Өлең: Күләш Ахметова (Ақпан айы)

Қалайша іздемейін, жоқтамайын?
Қарасам,
Мұңаяды бақта қайың.
Аппақ қарын төсейді жүрегіме
Ақпан айы —
Өзіңнің кеткен айың.
Сен барда асқақ еді әл-қуатым,
Көңілімнің көгінде Ай туатын.
Мен сияқты іздеумен өтер енді......
Өлеңдер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Факторингтің шығу тарихы және оның түсінігі

Кіріспе
Қазіргі кезде банктік бизнесте бәсекелестік едәуір өршуде. Несиелік мекеме базардың қалыптасып жатқан құрылысына қатты әсер етеді және өзінің әрекетінің әмбебаптылығымен жауап береді. Банкілердің көбісі есепті интернет арқылы жүргізеді, факторинг қызметі арқылы базарды қалыптастырады. Факторинг, форфейтинг, лизинг сияқты операциялар өсуде. Ұсынылған дипломда мен осылардың ішіндегі факторинг шартына көңіл аударғым келді.
«Факторинг» дегеніміз не ? Факторинг (ағылшын lacior) - несиемен байланысты сауда комиссия операциясының бір түрі. Оның мазмұнын не құрайды?
Шаруа субъектілерінің жетекшілеріне келесі үлгі жақсы таныс. «X» деген фирма «3» деген фирмаға төлемі кейін төленетін тауар жеткізіп береді немесе тауарды іске асыруға берді (консигнация). «X» және «3» фирмаларының арасында жасалған шарт талабына сәйксс белгіленген уақыт өткеннен кейін соңғысы есептесуге міндеттенеді. Мысалы, бір айдан кейін.
Бірақ, бір ай, екінші, үшінші, сонымен жарты жыл өтеді, сөйтсе де төлем төленбейді. Былай қарағанда, «3» фирмасы сенімді серік еді. Осыған ұқсас мәселелер нәтижелі орындалып жүрген, бірақ төлемдердің уақыты кішкене кешігетін. Ал мына жерде, «3» фирмасының ақшалары жоқ, ал ақшаларының жоқтығын салық басып тастады деп түсіндіреді, сөйтсе де тауар толығымен сатылған.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Шығарма: Ел тәуелсіздігі мен мемлекеттік рәміздер егіз ұғым

1996 жылы 16-желтоқсанда өз тәуелсіздігімізге аяқ басқан кезеңде төл рәміздеріміз дүниеге келді. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Рәміздерін жасау бүкіл халықтық сипат алып көптің ісіне айналуы да кездейсоқ емес. Халық жүрегін желпіген еркіндік самалы ғажайып шағармашылық белсенділікке жол ашты. Елбасымыз жаңа мемлекеттік рәміздерді қабылдауға зор мән берді. Егеменді елдің әрбір азаматы құрметтеуге және мақтаныш етуге тиісті рәміздері бар. Қазақстан республикасының рәміздері – Ту, Елтаңба және Әнұранының сипаттамалары және ресми пайдаланылу тәртібі конституциялық «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік рәміздер туралы» заңмен белгіленді.......
Шығармалар
Толық
0 0

Өлең: Күләш Ахметова (Пәк табиғат таратып)

Пәк табиғат таратып бар асылды
Жәудір жанар гүлдердің бәрі ашылды.
Әр маусымның өзіндік бояуы бар
Өр бояудың әні бар жарасымды.
Көп тырналар көкте айтып өтті арманын,
Қараңызшы той іздеп топталғанын.
Тілейді жер бұл жазда былтырғыдан
Жапырақ пен жаңбырдың көп болғанын.
Қайран көңіл, әрнеге елең еттің.
Сыршыл жүрек, көргенді өлең еттің.
Сұлулық та — мықтылық
Көрдіңіз бе,
Әйбат гүлге қонғанын көбелектің!......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Күләш Ахметова (Медсестра)

Өткен жылдар, өткен күндер есімде,
Есімде сол ізгі ниет шешім де.
Қос бұрымды, шыт көйлекті ұяң қыз
Оқып жүрген Жамбыл медучилищесінде.
Кетпейтін ол кеше кезіп безектеп...
Келмес бәрі сөз ет, мейлі, сөз етпе.
Сабақтан соң емханаға барады......
Өлеңдер
Толық
0 0

Әңгіме: Демалыстан кейінгі сабаққа дайынды әрбір ата ана істей алуы мүмкін 7 жағдай

Жаздық демалыстан кейін мектеппен қауышуға дайындық көбіне қиынға соғады. Әсіресе 1-сыныпқа баратын балалар үшін әлдеқайда қиынырақ. Өмірдің жаңа қадамына аяқ басуға, сыныптастарына және де сабақтағы парталастарына үйренісуге тура келеді.

