Ей, ұрпағым! Батыс жақтан сол бір жыл, Қасірет алып соғыс деген үн келді. Әлемімнің болса да ортақ ай, күні, Ұмытылар ма қаралы жыл әйгілі. Жамылды елім сонау бір жыл бір сәтте Қасірет пен қайғыны. Аш қасқырдай жанарлары қанталап, Жау төнгенде Отаныма анталап, Кеттім мен де жау шебіне ең алғаш, Ел тілегі,ел үмітін арқалап. «Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Бүгін таңғы сағат төртте неміс басқыншылығы тұтқиылдан шабуыл жасап, Отанымызға соғыс ашты.Барша азаматтарды Отанымызды қорғауға шақырамыз» -деп Левитанның радио арқылы сөйлеген сөзінен кейін бақандай төрт жылға созылған, тарихта болмаған ірі-ірі, жойқын шайқастарымен белгілі Ұлы Отан соғысы басталды. Кеңестер елімен «соғыспау» туралы жасалған шартын опасыздықпен бұзған фашист әскерлері соғыстың алғашқы сағаттарынан бастап-ақ кеңес әскерлерінің маңызды орындарын жаппай бомбалады. 1941 жылы 22 маусымда басталған Ұлы Отан соғысына ел басына күн туғанда, біздің ата-әжелеріміз, аға-апаларымыз да қолына қару алып, елін,жерін қорғау үшін майдан алаңына аттанды. Иә, соғыстың алғашқы күндерінен бастап-ақ сан миллиондаған адамдар Отанын жаудан қорғауда кеудесін оққа төседі, жанын қиды. Осындай қиын қыстау кезеңдерде «Біздің ісіміз-әділ, жау талқандалады, біз жеңіп шығамыз!» деген үндеу майдан шебінде жүрген әрбір сарбазға күш бергендей жігерлендіре, рухтандыра түседі. Ақыры, біз Жеңіске жеттік! Қанішер неміс басқыншыларымен шайқасқан Кеңес әскерлерінің үміттері мен сенімдері ақталып, армандары орындалды.......
Пән:Дүниежүзі тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.2A. Қос дөңгелекті күйме арбалар мен империялар Сабақтың тақырыбы: Таяу және Орта Шығыстағы ежелгі империялар неліктен қуатты болды? 2-сабақ Сабақ барысында қамтылатын оқу мақсаттары: 5.3.2.2 басқыншылық соғыстар мен империялардың пайда болуы мемлекеттердің шекараларын қалай өзгергерткенін түсіндіру 5.3.1.1ежелгі мемлекеттердің саяси құрылымының ерекшеліктерін сипаттау Сабақ мақсаттары: Ассирия империясы, екінші Вавилон империясы, Парсы империясы секілді ежелгі мемлекеттердің саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуын оқып үйренеді.....
Пән:Физика Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Атом ядросы Сабақтың тақырыбы: Элементар бөлшектер 1-сабақ Осы сабақтың көмегімен қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 9.6.3.1 – элементар бөлшектерді жіктеу Сабақтың мақсаттары: - (Сандық және сапалық, графикалық ) Есептер шығару арқылы оқушылардың талдау және сараптау дағдыларын қалыптастыру; - қорытынды жасау, ең маңызды ақпаратты іздеу секілді аналитикалық қабілеттерінің дамуына ықпал жасау; - элементар бөлшектердің негізгі қасиеттері мен жіктелуін білу. .....
Пән:Геометрия Ұзақ мерзімді жоспар: Қайталау Сабақ тақырыбы: Төртбұрыштар. Есептер шығару. Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.1.1.3 параллелограмм анықтамасын білу; 8.1.1.4 параллелограмм қасиеттерін қорытып шығару және қолдану; 8.1.1.5 параллелограмм белгілерін қорытып шығару және қолдану; 8.1.1.6 тіктөртбұрыш, ромб, шаршы анықтамаларын білу және олардың қасиеттері мен белгілерін қорытып шығару; 8.1.1.11 трапецияның анықтамасын, түрлерін және қасиеттерін білу; 8.1.1.13 трапецияның орта сызығының қасиетін дәлелдеу және қолдану. Сабақ мақсаттары: - төртбұрыштардың түрлерін, қасиеттерін қайталау; - төртбұрыштардың қасиеттерін есеп шығарғанда қолдану.......
Пән:Алгебра Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.3B Қисап Сабақ тақырыбы: Функцияның кесіндідегі ең үлкен және ең кіші мәндері. Функция графигінің нүктесінен жүргізілген жанама мен нормальдың теңдеулері. Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.5.1.34 функцияның кесіндідегі ең үлкен (ең кіші) мәндерін табады; 10.5.1.35 функция графигіне жүргізілген жанама мен нормаль теңдеулерін құрады; Сабақ мақсаттары: Оқушылардың барлығы функцияның кесіндідегі ең үлкен және ең кіші мәндерін табу жолын біледі. Функция графигіне жүргізілген жанама мен нормаль теңдеулерін құрады......
Бұрынғы өткен заманда, дін мұсылман аманда Қасым атты хан болыпты. Ханның өзі хандығын елден асырса да, басында бір қайғы болыпты. Бір баланың жоқтығынан хан алты әйел алыпты. Алты әйел алса да бала көрмепті. Бір күні хан отырып елін жинап бата алып, қажыға бармақ болыпты. Сол оймен халқын жинатып, ақ бата алып қажыға жүреді.
Хан бірнеше күндей жол жүріп, Алатау деген тауға келіп түнейді. Түнде көзі ұйқыға ілініп кетсе, түсінде үш пері адам болып келіп: «Хан басыңды көтер, қолыңды жай, Құдай сенің тілеуіңді береді, еліңе қайт, барғаннан кейін бір әйелің екіқабат болады!»—дейді де ғайып болады.
Хан ұйқыдан басын көтеріп алса, ешкім жоқ. Сонымен хан, еліне қайтады. Еліне келіп, арада бірнеше ай өткеннен кейін ең кенже әйелі жүкті болып, бір ұл табады. Хан ұлдың атын Пырақ қояды.....
Кіріспе Қазақстан Республикасы XXI күрделi өзгерiстермен аяқ басты. Бұл мәселенiң өзектiлiгi әлемдiк экономикалық қауымдастықта елiмiздiң нарықтық бағытта дамушы ел деп танылуымен арта түстi. Себебi Елбасымыз атап көрсеткенiндей “мемлекетiмiз әлем таныған, алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылуы керек” деп атап көрсеттi. Сондықтанда болар бүгiнгi күнi экономикалық дамудың тиiмдi жолдарын табу туралы мәселелi сұрақтар кең түрде талқылауға түсiп отыр. Ол үшiн елде тұрақты экономикалық өсу және соны жүзеге асыру үшiн экономикалық жүйелердiң тиiмдi қызмет етуi болып табылады. Тақырыптың өзектiлiгi бүгiнгi таңда мемлекеттiң негiзi экономика болса, ал экономиканың негiзi қаржы және бюджет болғандықтан, және дамыған мемлекеттердің тәжіриебесі көрсеткендей нарықтық экономика жағдайында мемлекеттің негізгі қаржы тірегі салықтар болғандықтан, салықтардың ішінде бюджетте маңызды орын алатын қосылған құн салығын қарастыру ерекше өзекті болып саналады. Жұмыстың зерттеу пәні болып- Қазақстан Республикасындағы қосылған құн салығы....