Курстық жұмыс: Халықаралық құқық | Шетел құқығы

Кіріспе
Азаматтар мен заңды тұлғалар қатысатын, халықаралық қатынастың әр алуандық формалары, халықаралық жеке құқықтың механизмдері мен институттарын, олардың қазіргі заманға сай және тиісті қолдану қажеттілігінің толық жетілдіруін қажет етеді. Халықаралық жеке құқықтың құралдарына қарасақ, ол Қазақстан және шетел заңдырының «қақтығыстырын» алдын алуды мақсат етіп отыр.
Бүгінгі күндері халықаралық жеке және басқа да құқық салаларының шекараларында шетелдіктердің құқықтық жағдайы, сыртқы сауда әрекеті, шетелдік инвестициялар, интелектуалды меншік тәріздес шиеленіскен провлемалар туындап отыр.
Егер әр түрлі құқықтық жүйеден шығатын, бір немесе бірнеше заңдар қатар сол бір құқықтық қатынасты реттеуге үміттенген жағдайда ғана коллизиялық заңдар пайда болады. Алдымен осы заңдардың қайсысы осы құқықтық қатынастың қолданылуына жататыны анықтау қажет.
Азаматтық немесе сауда құқығы сияқты, ұлттық құқықтың салалары, қарапайым жағдайлар жөніндегі істер мен болады. Белгілі бір құқықтық қатынасты реттеуге қолданылатын, ішкі мемлекеттік құқықтық ережелер жиынтығын табу жеткілікті болып табылады. Егер де құқықтық қатынас бір немесе бірнеше шетел элементімен байланысты болса, ол бірнеше құқықтық жүйемен байлануда, осыдан кейін таңдау проблемасы туындайды. Қолдануға үміткер, жүйе арасынан, біреуін таңдау қажет болып табылады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Шығарма: Біз елдің бөлшегіміз

Кіші жастан бастап-ақ біз Қазақстан Отанымыздың қадірін арттыруға үлкен үлес қосуымыз керек. Елімізді биік шындарға жетелуін әрбір азаматтың абыройы деп саналады. Бойында намысы бар патриот адам - ең бірінші кезекке өзінің елінің гүлденуіне үлкен үміт етіп қалауда.
Әр күн сайын бір ғажап тосудамыз. Әр күн тылсым жұмыстамыз. Тек отбасы арасында ғана тыныштық таба алатындай сияқтымыз. Бұл рахат қой, үйде тосқан адам болғанда! Өзін ғана емес, қоршаған адамдардың жарығын отындай жандырасын. Оты жанбаған жансыздар да бар. Олар дүниедегі тылсым ағыстағы ағаш жапырағы. Әлі қурап кететінін білмейтін бір ағза. Олай болса да, үлкен дүниенің бөлшегі ғой! Соңына дейін ағаш бұтағындағы салбырап жүрген жапырақ,......
Шығармалар
Толық
0 0

Өлең: Күләш Ахметова (Самғау)

Бақытым — далам деймін,
Қол қоямын.
Жаз гүлдеп, күзде бірге сарғаямын.
Ғажапсың,
Қасиетті де,
Данасың да —
Даласы аруананың, желмаяның!
Алатау, Қаратаудан сыр аңғардым......
Өлеңдер
Толық
0 0

Реферат: Әдебиет | Магжан Жумабаев

Мағжан Бекенұлы Жұмабаев 1893 жылы Ақмола губерниясының Ақмола уезіндегі Полуденовский болысында (қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев ауданы, "Молодежный" совхозы) дүниеге келген. Төрт жасында ауыл мұғалімінен хат танып, сауат ашады, ал 1905 жылы Қызылжардағы (қазіргі Петропавл) медресеге оқуға түседі, бұл медресені араб, парсы, түрік тілдерін еркін меңгерген, Стамбұлда оқып, дәріс алған, ауқатты әулеттен шыққан жергілікті интеллигент Мұқамеджан Бегішев ашқан. Ол өзі Шығыс халықтарының тарихы жөнінде де сабақ берген. Мағжан Жұмабаев бұл медресені 1910 жылы жақсы үлгеріммен бітіреді. Бірақ, бұл оқумен қанағаттанбаған, ол, яғни болашақ ақын, 1910 жылы күзде өзінің ауылдасы, талапкер жазушы Бекмұқамбет Серкебаевпен Медресе — Ғалияға түсу үшін Уфаға сапар шегеді. Медресе өзінің дәрежесі жағынан алғанда жоғары оқу орнымен бара-бар болған. Мағжан сол медреседе сабақ беретін ұстаз, белгілі татар жазушысы Ғалымжан Ибрагимовпен, медресенің жетекшісі Сәлімгерей Жантуринмен, жерлесі, болашақ көрнекті жазушы Бейімбет Майлинмен танысады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Азамат болу міндетім


