Қазақ тілінен сабақ жоспары: Көңіл-күйді білдіретін бет-бейнелер қағаздан жасалған дөңгелектер.№2 (1 сынып, 1 бөлім )

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өзім туралы
Сабақтың тақырыбы:Көңіл-күйді білдіретін бет-бейнелер қағаздан жасалған дөңгелектер.№2
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)2.4 Диалогке қатысу.
1.2.4.1 Анық сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді.
2.6 Сөйлеу мәнерін бағалау.
1.2.6.1 Балаларға арналған шағын фильмдердің үзінділері мен аудио құралдар арқылы оқиғаларды тыңдап (әңгімелер, ертегілер) талқылайды.
Сабақтың мақсаттары:Барлығы: Сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді. Оқиғаларды тыңдайды.
Көбі: Анық сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді. Оқиғаларды тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.
Кейбірі: Анық және толық сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді. Оқиғаларды тыңдап (әңгімелер, ертегілер) талқылайды. ...
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Жүрек приступінің болатыны жайлы 1 ай бұрын білуге болады

Білетін боларсыздар 21 ғасырда өлімнің көбісі жүрек ауруынан.

✅ 1) Шаршау

Қан тамырлары жіңішке болып тарылғанда, сіздің жүрегіңіз өзіне керек мөлшердегі қанды ала алмайды. Ал бұл жүректің күшін әлсіретеді. Ең бірінші белгі — Мәңгілік шаршау және ұйқы келіп есіней беру.

✅ 2) Тыныс алу жолдарының қалыпсыздығы

Егер жүрегіңізге қан аз мөлшерде келетін болса, Өкпеңіз керекті мөлшерде кислород ала алмагандыгы. ......
Кеңестер
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Бағдарламалау | KZ доменіндегі қазақ кітап сайттары

КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипатттамасы. Бүгінде әлемдік желіні қолданбайтын ел кемде - кем. Әр адамның күнделікті қажеттілігіне айналған интернет саласы біздің елде де кеңінен қанат жайып үлгерді. Дегенмен, бұл жаңа саланың кей жүйелерінде әлі де кемшін тұстар бар. Ол, әсіресе, кітапқа арналған қазақша сайттардың интернет кеңістігінде тым аздығымен айқын байқалады. Алайда, уақыт өткен сайын еліміздегі интернет жүйесіндегі бағдарламаларды дамыту мақсатымен өз ұсыныстарын жасап, ойларын ортаға салып, белсене араласып жүрген жастардың қатары күн санап өсуде. Бірақ, үлкен қолдау мен назарды талап ететін сала әлі де дұрыс қолға алынбай жүргені рас. Біз бүгін бітіру жұмысымызда осы мәселенің қаншалықты дұрыс жолға қойылып, дамып келе жатқанын қарастырмақпыз.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Елімізде кенже дамып келе жатқан салалардың бірі интернет жүйесіндегі қазақ сайттары екені бесенеден белгілі. Кітап туралы ақпарат тарататын сайттардың республикамызда өте аз екені анық. Осыны негізге ала отырып зерттеу жұмысын жазу арқылы, осы аталмыш саланың өзіндік артықшылықтары мен ерекшеліктерін көрсетуге тырыстық. Бүгінде үлкен идеологияның бір құралына айналып отырған интернет кеңістігіндегі бұл сала талқылау мен сараптауды, сонымен қатар тыңғылықты жүйені қажетсініп отырған тақырып. Сондықтан да, бұл мәселеге қатысты қандай да болмасын айтылған ой-пікірдің маңызы зор және қымбат деген ойдамыз. Сондай-ақ, зерттеу жұмыста кітап сайттарына қатысты электронды басылымдар жайлы да сөз етпекпіз. Себебі, қазіргі күнде бар құжаттамадан басқа дәстүрлі кітаптар да электронды кейіпке енуде. Дегенмен, осыны насихаттайтын, жалпы кітап жайлы мол ақпарат пен материал қоймасына сай боларлықтай елімізде бірде бір дұрыс кітап сайты жоқ. Сол себептен де, бұл тақырыпты кешеңді түрде сөз ету бүгінгі таңда өзекті және маңызды деп білеміз.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Интернет саласы өткен ғасырдың аяғында ғана пайда болып аз уақыттың ішінде өз қанатын кеңге жайып үлгерді. Ал, біздің елде бұл сала тек жаңа дәуірдің басында ғана қарқынды дами бастады. Оның ішінде кітап сайтына қатысты ана тіліміздегі өнімдерді шығару тіпті бертін ғана қолға алына басталған дүние. Сондықтан да, болашақта осы тақырыпқа байланысты том – том еңбектер жазылып, айтылатын пікірлер әлі де көп болатыны сөзсіз. Дегенмен, дәл бүгінгі күнде бастамасын жаңа алып, енді - енді дами бастаған сала әлі көпшіліктің тарапынан үлкен назарға ие емес десек шындықтың шегінен шарықтамағанымыз. Осыны негізге ала отырып, біз зерттеу обьектісі ретінде қазақ кітап сайттарына тоқталуды жөн көрдік.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Бітіру жұмысымның мақсаты – бүгінгі таңда қазақ кітап сайттарының қандай деңгейде дамып келе жатқаның анықтау арқылы сараптама жасау. Сонымен қатар, қазақ кітап сайтарындағы қордаланбай келе жатқан мәселелерді анықтау. Дүниежүзілік ғаламтор әлеміндегі нақ Қазақстан елінде кітап ісіне арналған сайттарды қарастыру арқылы оның бүгінгі таңдағы шын келбетін көрсету. Сонымен бірге, тың бастаманың бүгінде шешілмей келе жатқан мәселелерін айтып қана қоймай оның шешілу жолдарын да қарастырып іздеу.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Әдебиет | А.Байтұрсыновтың аудармашылық шеберлігі

