Шығарма: Ұланы бар елдің ұраны бар!

Әр адам үшін өмірде екі ғана нәрсе қымбат. Оның бірі-Ана,екіншісі-Отан. Себебі.бұл екеуі жайлы қозғағанда елжіремейтін жүрек жоқ болар,сірә. Ана бізді өмірге әкелсе,Отан бағып-қағушы. Сондықтан да біз Анамызды қалай құрметтесек, Отанымызды дәл солай қадірлейміз. Міне,сондықтан болар, аяулы Ана мен ардақты Отанды қосып, Отан-Ана дейтініміз.Жер шарындағы өзге жандар үшін қалай екенін білмеймін, бірақ мен үшін менің Отаным ең керемет жер,ғажап ел! Ұлан-байтақ жазығы бар, бидай,күріш азығы бар, асқар-асқар таулары бар, жасыл желек баулары бар, ащы-тұщы
көлдері бар, сарғылт келген шөлдері бар , сан миллион халқы да бар, ескірмейтін салты да бар, егеменді ел, тәуелсіз мемлекет-Қазақстан Республикасы.......
Шығармалар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Банк мекемесіндегі кассалық операциялардың есебі мен ұйымдастырылуы

Банктер өзінің активті операцияларын жүргізу үшін пассивті операцияларды өткізу нәтижесінде пайда болатын тартылған қаржыларды қолданады.
Коммерциялық банктің пассивті операциялары келесі нысанда жүзеге асырылуы мүмкін:
- банк қорын қалыптастыру және ұлғайту үшін банктердің пайдасы есебінен аударулар;
- басқа заңды тұлғалардан алынған несиелер;
- депозиттік операциялар;
Депозиттік операциялар – бұл заңды және жеке тұлғалардың тартылған қаржылары бойынша белгілі бір мерзімге немесе талап ету салымы бойынша банктердің операциялары.
Депозиттік операцияларды жүргізу кезінде кез келген банк өздері дайындаған депозиттік саясатты ұстанады және олар өз кезегінде келесі ережелерге негізделеді:
- депозиттік операциялар банктің пайда табуына немесе болашақта пайда табуға мүмкіндік жасауға негізделіп ұсынылады;
- депозиттік операцияларды ұйымдастыру үдерісінде депозиттік операциялар субъектісінің әр түрлілігіне және депозиттердің әр түрлі нысандарының үйлесімділігіне ұмтылыс болады:
- депозиттік операцияларды жүзеге асыру барысында осы және депозиттер мен несиелік салымдардың мерзімдері мен сомалары бойынша несие ұсыну операциялары арасындағы өзара байланыс пен өзара келісімділіктің болуын қамтамасыз ету қажет;
- депозиттік операцияларды ұйымдастыру үдерісінде банк балансының өтімділігін жоары деңгейде қамтамасыз ететін мерзімдік депозиттерге ерекше назар аударған жөн;
- депозиттік операцияларды ұйымдастыра отырып, банк депозиттік шоттардағы бос қаржы резервтерінің (активті операцияға тартылмаған) ең аз болуына талпынуы керек;
- депозиттерді тартуға әсер ететін банктік қызметтерді дамыту және қызмет көрсету сапасы мен мәдениетін жоғарылату шараларын қарастырған жөн;
Көптеген ұсақ және шағын банктер үшін депозиттер ақша қаржыларының басты көзі болып табылады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Өлең: Кенен Әзірбаев (Кененнің Бөдене және Шәйнек деген жеңгелерімен әзіл қағысы)

К е н е н:
Жеңгелер, жүрмісіңдер күйлі-жайлы,
Ішкелі аңсап келдім күрең шайды.
Ауылға көшіргелі келіп тұрмын,
Жатақ қып жатасың ба осы Ақсайды.
Көп боп еді, жеңгелер, көрмегенге,
Сала келдім бір қолқа жеңгелерге.
Ақсайда ағаш бағып отырғанша,
Көшсеңші Қордайдағы туған елге.
Бөдене — Шәйнек:
Орныңыз құтты болсын, болыс қайным,
Кигенің шенел, шәпкі, орыс қайным.
Кедейден өкімет боп шыққаныңда,
Жақсы екен нашарларға болысқаның.
Қош десең тоқсан түйе жиғызып кел,
Құрмет пен парасатты білгізіп кел,
Жүз жорға, ертоқымы ылғи күміс,
Жүз қамшы ер басына ілгізіп кел!......
Өлеңдер
Толық
0 0

Әңгіме: Сүлеймен Баязитов | Садықбек Адамбековке


Садықбек аға, өзіңді сағынад көзі көргендер,

Көрмесе де сөзіңнен маржан тергендер.

