Шығарма: Ерлік есте сақталады

Алғашқы күннен бастап, 1945 жылдың мамыр айы бұрын-соңды болмаған нұрын төкті. Ел-жұрт табиғат шуағына шомылды. Нұрына бөленді. Адамдар бетінен күлкі, жайдарылық, жылылық сезілді. Өйткені, «Қызыл армия Берлинге кірді» деген хабар лезде тарады. Сондықтан 1417 күнге созылған қанды қырғынның жеңіспен аяқталар сәтін ақ шашты ана да, белі бүгілген қарт та, майданда қанды белшесінен кешкен жауынгерлер де, олардың елде қалған балалары мен іні-қарындастары да, екі көзі төрт болып күткен арулары да аңсады, армандап асыға күтті. Сол күн туды. 9 мамыр мейрам деп жарияланды. Жеңіс күні деп бүкіл әлемге паш етті. Халық сол хабарды естіген сәттен бастап, бұған дейін тұла бойыңды тітіреткен «соғыс» деген улы жыландай суық сөзден мәңгілік құтылғандай сезінді. Неміс басқыншылары басынан бақайшағына дейін қарулы болғанымен, Кеңес мемлекетінің жалаңаш қызыл қаруы – патриоттық ұлы рухы оған тайсалмай қарсы шықты. Миллиондаған денелер майдан далаларында туралып жатса да, өрттей өршеленіп екінші бір толқын бой көтеріп жатты. Соғыс комбайны қарттан емшектегі балаға дейін қомағайланып жұтып жатты. Соғыс мынау орыс, мынау хохол, мынау қазақ деп ұлтқа бөлген жоқ. Алып майданда сан қилы ұлт өкілдері қол ұстасып, қоян-қолтық соғысқа қарсы соғысты. Қарттардың, сәбилердің қынадай қырылуы олардың кеуделерінде кек отын тұтандырды.......
Шығармалар
Толық
0 0

Өлең: Алқызыл тас (Қазақ ауыз әдебиеті)

Қарағым айналайын, қарақат көз,
Тыңдасаң айтар едім азырақ сөз,
лилалай, сәулем, лилалай.
Барлығы мінез-ғұрып бір өзіңді,
Бағыңа қандай адам боласың кез,
лилалай, сәулем, лилалай.

Қайырмасы:
Ахахай, алқызыл тас,
Күнім-ау құрдас.
Көрген жан дидарыңа,
Болмай ма мас,
Лилалай, сәулем,л илалай.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Эссе: Жаңа жыл

Жаңа жыл,жаңа бағыт,жаңа күн,
Жаңа жылда кезігеді әсем үн.
Жаңа жылда дидарланып күн шықса
Жаңа жылды тойлауменен болар түн!

-дегендей жаңа жыл мерекесі барлығына өзгеріс орнатады.Жаңа жыл әркімнің үйіне бақыт,бақ-береке,ырыс әкеледі.Жаңа жыл тойланар күнге дейін әрбір шаңырақта асыға күткен жаңа жылдарына қамдану басталады.Әркім өздігінше үйін сәндеп,әр түрлі заттармен безендіріп,жаңа жылдық киімдер алып,үйге немесе сырт жаққа(ауланың ішіне) шырша қойып оған ойыншықтарын тағып, түрлі түсті шамдармен әсемдеп ауланы,үйді мұнтаздай етіп тазалап,жаңа жылды қарсы алады.Жаңа жыл тойланып атап өту үшін үйге азық-түлік алып,жаңа жыл жағдайын алдын-ала жасап алады.Бәрі мәз-мейрам боп,бір-бірімен ренжісіп қалған адамдар татуласып,жаңа жыл сондай керемет барлығына қуаныш әкеледі.Аяз ата мен Ақша қар жаңа жылдың ең басты кейіпкерлері:Аяз ата сыйлыққа толы дорбасын арқалап,Ақша қарды жанына ертіп алып,үйді-үйді аралайды.Ал,бұл жаңа жылды жыл сайын көріп,сол жайлы біліп жүріп өзіне өте қатты әсер алған балалар Аяз атаға хат жазып,арманын айтып,жарқын-жарқын сөздерін қосып,лебіз тілектерін білдіреді.......
Эсселер
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Ежелгі Спарта Афинадан несімен ерекшеленді? 2-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 5 сынып, ІІІ тоқсан)

Пән: Дүниежүзі тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ежелгі Қытай
Сабақтың тақырыбы: Ежелгі Спарта Афинадан несімен ерекшеленді? 2-сабақ
Оқу мақсаты: 5.3.1.1 ежелгі мемлекеттердің саяси құрылымның ерекшеліктерін сипаттау
Сабақ мақсаты: Дереккөздер арқылы Ежелгі Спарта мен Афины саяси ерекшелігін көрсету......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): «Қара індет» шаруалар көтерілістері мен феодалдық соғыстардың басты себебі болды ма? 1-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 6 сынып, ІІ тоқсан)

Пән: Дүниежүзі тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: XIV ғасыр- XVI ғасырдың бірінші жартысындағы ортағасырлық еуропалық қоғам
Сабақ тақырыбы: «Қара індет» шаруалар көтерілістері мен феодалдық соғыстардың басты себебі болды ма? 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.3.2.2 - У.Тайлер, Г. Каль жетекшілігімен болған антифеодалдық көтерілістердің себептері мен маңызын анықтау;
6.3.1.4 - феодалдық соғыстар мен орталықтандырылған мемлекеттердің құрылуы арасында байланыс орнату
Сабақ мақсаттары: Ортағасырлық еуропалық қоғамға «Қара індеттің» тигізген әсерін, Англиямен Франциядағы шаруалар көтерілісінің себептері мен салдарларын анықтау......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Популяция санының өзгеру себептері 2-сабақ (Биология, 8 сынып, IV тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Биосфера, экожүйе, популяция
Сабақтың тақырыбы: Популяция санының өзгеру себептері 2-сабақ (жаңа тақырыпты меңгерту)
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: 8.3.1.5 жыртқыш-құрбан қарым-қатынасы мысалында популяция санының өзгеру себептерін орнату
Сабақтың мақсаттары: Популяция санының өзгеру себептерін түсіндіру.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Ақпаратты өлшеу тәсілдері 2-сабақ (Информатика, 8 сынып, I тоқсан)

