Өлең: Күләш Ахметова (Таң)

Төгіл, шуақ!
Даланың көркін құрап,
Желмен ойнап желбіре, желпін, құрақ!
Жұмыр Жердің жүрегін дүрсілдетіп
Жүгіріңдер, еркін жел, еркін бұлақ!
Суы — сылқым даланың, бұлты — сылаң,
Бәрі ғажап өлкеде бұлқысын ән!
Құстар әнін тыңдатып үй тұсынан,
Алма бақтар оянсын ұйқысынан!
Таңның нұры!
Ай жүзін жасырасың.......
Өлеңдер
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Гүл туралы аңыз (5 сынып, I тоқсан, 3 бөлім )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қазақстандағы жан-жануарлар мен өсімдіктер әлемі
Сабақтың тақырыбы: Гүл туралы аңыз
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Т4. Көркем шығармаларды тыңдау. Фольклорлық және шағын көлемді көркем әдеби мәтіндердің мазмұнын түсіну.
Сабақтың мақсаттары:Таныс, таныс емес сөздерді талдау арқылы «Гүл туралы аңыз» мәтінінің мазмұнын түсінеді...
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Өмірбаян: Нұрғали Нүсіпжанұлы Нүсіпжанов (5 қаңтар 1937 жылы)

Нұрғали Нүсіпжанұлы Нүсіпжанов (5 қаңтар, 1937 жылы Талдықорған облысының Гвардия ауданындағы Күреңбелдің (Алтынемел) жанындағы Доланалы ауылында туған) — әнші. Қазақстанның халық әртісі. Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Парасат, Құрмет ордендерінің иегері.

Нұрғали Нүсіпжанұлы Талдықорған облысының Гвардия ауданындағы Күреңбелдің (Алтынемел) жанындағы Доланалы ауылында 1937 жылдың 5 қаңтарында қарапайым шопан отбасында дүниеге келді. Оның ата-бабалары ежелден осы өлкенің күңгейтеріскейін мекендеген. *Қоғалыдағы орта мектепте оқыған жылдарында әнге құмартты. Көркемөнер ұйымының құрамында үшінші сыныпта жүрген шағында сайлау алдындағы ата-аналарға арналған концерттердің бірінде «Қызыл бидай», «Қыздар-ай» әндерін орындағаны үшін мақтау қағазын алды. Нұрғали студенттер мен жастар арасында Мәскеуде өтетін фестивальге жолдама алу үшін ауылдық, облыстық конкурстардан өтеді. Ақыры Алматыдағы қорытынды байқауға қатысты. Әділқазылар алқасы Нұрғалидың ән салушылық қабілетін көріп, консерваторияға қабылдауға ұсынды. ....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Қытайлықтар мен еуропалықтардың теңіз саяхаттарының айырмашылығы неде? 2-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 6 сынып, ІІІ тоқсан)

Пән: Дүниежүзі тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Сауда, қолөнер және әлемді игеру
Сабақ тақырыбы: Қытайлықтар мен еуропалықтардың теңіз саяхаттарының айырмашылығы неде? 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.4.1.2 - ортағасырлардағы халықаралық сауда мен саяхаттардың рөлін түсіндіру;
6.2.4.3 - картада XV-XVI ғасырлардағы саяхатшылардың негізгі бағыт-бағдарларын белгілей отырып, Ұлы географиялық ашылулардың адамдардың әлем туралы түсінігіне ықпалын анықтау
Сабақ мақсаттары: Қытайлықтар мен еуропалықтардың теңіз саяхаттарының ерекшеліктерін талдау.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Психология | Баланың жас ерекшеліктеріне байланысты ес процестерінің дамуын зерттеу

Кіріспе
Зерттеудің мақсаты: Баланың ес процесі және жеке адамның сенсорлық құрылымы, яғни біздің әрбір толғанысымыз, әсерленуіміз бен әрекет қылығымыз санамызда біршама уақыт (ұзақ-қысқа) сақталып, қажетті жағдайларда қайта жаңғыртуға келетін іздер салатыны баршаға мәлім. Осыдан, өткен тәжірибемізден қалған іздерді жадымызда қалдырып, сақтап, кейін бұрын білгендерімізді жойып алмастан, оларды қайта танып, жаңғыртумен ақпарат топтауымыз ес деп аталуы, сонымен ес бір-бірімен ұштасқан дара бөлектерден құралған күрделі психикалық процесс екендігі, ес балаға өте қажет жан құбылысы екендігі, оның арқасында субьекті жеке басының өмірлік тәжірибесін жинақтап, сақтап, соңғы пайдасына жаратуы осы жұмыстың басты мақсаты болып табылады.
Зерттеудің міндеті: Баладағы ес процестері және есте сақтау заңдылықтарын анықтауда жантану ғылымы, осыдан, өз алдына келесі мәселелерді шешу міндетін белгілейді: санадағы өткен тәжірибе іздері қаншама уақыт сақталуы мүмкін екендігі, есте қалдырудың ұзақ немесе қысқа болуы неліктен болатыны, ес іздері қандай өзгерістерге түсуі мүмкіндігі, естің адам танымына ықпалы қандай болу керектігі, өткен ғасырдың 80-жылдары неміс психологі Г.Эббингауз ойлаумен байланысты болмаған таза ес заңдылықтарын ашуы: мағынасыз әріп буындарын жаттай отырып, материалды есте қалдырудың негізгі шектерін белгілеуі, ал психиатр Э. Крепелина аталған тәсілді психикалық ауытқуы бар сырқаттардың есте қалдыру (жаттау) әрекетін тексеру үшін қолдануы, бала есінің бекуі және қайта жаңғыруымен байланысты негізгі заңдар Г:Э: Мюллер еңбектерінде жария етілуі осы жұмыстың басты міндеті болып табылады. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Өлең: Жамбыл Жабаев (Күн нұры)