Сатираның сарбазы соңыңыздан ергендер,

Бүгінгі сұр мергендер.

Удай еді тіліңіз,

Әйтсе де бір мініңіз-

Парақорларға жақпаушы ең.

Жатып- ішер жалқауды,

Ашық ауыз аңқауды,

Ұры менен қарыны,

Жерді сызған қарыны

Жемқорларды қақтаушы ең.

Шыңғыртып сатира отына,

Салушы ең ардың сотына.

Олар да қарап қалмайтын,

Жағаңызды қармайтын,

Сақалыңызды талдайтын, .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Ветеринария | Қойдың хламидиоз ауруының диагностикасы мен алдын алу шаралары

Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан Республикасында қой шаруашылығы -мал шаруашылығының жоғары сапалы мол өнім беретін ұтымды саласы. Қойдың басын және өнімін көбейтуде инфекциялық ауруларға дер кезінде диагноз қойып, аурудың алдын алудың маңызы зор.
Саулықтарға буаздықтың соңғы кезінде іш тастататын, осы іш тастаудан кейін сепсистен саулықтарды өлтіретін, сонымен қатар әлсіз , тіршілікке қабілеті төмен төлдер туатын, ересек қозыларда пневмония , артрит тудыратын және саулықтарды қысыр қалдыратын хламидиоз ауруы үлкен экономикалық зиян кетіреді.
Хламидиоз ауруының қой шаруашылығында кең тарауына ауруға диагноз қою мен алдын алу шараларының әлде болса жеткіліксіздігі себеп болып отыр.
Сонымен қатар аурудың кең таралуына хламидиоз ауруынан кейін көп малдардың хламиди тасымалдаушы болып қалып, аурудың таралуына қолайлы жағдай жасайды.
Қой хламидиозына диагноз қою мен тәндік алдын алу осы күнге дейін зерттелуде.
Осы ауруды зерттеуде ТМД елдерінің көптеген ғалымдарының еңбектері зор (И.И.Носов, А.А. Волкова, 1965; А.Актаев,1970; Ю.Д. Караваев және басқалар 1971; Н.З. Хазипов және басқалар 1984 ; Х.З.Гафаров 1984; ) .....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Химия | Фенолдар

І. КІРІСПЕ
Фенолдар - әдетте суда қиын еритін кристалдық заттар. Су буымен қоса ұшады. Өзіне тән иісі бар. Антисептиктер болып табылады, улы, теріге тисе күйдіреді. Сумен әуелгі фенолдан гөрі балқу температурасы төменірек кристаллогидраттар құрады. Фенолдардың реакцияға өте қабілетті гидроксил тобы мен ароматик ядросы бар. Фенолдар спирт немесе судан гөрі едәуір үлкен қышқылдық көрсетеді, алайды қышқыл есебінде олар көмір және карбон қышқылдарынан әлсіздеу. Мысалы, сірке қышқылының диссоциациялану константасы 1,8∙10-5, көмір қышқылынікі 4,8∙10-7, көгерткіш қышқылдікі 7,2∙10-10, фенолдікі 1,3∙10-10 және судікі 1,8∙10-16. Сондықтан фенолдар күйдіргіш натрдың ерітіндісімен әркеттесетін феноляттар түзеді, бірақ натрий карбонатынан СО2 ығыстырып шығара алмайды. Спирттермен салыстырғанда фенолдардың үлкен қшқылдығын оттек атомының бөлінбеген электрондар жұптарының ядроның электрондарымен әрекеттесуі арқылы түсіндіруге болады. Мұндай қосарлану оттек атомындағы электрондар тығыздығын азайтады және спирттердегіден гөрі фенолдарда протонның үлкен қозғалтқышын туғызады. Темір феноляттардың комплекстік сипаты бар. Олардың ерітінділері қанық қанық боялған. Фенол FeCl3 ерітіндісімен күлгін түске, крезолдар – көк түске боялады.
Фенолдарға, әсіресе мыс ұнтағының қатысуымен, галогекн туындылардың феноляттары әсер еткенде, сондай-ақ фенолдарға алкилсульфаттар, сульфоқышқылдардың эфирлері немесе диазометан әсер еткенде, фенолдар гидроксил топтағы сутек атомының арқасында оңай алкилденеді. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: С дыбысы және әрпі

