Шығарма: Әжемнің әңгімесі

Мен сіздерге өзімнің әжем жайлы әңгіме айтқым келеді. Өйткені, мен- әжемнің ең сүйікті немересімін. Менің әжемнің аты-Сабира. Менің әжем өте әңгімешіл кісі. Жас келгесін бе, әлде біздерді қуантқысы келеді ме екен өзі жайлы, балалық шағы жайлы айтқанды жақсы көреді. Менің әжемнің балалық шағы Ұлы Отан соғысымен тұспа-тұс келіпті.Соғыс басталғанда, әжем небары он жаста ғана екен. Әжем жасынан өте пысық, өмірге бейім, сөзшең кісі болған. Тоғыз жасында-ақ анасынан айырылған әжем әкесінің оң қолы болыпты .Өзі бойы кішкентай ғана шағын қелген кісі. Ісінің тыңғылықтылығына тәнті болған көрші кемпір«Өзі қолбасындай, қолбасындай болса да, қорғасындай » деп әжемді мақтап отырады екен. Әжем әкесі және Күнзия деген әпкесі мен Жүсіп деген інісі төртеуі Арал маңындағы темір жол бойындағы бір ауылда тұрыпты. Алдында әпкесі болса да отбасының жауапкершілігі өз мойнында болыпты.Әпкесі өзінен үлкен болса да ,алғырлығына риза болған әкесі әжеме көп арқа сүйепті. Ерте ер жетіп, тірлікке араласуына соғыс кезінің қиыншылығы әсер етсе керек. Үш жасар інісі әпкелеріне еркелеп өсіпті. Әкесі Жұмағали азаннан қара кешке дейін теміржолда жұмыс жасапты.Тылда қалған кәрі-құртаң,бала-шағаға бас- көз болсын деді ме , әлде тышқандай үш жетімнің де себебі болды ма,әйтеуір әкесін соғысқа алмапты. Қолы қалт еткенде үйінің отын-суы , малдың шөбін қамдап бір тынбайды екен. Күз аяқталар кезде әжемнің әкесі бір түйесіне мініп, екінші түйесін жетекке алып, өзіндей адамдармен бірігіп, Сыр бойына кететін болған. ...
Шығармалар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Бухгалтерлік есеп | ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУДІҢ АКЦИОНЕРЛІК ФОРМАСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

КІРІСПЕ
Бүгінгі күні Қазақстанда нарықтық экономиканың негіздерін құрудың маңызды шарттарының бірі акционерлік қатынастардың дамуы болып табылады. Олар шетел капиталын тарту арқылы нарықтық бейімделеген шаруашылық құрылымдар мен бәсекелестік ортаның құрылуына мүмкіндік береді, сонымен қатар алып-сату мен кәсіпкерлік әрекеттердің дамуына жағдай жасайды. Акционерлік қатынастар акционерлердің басқаруға және пайданы бөлуге қатысуын қамтамасыз етеді. Нарықтық экономиканың әлеуметтенуінің акционерлік формасы капиталды демократияландырады. Акционерлік қатынастардың әлеуметтік бөлігі меншік иелерінің массалық негізі ретінде қоғамның орта табын қалыптастыру шарттарының бірі болып табылады.
Экономикадағы өндірістің құлдырауы және дағдарыс жағдайларында акционерлік қатынастардың дамуы қаржылық ресурстардың көлденең түрде ауысуын қадағалап, салааралық қаражаттардың қозғалысын рационалдайды, яғни экономиканы көтерудің және қайта құрудың алғышарттарын қалыптастырады.
Акционерлік қатынастардың, қаржылық ресурстардың мобилизациясы ақшаны байланыстырудың, инфляциямен күрестің және ақша айналымын тұрақтандырудың құралы болып табылады.
Елімізде акционерлік қатынастардың дамуы мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің екінші этабын жүзеге асыру нәтижесінде кеңістікте де, уақыт бойынша да жаңа қарқынға ие болды.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Өлең: Кенен Әзірбаев (Үмбеталы дүние салғанда)

[quote]Ә с і м х а н
Мен келдім Қордай аудан Кировіне,
Ақынның ішіндегі жүйрігіне.
Үмбеталы екеуің тең, өсіп ең,
Көп тұрмын Үмбет жайын білдіруге.
Ән қосқан бозторғайға Кенен едің,
Өлең мен домбыраның кемелі едің.
Айтпай-ақ ендігісін түсінерсің,
Қолайсыз бір жұмыспен келген едім.
Кенен мен Үмбеталы қарттарымыз,
Жамбыл мен Сүйімбайға тартқаныңыз.......[quote]
Өлеңдер
Толық
0 0

Шығарма: Мен - ұлттық бояуы сіңген елімнің перзентімін

Қызық... Бұл жолы жан дүниемді белгісіз ойлар арбап, жүрегімнің дүрсілі әлденені сезгендей ме? Бұрындары ойыма келген әр нәрсені ақ қағазға түсірудің өзі мен үшін бір ләззат болса, ал бүгінгі сезім одан да күштірек, одан да беймәлім болады- ау. Кеудемдегі жүрек дүрсіліне құлақ салсам «жаза түс және тағы жаз» дегендей үн қататын секілді. Осы үнмен жалғасқан ойды мына параққа түсірмесем сірә, мұным тағы әбестікке жатар.
Сайын даланың атырабында, ақша бұлттың арманында, жазиралы асқар ала таудың бауырында, тұғыры биік , талғамы таза, тарихы тереңде жатқан дархан халқымның даласы қашанда әр перзентіне аналық рух берері хақ.......
Шығармалар
Толық
0 0

Өлең: Жамбыл Жабаев (Кеңес гвардеецтеріне)

Тіл ұшында бір сөз бар,
Жалындана жайнаған,
Құлаққа сол сөз тигенде,
Серпіліп бүкіл денеңде,
Қанық да қызып қайнаған;
Жарың да қызық сайраған
Сол сөз жетсе көкті өрлеп,
Жүрегіңді күш кернеп,
Жаның сергіп самғаған.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Күләш Ахметова (Суреткер)

...Есімде, той болды бір ауылда ірі,
Жігіттің таң қалдырып қалыңдығы,
Беташар айтылғанда
жалт қаратқан
Жадымда
жас ақынның жалынды үні.
Сызылып көк аспанда жаңа Ай туды,
Уыздай әппақ өңге арай тұнды.
Қауымның үні шықпай,
ақын жігіт:
"Тоғжандай екен!" — деді. Бәрі айтылды.......
Өлеңдер
Толық
0 0

Шығарма: Батырлардың есімі ұмытылмайды

Ерлік елдің қасиеті,
Жүректілік - жігіттің қасиеті-деп
Бауыржан Момышұлы айтқандай сонау 40-жылдары қиян-кескі ұрыста көрсеткен аталарымыздың табандылықтарын ұмыту мүмкін емес. Отан үшін қасық қандары қалғанша күрескен әр азаматтың батырлығы бізге үлгі. Қатыгездікпен елімізге шабуыл жасаған неміс фашистерінің зұлымдықтарына төтеп бере алған,кеудесін оққа төсеген ерлер қаншама. Қақаған қыстың суығына,аптап ыстыққа шыдаулары «Отаным, елім» деп соққан әрбір совет жауынгерін қиындыққа төзе білуге үйретті. Отанға,жеріне деген сезімдері алға жетеледі». Батыр майданда шынығады. Болат қайнауда шынығады» дегендей жас шамасына қарамай жасөспірім балалар да майданға сұранып, қолдарына қару алды. «Отан үшін жан пида» ұранымен жауды жағасынан алды..........
Шығармалар
Толық
0 0