Сүт - малдың желінінде (сүт безінде) қаннан түзілетін күрделі, құрамында жүзден астам заты бар физиологиялық ерітінді. Оның құрамында су, белок, сүт майы, сүт қанты, минералды заттар (оның ішінде микроэлементтер) витаминдер, ферменттер, гормондар, газдар, пигменттер, иммундық заттар, микроорганизмдер, т.б. болады. Сүт осы айтылған заттардың кездейсоқ қосындысы емес, бір бірімен тығыз байланысты коллоидты құрылым. Сондықтан да сүтті- полидисперсиялық система деп те атайды. Себебі оның кейбір қосындылары ионды немесе молекулалық (тұздар, сүт қанты) түрде кездессе, басқалары (майлар) ірі дисперсия түзеді. Жұмыстың мақсаты: Қой сүтінің құрамы мен қасиеттерін зерттеу. Жұмыстың міндеті: -Қой сүтінің физико-химиялық құрамын зерттеу; - Қой сүтінің жыл мезгіліне байланысты физико-химиялық құрамын зерттеу; - Қой сүтінің физико- химиялық құрамын сиыр сүтінің физико-химиялық құрамымен салыстыру Ерте кезден бастап адамдар сүттің емдік қасиеті барын анықтаған болатын, сол себептен медициналық емдік зат ретінде қолданған. Авиценна өзінің «Канон врачебной науки» еңбегінде: сүт- балалар мен қарт адамдарға ең жақсы тағам деп жазған болатын. Мыңдаған жылдардан бері сүт пен оның емдік қасиеттері туралы белгілі. Алайда, қазіргі күннің өзінде сүт туралы барлығын білеміз деп нақты айта алмаймыз. ....
Бүкiл әлем алдында құдiретi күштi «Қызыл Империяның» қаһарынан қаймықпай оның озбырлы - үстемдiк саясатына қасқайып, қарсы тұрған қазақ жастарының 1986 - жылғы Желтоқсан көтерiлiсiндегi жанкештi ерлiктерi қай елге де, қай мемлекетке де болмасын тағылымды да ғибратты үлгi - өнеге. Әйгiлi Желтоқсан көтерiлiсiнде Қайрат, Ләззат, Ербол, Сәбирадай боздақтар қыршынынан қиылса, жүздеген жастар темiр тордың ащы дәмiн татып мыңдаған азаматтар жазықсыз қудаланып, бiлiм ордаларынан шығарылып, қызметтерiнен қуылды. ....
Пән: Қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлім: Ғылым мен техниканың соңғы жаңалықтары. Сабақтың тақырыбы: Ғылыми ашылулар Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:(оқу бағдарламасына сілтеме)7.Ж2.Эссе құрылымы мен дамуын сақтап, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазу Сабақтың мақсаттары: Эссе құрылымын сақтап, өз көзқарасын білдіре отырып жаза алады....
Байқоңыр космодромы қазақ жеріндегі ең үлкен және өте күрделі инженерлік құрылыс. Мұндай инженерлік кешенді адамзат баласы бұрын- соңды жасаған емес. Бұл ғажап құрылыста космос корабльдерін, космос станцияларын, зымырандарды, зымыран- тасымалдаушыларды сынау, космос кеңістігін зерттеу үшін кең көлемде ғылыми- зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Байқоңыр космодромындай құрылыс жер шарында жоқ. Сондықтан Байқоңыр космодромы дүниежүзі халықтарының назарын аударып, алаңдатып отыр. Ол тек космос корабльдері мен зымырандарды космос кеңістігіне ұшыру мақсатына жасалған емес. Сонымен қатар, әскери қару- жарақтардың жаңа түрлерін сынау мақсатын да көздейді. Байқоңыр космодромы әскери ғылыми- техникалық орталық болып есептеледі. Космодромда өнеркәсіп және шаруашылық орындары шоғырланған. Олар да космос кеңістігін зерттеуге атсалысады. Мұнда космосқа ұшырылатын космос корабльдерінің, зымырандардың, зымыран- тасымалдаушылардың бөлшектері жиналып, космосқа ұшырылып отырады. Космосқа ұшқан космос корабльдерінің ұшатын бағыты белгіленіп, ұшу жылдамдығы анықталады. Онда зымырандардың бағытын және жылдамдығын анықтайтын электронды есептеу орталығы бар. Космодром 1957 жылы Байқоңыр қаласында салынған. Бұл қалада қазіргі кезде 6 мың халық тұрады. Космодромда 9 зымыран ұшуру кешені, 15 зымыран ұшыратын қондырғылар бар. Ресейдің барлық космосқа ұшқан корабльдері мен зымырдандары осы Байқоңыр космодромынан ұшырылған. Зымырандарды отынмен қамтамасыз ететін 3 станция, космонавттардың денсаулығын бақылайтын медициналық орталық, 1- классқа жататын 2 аэродром, сұйық оттек, сұйық озот өндіретін завод, электр жылу жүйесі, газ құбырлы электр станциясы, 470 шақырым темір жол, 1280 шақырым автокөлік жүретін магистраль, электр, жылу, сумен қамтамасыз ететін жүйелері бар. Космодромның құрылысы алғашқы кезде тым құпия болған. Салынған жүйелер мен құрылыстар объектілерді жасырын түрде жүргізілген. Қазақ елінің жерге деген билігі жоқ болатын. Байқоңыр космодромы Қазақстанның оңтүстік-батысында, яғни Қызылорда облысының территориясында орналасқан. Бұл аймақтың ауа райы өте құбылмалы келеді. Қысы суық, жазы ыстық, жауын-шашын 90-150 мм-дей аз жауады. Сол себептен ауа райы ылғалсыз болып келеді де, құрғақшылық жиі-жиі болып тұрады. Жер бедері жазық, тау-тастар жоқ. Тек қана құм белестері мен көшпелі құмдар көп кездеседі. өсімдік әлемі онша көп емес. Орман-тоғай бұл аймақта өспейді. ....
