Ұлы Отан соғысы... Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн. Ұлы Отан соғысының басталғанына міне, 75 жыл. Осыдан 75 жыл бұрын, 22 маусым күні таң қылаң бере фашистік Германия Кеңестік Социалистік Республикалар Одағына шабуыл жасады. Соғысты бірінші болып қарсы алғандардың қатарында Кеңес Одағының батыс шебін күзеткен ондаған мың қазақстандықшекарашылар болды. Соғыс кенеттен басталғанымен, бүкіл Кеңес Одағы алғашқы күннен бастап жұдырықтай жұмылды. Республиканың түкпіртүкпірінен әскери қатарға еріктілер ағылды. Кеше ғана мектеп партасында отырған бозбалалар мен бойжеткендер де, қала мен ауыл тұрғындары да соғысқа сұранды. Қазақстан армия мен флот үшін офицерлік кадрлар және резервтік күштер дайындауға да лайықты үлес қосты. 1941-1945 жылдары әскери оқу орындарына 42 мыңнан астам жас қазақстандық жолданды, ал Қазақстанның аумағында сол жылдары жұмыс істеген 27 әскери оқу орны 16 мыңдай офицер дайындап шығарған. Біздің жерлестеріміз майдан даласында ерлікпен шайқасқан. Жауынгерлік ерліктері үшін жүздеген мың қазақстандық медаль-ордендермен марапатталса, 500-дей адам Кеңес Одағының Батыры, 100-ден астам адам - Даңқ орденінің толық иегері атанған. Төрт қазақстандық екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атанды, олар - Талғат Бигелдинов, Сергей Луганский, Иван Павлов және Леонид Беда. Кеңес Одағы Батырларының қатарында қазақтың екі қызы - мерген Әлия Молдағұлова мен пулеметші Мәншүк Мәметова бар. Рейхстагқа Жеңіс туын тіккендердің бірі - қазақ жігіті Рахымжан Қошқарбаев. Жаудың тылында партизандардың қатарында да қазақстандықтар шайқасқан. Солардың бірі - Қасым Қайсенов. Ал танымал қолбасшы, әскери жазушы Бауыржан Момышұлын, 28 панфиловшылардың ерлігін білмейтін қазақ жоқ шығар. Соғыстың тек майдан даласында ғана емес, тылда жүргені мәлім.......
Халқымның сан ғасырлық ғұмыры да, Уақыттың жұқ болмапты жұмырына. Армысың, Азаттығым, қыран қанат, Қалықтап қайта қонған тұғырына. Кең ашып берекеңе есігіңді, Түзетіп, тербете біл бесігіңді. Сан ғасыр бұршақ салып мойыныңа Құдайдан күтіп едің осы күнді. Несіпбек Айтұлы Еліміз егемендігін алып, еңсемізді көтеріп, Тәуелсіздік тойын тойлап келе жатқанымызға да 25 жыл болыпты. Осы 25 жыл ішінде біз толағай табыстарға жеттік, қазақ елін әлем таныды: Қазақстан бүкіләлемдік деңгейдегі дамыған елдердің қатарында көрініп келеді. Біз тәуелсіздік тұғырын бекіте түстік, жарқын болашаққа сеніммен қарайтын заманға қадам бастық. Осындай жарқын заманға жету бізге оңай болған жоқ.Зарықтырып жеткен Тәуелсіздік жолының соншама шырғалаң, сондай бұралаң әрі соншама ұзақ болғанын жұрт жақсы біледі. Елдің басына не келіп, не кетпеді дейсің! Опық жесек, қорлық көрсек, аңқаулығымыздан, жікшілдігімізден көрген елміз. Оның айқын мысалын VIII ғасырдағы Күлтегін ескерткіштерінен оқимыз: «Ей, түрктің бектері, халқы! Сендер таққа кіріптарсыңдар, алауызсыңдар. Әкелі-баланың ымырасыздығынан, ағалы-інілінің дауласқандығынан, бекті- халқының жауласқандығынан, дұшпаныңның сөзіне алданғандығыңнан, қағаныңнан, қағандығыңнан, елдігіңнен, төріңнен айырылдың. Жер-жерге босып сандалдың. Біресе ілгері шаптың, біресе кері шаптың, сонда не таптың? Бек ұлдарың құл болды, пәк қыздарың күң болды. Түрк бектері, халқы өкін!» Сай-сүйегіңді сырқырататын осы сөздерді бабаларымыз мәңгі өшпестей етіп жүрегінің қанымен, көзінің жасымен осылай тасқа қашап жазып кеткен. Ел тағдыры, ер тағдыры сынға түсіп тұрған шақта мұны ұмытуға болмайды. Ұлтарақтай жер үшін ұлы бабаларымыздың қаны төгілді. Қаншама арыстарымыз тар қапаста көз жұмып, құны сұраусыз кетті. Жігеріміз құм болып, жұртымыз құл болды. .....
Туған жер - адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенімен, болашағымен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап - ақ әрбір жеке тұлға адамда Отанға деген махаббат сезімі оянады. Менің отаным кішкене болса да, мен үшін аса қымбат жер Хромтау ауданы, Бөгетсай ауылынан бастау алады. Дәл осы жерде менің көңілді де, шаттықты, уайымсыз балалық шағым өтті. Туған жердің қадірін ұясынан ұзаққа кеткен адам ғана түсінеді. Туған жердің топырағы, суы мен ауасы, түтіні де қымбат. Оның тауы мен тасынан да, өзен көлінен де, тіпті құмы мен шөлінен де әсем әуен естуге болады.......
Пән:Информатика Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Үдерістерді электрондық кестелерінде моделдеу Сабақ тақырыбы: Проблеманы анықтау және талдау 2-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 9.3.1.1 – Процесс моделдерін (физикалық, биологиялық экономикалық) электрондық кестеде әзірлеу және зерттеу Сабақ мақсаты: Экономикалық үдерістерін электрондық кестелерінде зерттеу және әзірлеу...
Пән:Химия Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Су Сабақтың тақырыбы: Судың құрамы, қасиеттері, қолданылуы Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 8.4.2.6 -судың табиғатта кең таралғандығын, бірегей қасиеттерін және оның өмір үшін маңызын түсіндіру 8.4.2.7 -судың табиғаттағы айналымын түсіндіру Сабақ мақсаттары: судың құрамы мен құрылысын айқындайды; судың бірегей қасиеттері мен оның өмір үшін маңызын байланыстырады; судың табиғаттағы айналымын сипаттайды.....
Пән:Құқық негіздері Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Іс жүргізу құқығының негіздері Сабақ тақырыбы: Қылмыстық процестің міндеттері мен қағидаттары 1-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.4.1.1 қылмыстық процестің негізгі міндеттері мен қағидаттарын түсіндіру Сабақ мақсаттары: Қылмыстық процестің негізгі міндетін түсінеді; Қылмыстық процесстің қағидаттарын талдайды.....
Пән:Биология Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Молекулалық биология және биохимия Сабақ тақырыбы: Судың тіршілік үшін маңызы Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): Жердегі тіршілік үшін судың іргелі маңызын түсіндіру Сабақ мақсаттары: Оқушы біледі:судың биологиялық қызметін түсінеді. Оқушы түсінеді: судың құрамындағы молекулалық байланысты біледі. Оқушы жасай алады: су мен мұздың салыстырмалы тығыздығын және еріткіштік қасиетін талдайды және дұрысқ орытынды жасайды.......