Өлең: Жамбыл Жабаев (Күні туған елім)

Домбыра алып, ел кезіп,
Тұманды күнде мен безіп,
Кешегі жүрген шағымда:
Күннің батқан жағында, —
Секілді менің руым
Өмірдің көрген құйынын, —
Бар екені қандай жер,
Бар екені қандай ел
Сезілген күңгірт Жамбылға.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Жердегі климаттық өзгерістер (7 сынып, I тоқсан, 3 бөлім )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлім: Жердегі климаттық өзгерістер.
Сабақтың тақырыбы: Жердегі климаттық өзгерістер
Сабақта іске асатын оқу мақсаты: (оқу бағдараламасынан сілтеме) А2. Сөз мәнері мен сөйлеу этикеті
8.А2. Кеңес беру, ұсыныс жасау, талап ету, бұйрық берудің түрлі формалары мен жағдаяттарына сай ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын қолдана білу
Сабақтың мақсаты:
1.Топ бірігіп жұмыс істейді;
2.Кемінде 5 ұсыныс жасайды;
3.Дәлелдер келтіреді.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Шығарма: Мәңгілік өшпес отты жылдар

1941 жылдың 22-маусымында қанқұйлы фашизмнің қара бұлттай қаптаған қолы Кеңес Одағына соғыс ашты. Бұл соғысқа Қазақстаннан 1млн 196 164 адам қатысты. 12-атқыштар дивизиясы, 4-ұлттық әскери дивизиясы, 7-атқыштар бригадасы, 50-ге жуық полк пен батальон құрылып майданға аттанды. Тарихта теңдесі жоқ қаһармандық көрсеткен Брест қорғаушыларының қатарында 3 мыңдай Қазақстандық қатысты.
8-гвардиялық атқыштар дивизиясы құрамында 28 панфиловшы батыр Мәскеу түбінде бүкіл дүние жүзін таң қалдырған ерлік жасады. Қазақстандықтар София мен Варшаваны, Бухарест пен Белградты, Будапешт пен Венаны, Праганы, жүздеген, мыңдаған қалалар мен селоларды азат етуге қатысты. Қазақ жауынгерлерінің майдандағы ерлігі мен тапқырлығы, жауынан тайсалмайтындығы мен сұстылығы достарымызды сүйсіндіріп, дұшпандарымызды күйіндірді. Қазақтар шын мәнінде жаратылысы батыр, ерлік дәстүрі қалыптасқан ержүрек халық екенін дәлелдеді.
Мәскеу түбіндегі шайқаста саяси В.Г.Клочков басқарған бөлімше 28 панфиловшылар жаудың 50 танкісіне тойтарыс беріп асқан ерлік көрсетті. 1941 жылы 17-қарашада дивизияға «8-гвардиялық» деген атақ беріліп, кейінірек «ҚызылТу», «Ленин» ордендерімен, ал Риганы жаудан азат еткені үшін «Екінші дәрежелі Суворов» орденімен марапатталды. Бұл шайқаста ерлік танытқан 28 жауынгер «Кеңес Одағының Батыры» атағын иеленді. Сонымен бірге Волоколамск түбінде үлкен ерлік көрсетіп қаза тапқан талантты қолбасшы, қаһарман командир И.В.Панфиловке «Кеңес Одағының Батыры» атағы берілді.......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Ұлы Жеңіс – ата-бабам ерлігі