(Мектеп бітіруші шәкірттер үшін өтінішпен жазылған).

Халқымыздың тілінде азамат, азаматтық ұғымы екі түрлі мағынада қолданылатындығы бар. Екеуі де – қастерлі, екеуі де – қасиетті ұғым. Бірі – адамның өз мемлекетіне деген саяси-құқықтық тұрғыдағы қарым-қатынасын айшықтайтын заңдық мәні бар ұғым болса, екіншісі – адамның ішкі қадір-қасиетінің өлшемін бағалайтын киесі бай ұғым. Осы екі ұғым мағыналық тұрғыдан алуан түрлі болып көрінетін болса да, ішкі ой, таным тұрғысынан алғанда бір-біріне тіпті жақындай түсетін секілді. Себебі белгілі, бірінші ұғымда Отан деген қасиетті сөзді еске алып тұрсақ, ал екінші ұғымда адамның ар-ожданы, ұят-иманы, сана мен жан-дүниесінің асқақтығы тілге оралады. Айтылған қастерлі сөздердің бәрі, айналып келгенде, біз үшін рухани тұрғыдан нәр аларлық мағынасы бар дүниелер екендігі даусыз. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Педагогика | Эстетикалық тәрбиені қалыптастыру жолдары

Кіріспе
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында білім беру жүйесінің барлық сатысы жеке тұлға тәрбиелеуге бағытталған. Оның ішінде бастауыш мектеп білім, білік, дағдылардың тұтас жүйесін қалыптастырып, баланың танымдылық және шығармашылық қабілеттерін дамытуға негізделген алғашқы баспалдағы.
Соңғы жылдары бастауыш білім ісін жаңарту, қайта құру барысында қарқынды жұмыстар жүргізілуде. Осы салада алдыңғы қатарлы ғалымдардың, жаңашыл-педагогтардың, тәжірибелі ұстаздардың пікірлері талқыланып, жаңа тұжырымдамалар, жобалар, бағдарламалар жасалуда. Қазақстан Республикасының 2003 жылы жарық көрген білім беру ұйымдарындағы кешенді тәрбие бағдарламасында баланы адамгершілік тұрғысынан тәрбиелеуді көздеп, оның рухани дүниесінің қалыптасуы мен ақыл-ой дамуының тиімді құралы болып табылатын эстетикалық тәрбие маңызды орын алады.
Кез-келген мемлекеттің интеллектуалдық, экономикалық, адамгершілік және мәдени потенциалдары тікелей білім беру аясы жағдайы мен оны ұдайы дамыту мүмкіндіктеріне байланысты екендігі баршаға анық. Осы жағдайларды түсіну Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2015 жылға дейінгі тұжырымдамасын даярлауға әкелді, бұл қазіргі уақытта үздіксіз білім беру стратегиялық қайта құрудың бастауыш сатысын тікелей жүзеге асырудың ең бір тактикалық бағыттарының бірі ретінде қабылданды. Концепцияда бастауыш мектептің негізгі міндеті: баланың бастапқы қалыптасуы мен оның қабілеттілігін анықтап, дамытуды қамтамасыз ету болып табылады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Өлең: Кенен Әзірбаев (Беташары айтыстың)