Bilim-all.kz жазғы демалыстан кейін оқушыларды мектепке дайындауға көмекші құрал ретіндегі ұтымды тәсілдерді ұсынады.



1. Балаңызды тек баға үшін оқуға үйретпеңіз

Ата‑аналар балаларын: мектепке барғанда тек бестік бағамен оқуың керек деп айтумен қателік жасайды. Қағаз жүзіндегі баға мектепке неліктен бару қажеттілігін көрсететін айғақ емес. Әр нәрсені білгісі келетін ізденімпаз ақыл иесі үшін білімнің маңыздылығы неғұрлым қызықтырақ. Балаға оның қаншалықты нәреселерді білетінін айтып беріңіз. Жаңалықтармен бөлісіңіз, жорамалдар құрыңыз, балаңыздың әлемнің қалай құрылғаны жөніндегі дүниетанымына деген болжамын құрметпен қабылдаңыз. Оны мазалайтын әрбір сұрақтың жауабын мектеп пәндерінен таба алатындығын айтыңыз.

«Адам қандай да бір қателік жасамайынша немесе өзі қалаған нәтижеге қол жеткізуде өзінің әрекетін өзгертпейінше одан сабақ алмайды. Қателік жасай білген адам, көбірек сабақ алып үйренеді. Қателіктің бағасын мойындамау, көп нәрсені білуге кедергі келтіреді. Егер жіберілген қателіктеріңізге дұрыс мән берсеңіз, ол сіздің жетістікке жетуіңізге көмектеседі».

Даниэле Новара, психолог. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Шығарма: Менің Отаным - Қазақстан

Мен үшінең қымбат мекен – Қазақстан.Осындай киелі, әрбір қазақ үшін қымбат, тәуелсіз, жан дүниесі де байлыққа да бай Қазақстан атты елде өмір сүру мен үшін үлкен мақтаныш.
Меніңтуғанжерім – ҚазақстанРеспубликасы. Бұл – бай тарихымен, көнемәдениеті мен ерекше табиғатымен мақтана алатын ұлымемлекет. Қазақстанның тамаша табиғаты-ай! Бурабайдың қатты қарағайлары, тың жердің алтын егіндері, Ұлы даланың ақшыл бетегесі – барлығы да менің Қазақстанымда.......
Шығармалар
Толық
0 0

Реферат: Тарих | 1917 ж. Қазан революциясы және Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы Өлкедегі азамат соғысы (1917-1920 жж.)