Пән: Информатика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Денсаулық және қауіпсіздік
Сабақ тақырыбы: Ақпаратты өлшеу тәсілдері 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.2.1.1 - ақпараттың санын анықтау үшін алфавит тәсілін қолдану
Сабақ мақсаты: «Алфавит» және «алфавит қуаты» ұғымдарын білу
• Ақпараттың көлемін анықтау үшін алфавит тәсілін қолдану........
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қаржы | Ақша айналымындағы ақшаның ролі

Ақшаларды ертеден адамзаттың пайда болуымен қатар өмiр сүрiп келедi десе де болады. Ғасырлар бойы ақша өзгерiп отырған және бүгiнде олардың жағдайы аяқталған соңғы фраза болып табылмайды.
Тауар айналысының тарихи дамуы процесiнде жалпыға бiрдей балама формасында әр алуан тауарлар болған: мал терi, қабыршақ, металл бұйымдары және т.б. Мұның барлығы тауар өндiрiсi мен тауар айналысының болуына негiзделген ақша қажеттiгiнiң себептерiн түсiндiредi.
Экономикалық категория ретiнде ақшалар өндiрiс және бөлу процесiнде адамдар арасындағы экономикалық қатынастарды бейнелейдi. Бұл жерде ақша бес түрлi қызмет атқарады: құн өлшемi, айналыс құралы, төлем құралы, қазына жинау және қорлану құралы, дүниежүзiлiк ақшалар.
Ақшаның өзiнде, сондай-ақ олардың қызметтерiнде жылдар бойы өзгерiстер болды. Егер де бұрындары сатып алу- сату процесi жалпыға бiрдей балама – алтынмен жүргiзiлсе, бұл күндерi қағаз және несие ақшалармен жүзеге асуда.
Ақша айналысының объективтi негiзi – тауар өндiрiсi мен тауар айналысы болып табқылады. Ен формасының өзгерiп отыруы, яғни тауардың ақшаға және ақшаның жаңа тауар сатып алу үшiн қолданылуы, ақшаның әрдайым қозғалыста, яғни айналыста болуына мүмкiндiк жасайды.
Жалпы ақша айналысының көлемi тауар бағаларының сомасынан әрдайым артық болады. Ақшаның қызмет көрсетуi тек сату-сатып алумен шектелмейдi.
Курстық жұмыстың тақырыбы маңызды мәселенiң бiрi ақшалар айналымындағы ақшаның ролін ашып көрсетуге бағытталып алынды. Күнi бүгiнде айналымдағы ақшаның ролi жоғары.
Курстық жұмысым екi бөлiмдi қарастыра отырып жазылды. Бiрiншi бөлiмде қоғамдық қатынастарды таратушы ретiндегi ақшаның маңыздылығын оның шығу тегiнен бастап, тарихи даму кезеңдерiне, қасиеттерi мен мән-маңызына тоқталып, атқаратын бес түрлi қызметiн ашып жаздым.
Жұмыстың екiншi бөлiмiнде ақша айналымындағы ақшаның алатын орны мен айналысқа ақшаларды шығаруды басты мәселе етiп ала отырып, ақша айналысы және ақша айналымы ұғымдарының мәнiн, айналысқа ақшаларды шығару процесiн сипаттап жазуға ұмтылдым.
Курстық жұмысты жазу кезiнде ақшалар туралы көптеген оқулықтарды, оқу құралдарын, монографияларды, яғни экономикалық әдебиеттердi пайдаландым. Мысалы, бiрнеше авторлар бiрiгiп жазған және аударған, жалпы редакциясын басқарған ғалым-экономист Сейтқасымов С. “Ақша, несие, банктер” оқулығы, сондай-ақ мерзiмді баспасөз материалдарын, әсiресе “Қаржы-қаражат” журналы жұмысты жазуыма көп сеп ...
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | ЖұМЫССЫЗДЫҚТЫҢ МӘСЕЛЕСІН ШЕШУ

КІРІСПЕ
Еңбек қашанда адамның аса қадірлеп, қүрмет түратын игіліктерінің біріненен саналып келді. Ол материалдық жэне рухани байлықтарының ғана көзі емес, сонымен қатар адамның аса маңызды өмірлік қажеті мен правосы, оның жеке басының дамуы үшін қажетті қуатты қүрал болып табылады. Адамның қабілеті еркін де мазмүнды еңбек үстінде көрініп, жетіле түседі. Еңбекке деген ділгірлік негізінен алғанда өндіріс құрал-жабдықтарын иемденушілерге жүмысшы күшін сату арқылы жэне де ол күш неғүрлым мол пайда табу мүддесіне сай келетіндей мөлшерде ғана өтеледі. Мұндай жағдайда еңбекші қауымның қыруар бөлігі жүмыссыздыққа душар болады. Жұмыссыздық қазіргі кезде үйренішті болса да, ол ешқашан да мүншалықты түрақты сипат алып, ешқашан да өзінің құрамы жағынан еңбекшілердің осыншалықты кең шеңберін қамтып, басқа да бір элеуметтік апат -инфляциямен дэл қазіргі уақыттағыдай асталып көрген жоқ. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0