаса да, арқасын қыста қар жауып әсемдейтін, баурайы көктемде қызылды-сарылы әсем гүлге оранып тәтті иіс сыйлайтын, жазда күн қақтайтын қыраттары мен үшін әсте асқар таудан кем емес. Асық атып, асыр салып жүріп-ақ осы ауылға ғашық болғам. Бетімнен сүйіп өткен самалы желіне, даланың жұпарын аңқытқан ақ жауынына ғашық болғам. Жаздың аптаған ыстығын, қыстың сұрапыл боранын елемей, жазы бауға, қысы тауға жетелеген ауыл маған асқақ арман, шым шабыт, қайтпайтын қайрат сыйлады. .....
Эсселер
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Болашақтағы сәулет өнері 1-сабақ (Көркем еңбек, 4 сынып, IV тоқсан)

Пән: Көркем еңбек
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Болашаққа саяхат
Сабақ тақырыбы: Болашақтағы сәулет өнері 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 4.1.4.1 Шығармашылық идеялар мен сезімдерді әртүрлі жұмыс техникаларын қиыстыра отырып, жеткізу.
4.2.2.1 Анағұрлым күрделі әртүрлі әдістер мен тәсілдерді сенімді түрде пайдаланып, өздігінен таңдаған құралдар және материалдармен эксперимент жүргізіп, қолдану.
4.2.4.1 Қауіпсіздік техникасын сақтай отырып, материалдар мен құралдарды қолдану
Сабақ мақсаттары: • Өткен сабақтағы жұмыстарын қарастыру- болашақтағы ғимарат;
• Ғимараттың кинетикалық моделін қарастыру;
• Ғимараттардың суреттерін салыстыру;
• Болашақтағы ғимаратты жасау үшін материалдарды қолдану;
• Құралдармен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережесін сақтау........
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Объективте ғарыш (Көркем еңбек, 4 сынып, IV тоқсан)

Пән: Көркем еңбек
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ғарышқа саяхат
Сабақ тақырыбы: Объективте ғарыш
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 4.1.1.1 Табиғатпен жасалған сәндік өрнектер (ою-өрнек) мен формаларды анықтау және тану, оларды өз жұмыстарында интерпретациялау
Сабақ мақсаттары: • Бейне материалдар мен фотосуреттерді көріңіз, өз жұмысында табиғатпен құрылған пішіндерді қолдану;
• Граттаж техникасында ғарыштық пейзажын орындау........
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Ұлы Дала елі (Дүниетану, 4 сынып, IV тоқсан)

Пән: Дүниетану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: "Болашаққасаяхат»
Сабақ тақырыбы: Ұлы Дала елі
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 4.1.5.1 Конститутцияның қоғам өміріндегі маңызы туралы қорытындылар жасау;
4.1.5.2 Қазақстан Республикасының азаматы ретіндегі жеке тұлғаның демократиялық құқықтары мен бостандықтарының, міндеттерінің мысалдарын келтіру;
4.3.5.1 зерттеулер негізінде «Қазақстан» атауымен байланысты мағыналық ассоциациялар қатарын (ұлттық бренд) ұсыну.
Сабақ мақсаттары: Оқушылар
-Ұлттық бренд ұғымымен танысады;
- Конституцияның қоғам өміріндегі маңызы туралы қорытынды жасайды;......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Файлдармен және бумалармен жұмыс 2-сабақ (Информатика, 4 сынып, I тоқсан)

Пән: Информатика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Суреттерді өңдеу
Сабақ тақырыбы: Файлдармен және бумалармен жұмыс 2-сабақ
Оқу мақсаттары: 4.1.2.1 Қолданыстағы қолданбалы программалардың мүмкіндіктерін айта алу
4.2.4.2 Файлдар мен бумаларды құру, жою және орнын ауыстыру
4.2.4.3 Жұмыс барысында мәнмәтінді мәзір қолдану
Сабақ мақсаттары: Бағдарламалық өніммен жасау барысында туындаған қиындықтарды өз бетімен шешу дағдыларын дамыту ......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Операциялық жүйелерді салыстыру 1-сабақ (Информатика, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Информатика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Бағдарламалық жасақтама
Сабақтың тақырыбы: Операциялық жүйелерді салыстыру 1-сабақ
Оқу мақсаттары: Түрлі операциялық жүйелердің артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтайды.
Сабақ мақсаттары: Операциялық жүйелер туралы студенттердің білімін қалыптастыру, олардың құрамын, артықшылықтары мен кемшіліктерін зерттеу.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Дәрумендер 2-сабақ (Биология, 8 сынып, I тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қоректену
Сабақтың тақырыбы: Дәрумендер 2-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: 8.1.2.5 адам ағзасындағы дәрумендердің маңыздылығын сипаттау
8.1.2.6 құрамында дәрумендердің маңызды мөлшері бар азық-түліктер тізімін жасау
Сабақтың мақсаты: Дәрумендерге сипаттама беру;
Авитоминоз, гипервитаминоз болған жағдайдағы ауру түрлерін атау;......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Сұйықтық кинематикасы 3-сабақ (Физика, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Сұйықтар мен газдардың механикасы
Сабақ тақырыбы: Сұйықтық кинематикасы 3-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): сұйықтар мен газдардың ағынын сипаттайды;
Сабақ мақсаттары: сұйықтар мен газдардың ағынын сипаттайды;
cұйықтық қасиеттері, дене аққыштығы;
сұйықтықтағы дене кедергісі туралы танысу.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
1 0