Ахмет Байтұрсынов 1873 жылы 28 қаңтарда Торғай уезінің Тосын болысында туған. Алғаш ауыл молдасынан хат таниды. Он үш жасар Ахметті елдегі ағайындары әке аманатымен Торғайдағы екі сыныптық орыс-қазақ училищесіне оқуға береді. Халықтың сана-сезімін оятып, бойына ізгілік дарыту, оны жағымсыз қылықтардан арылту мақсатына қызмет етер деген ниетпен И.А.Крыловтың мысалдарын аударып, 1909 жылы Петербургте өзінің алғашқы жинағын «Қырық мысал» деген атпен жеке кітап етіп шығарды. Ыбырай шығармаларының ең басты мақсаты – қараңғылық пен саяси құқықсыздықта мүшкілдік күн кешкен халық бұқарасын жақсы болашақ жолындағы күресте бірлікке шақыру, өнер-білімге, мәдениетке, прогреске үндеу болып табылады.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Агроөнеркәсіп кешені

Жеңiл және тамақ өнеркәсiбiнiң көптеген кәсіпорындарын жаңғыртып, қайтадан жасақтау жүзеге асырылып жатыр.
Мұны жақсы нышан деу керек, бiзде тәуелсiздiк алған жылдарымыздың iшiнде 2003 жылы тұңғыш рет өңдеушi өнеркәсiптiң өcу қарқыны өндiрушi өнеркәсiптiң өсу қарқынынан асып түстi. Машина жасауда бұл көрсеткiш 20 пайыздан да артық болды.
Аграрлық азық-түлiк бағдарламасын жүзеге асырудың да алғашқы жылы аяқталды. Қуантарлық нәтижелер бар. АӨК-тi мемлекеттік қолдау көлемi едәуiр ұлғайды.
Былтырғы жылы ауыл еңбеккерлерi 51,5 миллиардқа жуық теңге алса, биыл оларға 70 миллиард теңгедей қаржы бөлiнiп отыр.
Бұл алдыңғы жылдың көрсеткішінен ширектен астам артық.
Бөлiнген қаржы шаруаларға өткен жылы лизинг арқылы 806 ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға, 52,5 мың тонна минералды тыңайтқыштар, сондай-ақ гербицидтер мен уытты заттар, мал егуге қажетті препараттар алуға мүмкіндік бердi.
Мал шаруашылығында да оңды нәтижелерге қол жеттi, мал басы тұрақты өсіп келедi. Ет пен сүт өндiру 17 пайыздан астам артты.
Қазақстан астыққа деген өзiнiң қажетiн қанағаттандырып қана қоймай, бес миллион тоннадан астам астықты экспортқа да шығарды.
Ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өңдеу көлемi өткен жылы нақтылы есептегенде 9,5 пайыздан аса ұлғайды.
Ең бастысы, шаруаларымыздың материалдық жағдайы едәуiр жақсарды, демек бұл олардың көңіл ауаны көтерiңкi, болашаққа деген сенiмi зор деген сөз....
Рефераттар
Толық
0 0

Өлең: Кенен Әзірбаев (Ұлы октябрь нұры)

[quote]Ұлықтар у жыландай елді шақты,
Талайды дарға асып, көзімше атты.
«Өлер бала молаға қашады» деп,
Ақырында ел соның өзін шапты.
Қызыл ер талқандады алтын тақты,
Езілген еңбекші елге нұр таң атты.
Ленин бастап, Большевик батыр шығып,
Жалпақ елге жалынды жыр таратты.
Жақсылық бірте-бірте жақындады......[quote]
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Естірту, тоқтау, көңіл айту (Қазақ ауыз әдебиеті)

Аққу ұшып көлге кетті,
Ақ сұңқар ұшып шөлге кетті.
Ол адасып кеткен жоқ,
Бәріміз баратын жерге кетті.
Арғымақтың тұяғы
Тасты басса, кетілер,
Сазды басса, жетілер.
Тозбасты ұста соқпас,
Өлместі құдай жаратпас.
Өлмейтін өмір жоқ,
Сынбайтын темір жоқ.
Өлмесе, ата-бабаларымыздың....
Өлеңдер
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Ветеринария | Бeрeкe iшкi сaудa oбeктiсi жaғдaйындa iрi қaрa мaлы сoйыс өнiмдeрiн фaсциoлeз aуруы кeзiндe вeтeринaриялық сaнитaриялық бaғaлaу