[quote]Ежелден ол салты бар,
Айтыс десе талпынар.
Кәрі мен жас келгенде
Ақын қиял шарқ ұрар.
Ат қосқандай бәйгеге
Озып келсе даңқы бар,
Жүзден жүлде алғанды,
Мадақтайтын салты бар.
Айтысқа тән жол ашар,
Асыл сөздер жарасар.......[quote]
Өлеңдер
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Ампер күші, сол қол ережесі 3-сабақ (Физика, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Магнит өрісі
Сабақ тақырыбы: Ампер күші сол қол ережесі 3-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: Тогы бар өткізгішке магнит өрісі тарапынан күш әсер ететінін түсіну;
FIBLsinα формуласын білу түсіну, оң қол ережесін білу; Магнит ағынының тығыздығын білу және оның өлшем бірлігінің тесла екендігін білу;
Сабақ мақсаттары: • магнит өрісінде тогы бар өткізгішке күш әсер ететінін түсіну;
• сол қол ережесін және F=BILsinα формуласын білу және қолдану;
• тогы бар өткізгішке әсер ететін күштің токтың балансын қолданатын магнит өрістің ағын тығыздығын өлшеу үшін қалай қолдануға болатынын түсіну;
• тогы бар екі параллель өткізгіштердің өзара әрекетін түсіндіру және күштің бағытын анықтау;
• Есептер шығаруда қолдана білу.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сауат ашудан сабақ жоспары: Әңгіменің мазмұнын ретімен айту «Ж» дыбысы мен әрпі (1 сынып,2 бөлім )

Пән: Сауат ашу.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Менің мектебім
Сабақтың тақырыбы: Әңгіменің мазмұнын ретімен айту «Ж» дыбысы мен әрпі
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 2.1 Ақпаратты түсіну
2.2 Мәтіннің құрылымдық бөліктерін ажыратып, негізгі ойды анықтап оқу
1.2 Мәтіндегі негізгі ой мен түрлі көзқарастарды анықтау
Сабақтың мақсаттары: 1.2.1.1 Әңгіменің мазмұнын түсінеді, басты кейіпкерлерін анықтайды және қарапайым мәтіндерден нақты ақпаратты табады 1.2.2.1 Әңгіменің басын, ортасын және соңын анықтайды
1.1.2.1 Әңгімені тыңдайды және әңгімедегі оқиғаларды ретімен қоя біледі....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Әлеуметтану | Халықты әлеуметтік қорғау жүйесі

Кіріспе
Адам жөнінде қамқорлықтың өсуі, оны әлеуметтік қорғау тек этикалық-моральдық пайымдардың ғана бұйрығы емес, сонымен бірге оның прагматикалық негізі де бар, өйткені XXI ғ. табалдырығында «адам капиталының» рөлі экономикалық өсудің басты қозғаушы күші ретінде шырқау биікке көтерілді. 192 елдің ұлттық байлықтарының талдауына сүйене отырып, Дүниежүзілік банктің сарапшылары 90-шы жылдардың орта шенінде өндірістік қорлардың үлесіне ұлттық байлықтың 16% –ы, табиғи қорларға -20% – ы, «адам капиталына» 64% -ы тигенін есептеп шығарды.
Әлеуметтік қорғау жүйесі әркелкі қоғамның барлық мүшелері үшін ең төменгі тұрмыс стандарттарын қамтамасыз етуді ұйғарады. Осындай тәсілдің теориялық негізін алғаш рет Джон Роулз қалады. Оның философиясының мәні былай тұжырымдалады, әр азамат өзінің болашағын нық сеніммен болжай алмағандықтан, кедейшіліктен немесе табыс көзінен айырылудан сақтандыру әбден тиімді болуы мүмкін. Қоғам ауқамындағы мұндай сақтандыру оның ең аз қамсыздандырылған мүшелері жөнінде қамқорлық нысандарын қабылдауы ықтимал: өздерінің ағымдағы табыстарының бір бөлігін осы мақсаттарға беру арқылы, әрбір азамат, болашақтағы қолайсыз жағдайлардан өзін сақтандырғандай болады.
Роулз критирийіне сәйкес қоғамның жалпы әл-ауқаты оның ең кедей тұрмысты жіктерінің әл-ауқат деңгейімен анықталады. Алайда, үнемелі теңдікке бағытталған саясат, өте қымбат қоғам игілігі ретінде (немесе тиімділіктен айырылу ретінде) қаралуы мүмкін, оңай игілікті тек дәулетті қоғам ғана пайдалана алады. Бұл арада орынды жеткіліктілік қағидасын сақтау ерекше маңызды.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0