1914 жылы басталған дүниежүзілік соғыстың салдарынан Ресей империясы үлкен дағдарысқа ұшырады: бірінші – экономикалық , екінші – саяси дағдарыс.
Соғыстың салдарынан елдің шаруашылығы қирады, өндіріс орындары тоқтады, теміржол қатынасы бұзылды, ауыл шаруашылығы күйреді. Бұл дағдарыс жұмысшылар мен шаруалардың өкіметке деген үлкен наразылығын туғызды.
Патша өкіметі бұл дағдарыстан шығудың жолын таба алмады, сөйтіп елді басқару қабілеті төмен болды.
Осы аталған дағдарыс патша өкіметінің 1917ж. ақпан айында құлауына себеп болды. Оны Ақпан төңкетісі деп атайды. Осы төңкерістің нәтижесінде қос өкімет - жұмысшылар мен шаруалардың кеңесі және буржуазиялық Уақытша өкімет құрылды.
Патша өкіметі құлатылғаннан кейін бүкіл Ресейдегі сияқты Қазақстанда да қос өкімет орнады. Бұрынғы патша шенеуліктері, эсерлер, меньшевик- тер және буржуазиялық ұлтшылдар басқарған буржуазиялық Уақытша өкі- мет органдарымен қатар халықтық өкіметтің жаңа органдары–жұмысшылар, шаруалар және солдат депутаттарынң кеңестері құрылды.
Жергілікті жерлерде Уақытша өкіметті органдары құрыла бастады.
Қазақстанда қазақ интеллигенциясы басқарған қазақтардың ұлттық облыстық және уездік комитеттері ұйымдастырлды. Оларға комиссарлар болып ұлттық интеллигенцияның өкілдері, атап айтқанда Торғай облысында Әлихан Бөкейханов Жетісу облысында Мұхамеджан Тынышпаев, Түркістанда Мұстафа Шоқаев тағайындалды.
Патша өкіметінің құлатылуын Қазақстан еңбекшілері саяси және ұлттық азат алудың бастамасы ретінде қабылдады. Бұл жеңіс өлкедегі еңбекшілердің саяси белсенділігін арттырды. Қазақстанның әртүрлі қалаларында қазақ жастарының 20 шақты үйірмелері мен топтары пайда болды. Олар халық арасында листовкалар, сол күндердің көкейтесті мәселелеріне арналған тақпақ-өлеңдер таратты. Әулиеатада Тұрар Рысқұлов «Қазақ» жастарының революцияшыл одағы деген ұйым құрды. Оның құрамына қазақ халқының орташа және кедей топтарынан шыққан алдыңғы қатардағы жастар енді
Буржуазиялық уақытша өкіметке үміт артқан қазақ зиялылары өз халқын еркіндікке жеткізуді, отарлаудан құтылуды арман етті. Осы мақсатқа жету үшін олар қазақтың ұлттық саяси партиясын құру жолын іздеді. Олар «Қазақ» газеті арқылы қазақ халқына арнайы үндеу жолдады. 1917ж. 21-26 шілдеде Орынборда болған «Бүкілқазақтық» съезде Алаш партиясы қалыптасып, басшы органдарын сайлады. Оның құрамына Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мұстафа Шоқай, Мұхаметжан Тынышпаев т.б. кірді.....
Рефераттар
Толық
0 0

Өлең: Күләш Ахметова (Құс қайтқанда)

Жырға ораушы ең, қаласаң, құла түнді,
Қабақ түйсең, қара жел тұратын-ды.
Жақсы көрген кезіңде дүниені
Жанарыңа жасыл жас тұнатын-ды.
Ерлік жырмен шығардың шын атыңды,
Ескіртпедің ежелгі мұратыңды.
Елі-жұртың іздейді енді бүгін......
Өлеңдер
Толық
0 0

Реферат: Физика | Жер асты суларының құрылу процестері құрамы және қасиеттері

Климаттық режимдер. Климаттық факторлар ықпалынан грунт суларының теңбе-теңдігі, яғни қоректену мен шығын арасындағы қатынас өзгереді (қоректену шығыннан асып түскенде грунт суларының деңгейі жоғарылайды, шығын қоректенуден асып туссе, су деңгейі төмендейді, ал қоректену мен шығын тең болса, су теңбе-теңдігінде ауытқулар болмайды). Режимнің бұл типімен сипатталатын грунт сулары атмосфералық жауын-шашынның есесінен қоректенеді. Сондықтан грунт сулары деңгейінің маусымдық, жылдық және көпжылдық ауытқулары және тұмалардың өнімі жерге сіңген жауын-шашын мөлшерінің шамасына байланысты болады. Сондықтан инфильтрациялық қоректенудің шамасы тек түскен жауын-шашын мөлшері мен олардың жыл маусымдарына қарай бөлінуінен ғана емес, сонымен қатар буланудың, су өткізгіштіктің, аэрация аймағы қалыңдығы мен оның температуралық режиміне байланысты болу себебінен грунт сулары деңгейінің ауытқу сипаттары да түрліше болуы мүмкін Оңтүстіктің далалық, шөлдік, шөлейттік аймақтарда буланудың төмендеген жағдайларында түскен жауын-шашын және еріген қар мен мұз суларының инфильтрациясы нәтижесінде грунт суларының деңгейі ақпан, наурыз айларында жоғарылайды. Бұдан кейінгі уақытта (күзге дейін) күшейе түскен булану мен транспирация әсерінен су деңгейі төмендейді, тек ерекше мол жауын-шашын түскенде су деңгейі жоғарылай бастайды. Аталған аймақтарда жазғы жауын-шашын грунт суларының деңгейіне дейін барып жетпейді деуге болады. ....
Рефераттар
Толық
0 0