Пернеге бауыр басқан кәрі бармақ,
Арының домбыраның шыңға самғат.
Ақтарып Жетісудың тасқынындай,
Ал, ағыт, өлеңіңді Горькийге арнап!
Ежелден менің жырым елге арналған,
Жүрегімді ел сырымен, мен жалғағам. .....
Өлеңдер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Педагогика | ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫНДА ТӘРБИЕ МӘСЕЛЕСІ

Кіріспе
Курстық жұмыстың өзнектілігі: Қазір халқымызда орта мектепті әрең бітіретін, зерделері таяз медицина тілімен «дебил» деп айдар тағылған балалар тым көбейіп кетті. Бұрынғыдай ауыздан шыққанды қағып алып, жатқа айтатын зерек ұрпақ мүлде азайып барады. Оның бірден бір себебі - арақ ішіп, шылым шегіп, апиын атудың нәтижесінде уланған ұрықтан екендігін ғылым баяғыда-ақ дәлелдеген.
Олай болса қоғамдық мәні аса зор бала тәрбиесінің алтын қазығы болып саналатын халық педагогикасының ғылыми негіздері мен жүйелерін анықтап алмаса болмайды.
Курстық жұмыстың мақсаты: Оқушыларды қоғамның белсенді және білімді азаматты етіп тәрбиелеуге барынша ықпал жасау.
Курстық жұмыстың міндеті:
- Мұғалімнің сабағына қойылатын талаптарды анықтау
- Сыныптағы әрбір жеке тұлғаның ғылыми дүниетанымның қалыптасуының адамгершілік қасиеттерін, дүниетанымдылығын арттыру.
- Мұғалім еңбегінің шығармашылық сипатын анықтау.
Курстық жұмыстың өзектілігі
Бүгінгі таңда жаңаша жұмыс жасау, оқу мен тәрбие үрдісін жаңаша ұйымдастыру қажеттілігі туындап отыр. Ал егемен еліміздің дамуы мектеп жұмыс әдістерінің түбегейлі өзгеруінсіз, оның іс-әрекетінің жаңадан құрылуынсыз мүмкін емес. Өйткені бүгінгі бала-ертеңгі дарынды білімді, жастар тәуелсіздігімізді баянды етіп, қоғамдық әлеуметтік экономикалық дамуына үлес қоса алады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Менеджмент | Мемлекет және бизнес

Мемлекеттің экономикаға араласуы белгілі бір жағдай мен себептерден болады. Жағдайларды қолайсыз және қолайлы деп екіге бөлуге болады.
1. Қолайсыз жағдайлар. Мемлекеттің экономикаға араласуы мына, жағдайларда: мемлекеттік қауіпсіздікті талап ету, қоғамдағы әлеуметтік шиеленіс, экономикадағы қолайсыз жағдай: - өндірістің төиендеуі, инфляция, жоғары дәрежедегі
• жұмыссыздық, құрылымдық баланстың бұзылуы, бюджеттің жетіспеуі, дүниежүзілік нарықта отандық өнімдердің бәсеке қабілеттігінің жоқтығы, инвестицияның төмендеуі т.б. қоршаған отаның нашарлауы.
Мемлекеттің байыпты міндеттері - уақытында қолайсыз жағдайлардың алдын-ала себептерін анықтау және оны болдырмау. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Өлең: Күләш Ахметова (Ой)

Қай дәуір,
Қола яки тас дәуірі,
Адамдар болған дейді асқан ірі.
Ол кезде ағым басқа,
Адамдардың
Жүретін қола менен тасқа әмірі.
Жасыра алмас тарих та болған істі,
Ол кезде
Жердің тау мен орман үсті,
Алдымен шабуылды көріп,
Адам......
Өлеңдер
Толық
0 0