Соғыс. Бұл сөзді естісем бойымды қорқыныш билей бастайды. Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн. Қазақстан тарихында да «Ұлы Отан соғысы» деген атпен қалған, 1941 жылы басталған соғыс бүкіл дүние жүзі үшін оңай болған жоқ. Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес. Осыдан 75 жыл бұрын жер бетін шарпыған сол сұрапыл соғыста қаншама адам мерт болды. Неміс фашистері 4 жыл бойы Кеңес Одағына өз үстемдігін жүргізбекші болғанымен, күйретпекші болғанымен, елін сүйген ержүрек батырларымыз қажымас ерліктерімен тосқауыл берді. Жерім деп, Отаным деп, ұрпағым деп өз жанын қиюға дейін барған батырлардың ішінде қазақ ұл-қыздары аз болды ма?! «Соғыс» деген сөзді ести салысымен ұл демей, қыз демей барлығы да Отан қорғауға ат салысты. Сол қиын кезеңде соғыс атаулыны жеңу үшін тылдағы халықтың өзі ерлікке, Жеңіске өз үлестерін егіс даласында, зауытфабрикаларда, үйде өз үлестерін қосып отырды. Ұлы Отан соғысында атылған әрбір он оқтың тоғызы Қазақстанда жасалып, ұрыс даласына жіберіліп отырды.
Ұлы Отан соғысының қатпарлары парақтарына үңіліп қарасақ, қазақтардың қанды қырғынға қаймықпай соғысқанына ашық көзіміз жетеді. Оған мысал айқас алаңдарында өшпес ерлік жасаған бес жүз қазақтың Кеңес Одағының батыры атағын алғанын айтсақ та жетеді.
Қазақ халқының ер мінезді қыздары Отаным деп өз жанын құрбан етуге де дайын болды. Оның бірден-бір дәлелі кешегі жас шағын соғыста, елім, жерім деп өткізген Әлия мен Мәншүк секілді әпкелеріміздің ерлігі айқын дәлел болып отыр. Германияның КСРО–ға жасаған бұл соғысы қаншама ананы баладан, қаншама әйелді ер азаматынан, қаншама баланы әкеден айырды емеспе?! Сұм соғыстың зардабынан қаншама адам азап шеккен еді ғой!.......
Шығармалар
Толық
0 0

Әңгіме: Сүлеймен Баязитов | Тек ақылмен

(Әңгіме)

— Өй, мынаның терлеп-тепшіп ұйықтап жатқанына қарағанда, келгеніне біраз уақыт болған-ау, шамасы,— деп бұл жатқан кереуетке қарай беттеген. Ақаштың даусын естіп жатса да, ол әлі де мең-зең ұйқы құшағында еді. Анау мұны жұлқылап оята бастады.

Мен ауылдың орта тұсына жете бергенде-ақ интернат маңында жүрген иттердің абалап үріп, артынан әр тарапқа бытырай қаңсылап, қашқандарынан-ақ дәу де болса жынды қара келген болар деп ойлаған едім. Өйткені үрген иттерді қынадай қырып, таспен атып, «бүйідей тиіп, шылдай тоздыратын, сен едің» деумен болған. Бұл сәтте Акаша жынды қара атаған бала басын көтеріп, кереует үстінде отыр еді. Оның аты – Сәмен. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Шағын және орта бизнес кәсіпорындағы қаржылық менеджментінің қаржылық көрсеткіштері

Кіріспе
Егеменді ел болып, тәуелсіздігімізді алып нарықтық экономикаға көшуімізге байланысты ел экономикасы түбегейлі өзгерістерге душар болды. Әсіресе еліміздің экономикалық өміріндегі шаруашылық қатынастар жүйесіндегі терең әрі ауқымды өзгерістер көрініп, еркін бәсеке, бәсекеқабілеттілік, еркін сауда, жеке меншік билігі, қаржылық басқару (менеджмент) т.б. осы сияқты ұғымдар ене бастады. Сол жылдарда кәсіпорындардың барлығы дерлік жекешелендіріліп, халық кәсіпкерлікпен айналыса бастады. Әрбір мемлекеттің экономикалық саясатының негізгі құраушысы кәсіпкерлікті дамыту болып табылады. Экономиканың маңызды сфераларының бірі болып саналатын шағын кәсіпкерлікті қолдау ерекше мағынаға ие. Ол жұмысбастылардың аздығымен, үлкен емес капитал сыйымдылығымен, қиын емес басқарушылығымен сипатталады. Қазақстан Республикасында нарықтық экономикаға өтумен әр түрлі жекеменшік формадағы шағын және орта кәсіпорындарды құру қажеттілігі туды. Қазіргі кезде кәсіпкерліктің барлық формаларын қолдау мен ынталандыру Қазақстанның тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды факторы болып табылады және мемлекет экономикасын кризистен шығаруға көмектесуі мүмкін. Шағын бизнес көптеген дамыған елдердің экономикалық негізі болды және қоғам дамуының көптеген әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуге мүмкіндік туғызды.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Тарих | Шыңжан өлкесіндегі қазақтар

