Өлең: Күләш Ахметова (Мұхит)

Дарындыны жақтадым сөз алдым да,
Даусы қалған далада, бозаң құмда
Мұхит десе,
Мұзды да, Үнді де емес,
Мұңды Мұхит тұрғандай көз алдымда.
Махаббаттың сездіріп демін, өртін,
Жомарт жүрек шынайы егілер тым.......
Өлеңдер
Толық
0 0

Шығарма: Салауатты өмір салтын сақтайық

Салауатты өмір салты – бұл ең әуелі денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған іс – әрекет. Бұл сөз тіркестері соңғы кездері барлығымыз жиі еститін жалаң ұранға айналып барады ма деймін. Уақыт өткен сайын маңызы артып бара жатқан бұл салтқа бей-жай қарайтындар қатары, өкінішке орай, артып барады.
Менің сабағым сағат 9:00 де басталады. Оған дейін таңертең ертерек тұрып, таза ауада жүгіріп, сергіп қайтқанды жақсы көремін. Таңғы жүгіріс адамға өзін сергек сезінуге және көңіл күйінің көтеріңкі...
Шығармалар
Толық
0 0

Әңгіме: Сүлеймен Баязитов | Қазақ хандығына 550 жыл


Қарамерген

Басына құт береке аялдамай,

Бұл қырды қырсық шалған

Талай-талай.

Дегізген «жеті жұттың бәрі – бізде»

Қазаққа қырын келген замандар-ай.

Өткен ед сол жылы да нәубат бастан,

Жұт жайлап,

Тігер тұяқ қырылды аштан.

Жарымай ішер асқа отырғанда,

Жау қолы жеті жақтан келіп басқан.

Аяусыз сар далада қырғын салған,

Қиылған қыршынан үзілді арман.

Тұяғы жау атының жетпеген ел,

Қашпақ боп, .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Реферат: СУ РЕСУРСТАРЫНЫҢ САРҚЫЛАУЫ МЕН ЛАСТАНУЫ

Бїгінгі кїнде ауыз су жјне жалпы тўщы су мјселесі – дїние жїзіндегі еѕ ґзекті мјселелердіѕ бірі. Адамзаттыѕ бестен бірі ауыз суына зјру.
Ќазаќстан су ресурстарыныѕ їлкен жетіспеушілігі елдерініѕ санатына жатады. Ќазіргі уаќытта су объектілері тау кен ґндіру, металлургия жјне химия ґнеркјсібі кјсіпорындарыныѕ, ќалалардыѕ коммуналдыќ ќызметтерініѕ жедел ластауына ўшырауда жјне наќты экологиялыќ ќатер тґндіреді. Ертіс, Нўра, Сырдария, Іле ґзендері, Балќаш кґлі неєўрлым ластанєан. Халыќты ауыз сумен ќамтамасыз етудіѕ негізгі кґзі болып табылатын жер асты сулары да ластануєа ўшыраєан.
2005-2010 жылдар аралыєында ішінде ґзен экожїйелеріне жїктемені азайту маќсатында жјне олардыѕ ластануы мен ќоќыстануыныѕ алдын алу їшін су ќорєау аймаќтарыныѕ жобалары жјне барлыќ пайдаланылатын су объектілерініѕ жолаєы јзірленетін болады. 2005-2006 жылдары су объектілеріне ластаушы заттардыѕ тґгінділерін таѕбалыдан жиынтыќ нормалауєа кезеѕ кезеѕмен кґшіруге мїмкіндік беретін зиянды заттардыѕ мїмкін болатын шекті нормативтерін жјне судыѕ жай-кїйініѕ маќсатты кґрсеткіштерін јзірлеу жґніндегі єылыми-ќолданбалы зерттеулердіѕ кешені жїргізілетін болады. Бўныѕ бјрі аєынды суларды тазарту жґніндегі єимараттарды салу жјне ќайта жґндеу кезіндегі жаѕа технологияларды енгізуді жеделдетеді.
Су жетіспеушілігін бастан кешіп жатќан ґѕірлердегі бар су ресурстарыныѕ санын ўлєайту жјне сапасын жаќсарту їшін ґзен аєынын реттеу жґніндегі, оныѕ ішінде бассейн аралыќ ќайта болу жґніндегі, сондай-аќ жер асты ауыз суларын пайдалануды жеделдету жґніндегі жўмыстарды жалєастыру ќажет....
Рефераттар
Толық
0 0

Өлең: Кенен Әзірбаев (Қырғызбай)

[quote]Әнге бас, Кенеп ақын, ал домбыра,
Көкейден ақтарылған сөзді құра.
Көз көріп, құлақ естіп, бастан өткен,
Тарихи оқиғаның бірін жырла.
Көп көрген шежіре қарт, әңгімеңді айт,
Келешек ұрпағына қалсын мұра.......[quote]
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Кенен Әзірбаев (Жамбыл-жыр)

[quote]Жамбылды Жамбыл десем, кім білмейді,
Өлеңнің ордасына кім кірмейді.
Елу жыл ертіп жүрген ардақты ата,
Домбыраң құлағымда күмбірлейді.
...Бір күні Жамбылды ойлап қиялдадым,
Көз ілмей, төсегіме сия алмадым.
«Кененжан» .дейтін сөзі еске түсіп,
Өзімді-өзім сөгіп, ұялғаным.........[quote]
Өлеңдер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК – ЕЛ ҚАУІПСІЗДІГІ