1.1 Тaқырыптың өзeктілігі және практикалық маңыздылығы
Қaзaқстaн Рeспубликaсы «Хaлықтың дeнсaулығы жәнe дeнсaулық сaқтaу жөнiндeгi» кoдeкс бoйыншa aйнaлaдaғы oртa мeн хaлықтың дeнсaулығын сaқтaу жөнiндeгi өзгe дe зaң құжaттaры сaнитaрлық-эпидeмиoлoгиялық сaлaуaттылық сaлaсындaғы қaтынaстaрды рeттeудiң құқықтық нeгiзi бoлып тaбылaды. Ұйымдық экoнoмикaлық, құқықтық жәнe тәрбиeлiк сипaттaғы шaрaлaр кeшeнiн жүргiзiлуiмeн қaмтaмaсыз eтiлeтiн aзaмaттaрдың дeнсaулығын, тiршiлiк oртaсының қoлaйлылығы мeн сaнитaрлық-эпидeмиoлoгиялық сaлaуaттылығын қoрғaуды жүзeгe aсыру қaжeт. Жұқпaлы aурулaрмeн aуырғaндaр, жұқпaлы aурулaрмeн aуырaды дeп күдiк туғызaтындaр жәнe бaктeрия тaрaтушылaр oқшaулaндырылуғa жәнe aурухaнaдa eмдeлугe жaтaды, жұқпaлы aурулaрмeн қaрым-қaтынaстa бoлғaн aдaм мeдицинaлық қaдaғaлaуғa aлынaды, қaжeт бoлғaн жaғдaйдa oқшaулaндырылaды жәнe eмдeлeдi. Хaлықтың дeнсaулығын қoрғaу жұқпaлы жәнe пaрaзиттiк aурулaрды бoлдырмaу кәсiптiк aурулaр мeн улaнулaрдың, бaқытсыз oқиғaлaрдың aлдын aлу, eңбeк қaуiпсiздiгiн қaмтaмaсыз eту мaқсaтындa кәсiпoрындaрдың, мeкeмeлeрдiң, ұйымдaрдың қызмeткeрлeрi мeн aзaмaттaры aлдын aлa жәнe мeрзiмдiк бaқылaулaрдaн, aрнaйы мeдицинaлық тeксeрулeрдeн өтeдi Пaрaзиттiк aурулaр пaрaзиттeрдiң сaн aлуaн түрлeрiнeн туындaйтын aурулaр. Пaрaзиттi тaсымaлдaушы – aурудың клиникaлық бeлгiлeрiсiз пaрaзиттiк aурулaр қoздырғыштaрын тaсымaлдaушылaр. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Шәкәрім лирикалары

Кіріспе
ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазақ әдебиеті идеялық, тақырыптық және көркемдік жағынан жаңа сипатқа көшіп, соны бағытқа бет бұрды. Бұл бағыт өмір құбылыстарын кестелеудегі шынайылықты, имандылқ пен азаматтық үнді қастерлейтін реалистік бағыт еді. Қандай дап болсын реалистік туындының күш – құдіреті айнала қоршаған ортадағы былайғы көпшілікке беймәлім құбылыстар мен құпия сырларды мейлінше нанымды әрі көркем етіп жеткізе білуінде болса керек. Реалистік әдебиеттің әлеуметтік маңызы мен қоғамдық мәнінің өзі оның өмір құбылыстарын, уақыт пен кеңістік сипатын дәл де шынайы бейнелей білумен өлшенбек.
Төл әдебиетіміздің даму тарихындағы аса маңызды белеске айналған осынау дәуір ұлттық лирикамыздың жан-жақты баюына, нәрленіп, ажарлануына аса мол ықпалын тигізеді. Бұл дәуірде Абайдың ақындық дәстүрі тұтас мектеп е айналып, өзінің ізбасары мен жалғастырушылары арқылы тамырын кең жайды. Осынау ұлағатты дәстүрді нысана тұтқан ақындардың алдында өз заманындағы қазақ даласының әлеуметтік - саяси жағдайынан, рухани мәдени психикалық хал-ахуалынан туындайтын сан тарау тақырыптар бой көтерді. Мұның өзі лирикалық поэзияға аса мол міндеттер жүктеді.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Сен құрметте оны (7 сынып, IV тоқсан, 3 бөлім )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлім: Батыр туса-ел ырысы.
Сабақтың тақырыбы: Сен құрметте оны...
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Т2.Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, ақпараттың өзектілігін анықтау.
Сабақтың мақсаттары: Барлық оқушылар
Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсінеді
Көптеген оқушылар
Тақырыпқа қатысты ақпараттарды саралай алады
Кейбір оқушылар
Өзекті ақпаратты таба алады....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0