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: «Шыңжаң қазақтары» Қазіргі ҚХР -ң азаматтығындағы қазақтар болып табылады. Шыңжаңдағы қазақтар да біртұтас қазақ ұлтының құрамдас бір бөлігі. Олардың жалпы саны жергілікті халықтың 7% құрайды.
Орталық Азия территориясының ішінде, қазақтар «Шыңжаң» деп атап жүрген, немесе қытайдан аударғанда «жаңа жер», «жаңа шекара» деп аталып жүрген бұл географиялық аймақ «Азия жүрегі», «Тоғысу нүктесі» деп аталып, онда өмір сүретін қандастарымыздың түрлі тарихи кезеңдердегі ауа көшуі, қоныстануы, олардың қазіргі таңдағы жағдайын айқындау зерттеу жұмысының негізгі өзекті мәселесі. Бүгінгі таңда шыңжаңда тұрып жатқан қандастарымыздың тарихи отаны -Қазақстанға оралу мәселесін, екіншіден қазақ – біртұтас ұлт, сондықтан да ұлттық тарихымыз біртұтас қазақ халқының жалпы тарихын қамтуға тиісті. Ол үшін алдымен ұлт өкілдері көбірек өмір сүріп отырған қазақ қауымдарын зерттеуге тура келеді. Демек зерттеу жұмыс осындай практикалық және ғылыми -теориялық қажеттіліктер негізінен туындаған маңызды мәселе болып табылады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Химия | Экстракциялық фосфор қышқылы өндірісінің- қалдықтарын залалсыздандыратын жүйе құрастыру

Кіріспе
2006 жылы біздің экологиялық заңнамаларымызды халықаралық озық актілермен үйлестіруге, жаңа стандарттарға көшуге, мемлекеттік бақылау жүйесін жетілдіруге бағытталған Экология Кодексі қабылдануға тиіс. Түтас алғанда, біз 2010 жылы қоғамның тұрлаулы дамуының негізгі экологиялық стандарттармен жасауға тиіспіз.
Қоршаған ортаны қорғау XXI ғасыр басында ең негізгі проблеммаға айналды. Қазіргі кездегі өндіріс орны өзінің түп негізінде адаммен табиғат технологиялық байланыс бар екендігін көрсетеді. Соңғы кезге дейін адам баласы табиғат ресурстарын (жер, су, ауа т.б) таусылмайтын, тегін деп түсініп келді. Осы дай көз-қарас салдарынан табиғат ресурстары азайып, қоршаған орта ластануда, табиғи экологиялық тепе-теңдік бүзылды. Қазіргі таңда қоршаған ортаны қорғауға іс-шаралар, әртүрлі табиғат қорғау заңдылықтары пайдаланып, гшешімдер қабылдануда. Қоршаған ортаға келтірілетін зиянды заттарды азайту және соңынан оны мүлдем тоқтату қазіргі жаңа технологиялар мен процестерді ойнап табушыларға біраз шектеулер қоюда. Мүндай шектеулерді өндіріс қойылатын талап деп көрсетуге болады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Өлең: Күләш Ахметова (Сарыарқа)

Туған ел!
Қайдан сендей жай табылсын?
Ақының асылыңды айта білсін.
Сарыарқа!
Басқа алтынға қызықпаймын,
Сен менің шексіз алтын байтағымсың.
Көріндің маған ыстық өзің бірден,
Мен бұрын Жезқазғанның жезін білгем.......
Өлеңдер
Толық
0 0

Сауат ашудан сабақ жоспары: Табиғатты танимын(1 сынып,4 бөлім )

Пән: Сауат ашу.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Бізді қоршаған әлем»
Сабақ тақырыбы: Табиғатты танимын
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)1.3.10.1 заттың атын, санын, сынын, қимылын білдіретін сөздерді ажырата алу және орынды қолдана білу
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: заттың атын, санын, сынын, қимылын білдіретін сөздерді ажыратады.
Көптеген оқушылар: заттың атын, санын, сынын, қимылын білдіретін сөздерді ажыратады, сурет бойынша сөйлем құруда қолданады.
Кейбір оқушылар: заттың атын, санын, сынын, қимылын білдіретін сөздерді ажыратады, сурет бойынша және өз бақылауы бойынша сөйлем құруда қолданады; .....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0