Кіріспе
Менің жұмысымның тақырыбына арқау болып отырған Қазақстан Республикасындағы ұлттық қауіпсіздік тұрғысындағы мәселелер өзіндік ерекше өзекті сипатқа ие болып отыр деуге болады. Оны мынадан аңғаруға болар еді, яғни бүгінгі күнгі ұлттық қауіпсіздігін қорғау мәселесі тек Қазақстанға тән проблема ғана болып қана қоймай сондай-ақ ол барлық әлемдік қауымдастыққа мүше елдердің үлкен де өзекті ірі мәселесіне айналып отыр. Мәселен, ұлттық қауіпсіздігін қорғау мәселесі шын мәнінде қазір тәуелсіз мемлекеттердің дербес қорғаныс саласы болып қалыптаса бастағаны да белгілі. Сондықтанда біздің елімізде ұлттық қауіпсіздігін қорғау және оны құқықтық тұрғыдан қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды мәселелерінің бірі болып табылады. Қазақстанда ұлттық қауіпсіздігін қорғаудағы басты мақсаты мен қағидалары еліміздің тәуелсіздігін нығайтып барлық даулы мәселелерді бейбіт жолдармен шешу, басқа елдің қауіпсіздігіне қатер төндіруді болдырмау және күш қолданудан немесе қандай да бір нысанда болсын күш колдану қаупінен тартыну, сондай-ақ қандай да бір іс-қимыл қолданбайтындыққа негізделген. Осы тұрғыда Қазақстан тәуелсіздік алған алғашқы жылдардан бастап еліміздің екінші тарапқа қарсы бағытталған қандай да бір әскери-саяси одаққа қатысудан, екінші тараптың мемлекеттік егемендігі мен ұлттық қауіпсіздік мүдделеріне нұқсан келтіретін қандай да бір үшінші тараппен шарт немесе келісім жасасудан бас тартатынын мәлімдеді.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Педагогика | Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдардағы мектеп психологиясы

КІРІСПЕ
Тәрбие мәселелерін дұрыс шешу тәрбие және оқыту теориясы мен практикасының өткенде қалай дамығанын мұғалімнің білуін керек етеді. Совет педагогикасының қатарлы педагогтар мен көрнекті ойшылдар тәрбие-мәселесінде көптеген бағалы педагогикалық идеяларды ұсынды. Оларды сын көзімен қарап зерттеу болашақ мұғалімдердің педагогтық дайындығын күшейтеді.
Советтік педагогика тарихы әр дәуірдегі тәрбие мен тәрбие мекемелерінің даыуын зерттеуде қоғамның дамуы туралы маркстік ілімге сүйенген. Бұл ілім бойынша педагогикалық теориялар, тәрбие мекемелерінің жүйесі, оқыту мен тәрбиелеудің ұйымдастырылуы, мазмұны және әдістері қоғамның материалдың өмірінің жағдайларына сай белгіленген.
Мектеп тәжірибесі мен педагогикалық ой-пікір қоғам дамуының әлеуметтік-экономикалық талаптары мен дәрежесіне тәуелді болады деген объективтік заңдылыққа сүйене отыра, педагогика тарихының марксист зерттеушілері мектеп білімінің мазмұнын, ұйымдастырылуы мен әдістерін қайта құрудың, педагогикалық көзқарастардың өзгеріп отыруының шын себептерін ашып отырады.
Советтік педагогика тарихы советтік педагогика ғылымы мен совет мектебі тәжірибесіне шолу жасау курстық жұмыстың мақсаты.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Банк ісі | “Халық банкінің” бухгалтерлік есепті ұйымдастыру

Кіріспе
Бухгалтерлік есеп көптеген жылдар бойы басқа ғылымдар сияқты дамып, қоғамның экономикалық әлеуметтік әлеуметтік жағдайларына сай өзгерістерге ұшырап келе жатқан. Сондай-ақ өмірде өзінің ерекшелігімен оқшауланатын ғылым болып табылады. Белгілі ғалым Б.Де-Солозано осы ғылым туралы «Бухгалтерлік есеп барлық ғылымдармен өнердің ең алдында тұрады. Басқалары онсыз өмір сүре алмаса, бухгалтерлік есеп үшін олардың ешқайсысы қажет емес» деген болса оның әріптесі Р.А.Фулки «Есеп бұл барлық бизнестің тілі, яғни философиясы деп атаған. Біріккен Ұлттар Ұйымының 1992 жылы өткізген конференциясында «Есептей алмаған, басқара алмайды» деген сөздің бекер айтылмағанын атап өтуге болады
Кәзіргі қоғамда бухгалтерлік есептің мәні өте зор.Ол тек бухгалтерлік кітапты жүргізу ғана емес, сонымен қатар банктің қызметіне қатысты барлық қаржылық ақпараттарды талдау, қаржылық есеп беруді өңдеу, бухгалтерлік есептік жүйесін құру, салық салу мәселелерімен бірге жоспарлар мен болжаулардың жасалуын қамтиды.Ақша – несие саясатын анықтау және соған байланысты шешім қабылдау банктік операцияларды бейнелеуге және бірінші кезекте банк басқармасына одан кейін пайдаланушыларға ақпараттар ұсынуға негізделген бухгалтерлік есептің жүйесін ұйымдастыру сапасымен деңгейіне тікелей қатысты, себебі сапалы ақпараттарды неғұрлым үлкен экономикалық пайда алу үшін тиімді пайдалану қажет.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0