Ұлы Отан соғысы аяқталып, Жеңістің туы желбірегеніне биыл - 75 жыл! Жеңіс күні – бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Бұл мереке – біз үшін де ұлы мереке! Ұлы Отан соғысы біздің әрбірім үшін ұмытылмастай ізін қалдырды. Осы соғыста қаншама адам қаза тауып, қаншамасы мүгедек атанды. Қаншама ана жесір, балалар жетім қалды. Оңай келмеген жеңісте ерен ерлігімен көзге түсіп, ерекше сый-құрметке ие болған сан мыңдаған жауынгерлердің ішінде қазақ аталарымыз бен апаларымыз да көп. Ерлігін жыр қылып айтатын әрбір қазақ батырымызды ешбіріміз ешқашан ұмытпаймыз. Қазір қазақ елдімекендерінде көптеген көшелер, ғимараттар, оқу орындарына Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен қазақтардың есімдері де берілді. Ол деген біз, яғни, кішкентай қазақстандықтар өз ата-апаларының ерліктерін ұмытпасын, біліп жүрсін, мақтан етсін деген мақсат. Қазіргі кезде сол батырларымыздың қатары сиреп, азайып қалды. Олар - біздің мақтанышымыз! 1945 жылдың 9-мамыры күні дәл осы шаттық хабарды естіп тұрып, бүкіл әлем теңселіп кетті. Жер жүзі халықтарының жүректері қуаныштан лүпіл қақты... Кеңес Одағының тұрғындары 5 жыл бойы күндей күркіреген соғыста – 1418 күн мен түндерде, бүкіл жігерімен Жеңіске ұмтылған... Осы жеңісте Қазақстаннан шыққан қаһарманмен жауынгерлердің қанымен, жанымен мына жарық өмір үшін аянбай ұмтылған зор үлестері бар еді. Біз Жеңіс күнін жақындатқан, қаратүнек фашизмге қарсы жан аямай күрескен әрбір жауынгерге қарыздармыз. Ұлы Отан соғысы және Ұлы Жеңіс. Бұл екі сөз бір-бірінен толықтыра түседі. Ұлы Жеңіс біздің халқымыздың орасан зор құрбандықтарымен келген қасіретті арифметикасы. Соғыс салған зардап әлі күнге дейін толық жойылған жоқ. Олардың Отан үшін қан кешкен әрбір қадамы, жеңісті жақындата түскен әрбір күні ұмытылмайды......
Физика ғылымының тілі –бұл физикалық терминдер. Термин дегеніміз – ғылым, техника, өнер аумағындағы қандай да бір белгілі ұғымның атауы болып табылады. “Термин” ұғымының жалпы анықтамасына сүйене отырып біз физикалық терминді келесі түрдегідей анықтаймыз. Осыдан физикалық термин дегеніміз – бұл физикалық ұғымның атауы болып табылатын сөз немесе сөз тіркесі, ал физикалық ұғым – физикалық обектілер мен физикалық құбылыстардың мәнді белгілерінің бейнесі. Ғылыми – техникалық даму барлық ғылыми білім салаларындағы түсініктер мен терминдердің жүйесін тәртіпке салу мәселесін күшейте түсті. Физика қазіргі техника мен өндірістің негізі болып табылады және маман халық шаруашылығының кез-келген саласында физика ғылымдарының әдістері мен тілін еркін пайдалануға тиіс. Сондықтан арнайы орта мектептің қазіргі кездегі өзгертулерінің басты мәселелерінің бірі- табиги математикалық, жалпы техникалық және арнайы пәндердің жетік меңгерілуі үшін физиканың оқытылуының сапасын, нәтижесін және ғылыми деңгейін айтарлықтай көтеру. Бүгінгі күнде физиканы толық негізде қазіргі кезде ғылым мен техниканың тілі деуге болады. Әрине қандайда бір ғылым тек физикалық емес, сондай- ақ табиги және өзінің арнайы тілімен қолданылады. Бірақ физика тілінің қолдану деңгейі сол немесе басқа ғылымның дамуының маңызды көрсеткіші.....
Самайым неге ағарды білесің бе? Жүректің тірлік үшін күресінде, Кем болды қуаныштар үлесімде, Құлазытқан күндерім жүр есімде. Шаттығым да санаулы, жеңісім де, Келе алмадым көбіңмен келісімге.......