Мақсаты: Жаңа С дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру. С дыбысы бар сөздер айтып, талдау.
Білімділік: Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру және сауатты жазуға үйрету.
Дамытушылық: С дыбысы мен әрпін оқыту арқылы балалардың ойлау, есте сақтау қабілетін, сөздік қорларын дамыту.
Тәрбиелік: Балаларды ұқыптылыққа және ойын толық жеткізіп айтуға үйрету.
Көрнекіліктер: суреттер, кеспе әріптер,«С» әрпінің баспа түрі, саңырауқұлақтар.

Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Балаларды шаттық шеңберіне тұрғызып, бір - біріне жылулық лебізін білдіру.
Армысың алтын күн!
Армысың асыл жер!
Армысың жан досым!
Жылуыма жылу қос,
Мінекей менің қолым!
- Балалар өткен сабағымызда қандай дыбыспен танысып едік? «Б» дыбысынан басталатын кім көп сөз айтады? .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Реферат: Тарих | Жошы хан

Жошы хан — Шыңғыс ханның үлкен үлы, моңғол крлбасшысы. Алтын Орданың негізін салушы. Шешесі — коңырат тайпасының қызы Бөрте.
Шыңғыс хан Бөртеге үйленгеннен кейін меркіттер шабуыл жасап, Бөрте түтқынға түсіп қалады. Кейін Шыңғыс хан өйелін Керей хандығының билеушісі Тоғырыл ханның көмегімен түтқыннан босатып алады. Жошыны Шыңғыс ханның үлы емес деген сөз ел ішінде осы оқиғадан кейін тараған. Жошы жас кезінен көрнекті қолбасшы ретінде көзге түсті. Ол әкесі әскерлерінің жорықтарына белсене араласты. 1206 жылы Шыңғыс хан керей, найман, меркіт тағы да басқа тайпаларды бір орталыққа біріктіргеннен кейін, Жошы әкесінің тапсырмасы бойынша жасағымен 1207-1212 жылдар аралығында Оңтүстік Сібірді, Алтайды, Шығыс Түркістан жерлерін өзіне бағындырды. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Педагогика | Ян Амос Коменскийдің педагогикалық көзқарастары

Ұлы славян педагогі-гуманисі, жаңа педагогиканың негізін қалаушы Ян Амос Коменский, оның отаны чехия халқы неміс феодалдарының тарапынан ауыр ұлттық езгіге ұшыраған жағдайда болды. Чехия халқы өз бостандығы үшін күреске бас көтерді. Феодализмге халықтың қарсылығы діни-демократиялық, сектанттық қозғалыс сипатында болды.
Осындай демократиялық сектаттық ұйымдардың ішінде ХҮ ғасырдың басында табориттердің діни-коммунистік қауымы болды, осы қозғалыстың атымен аталды (Табор деген қаланың аты). Табориттер Чехиядағы бірден-бір радикалды, гуситтік ұлттық-діни қозғалыстың неміс дворяндары мен католиктік шіркеуге қарсы бағытталған плебейлік қанаты болып табылады. Табориттердің айтуынша, жақын арада “байлар да, жарлылар да болмайтын” күн туады, бәрі де тең болады, жекеменшік болмайды, бәрі де ортақ болады деген болатын-ды.
ХҮ ғасырдың бірінші жарытысында табориттер қауымы жеңіліске ұшырады. Оның қалдықтарынан “чех ағайындары” деп аталатын демократиялық қауымдастық ұйымдасты,оның құрамына қолөнершілер мен шаруалар кірді. Я.А.Коменский 1592 жылы 28 наурызда Чехияда “чех ағайындары” демократиялық қауымға жататын жанұяда дүниеге келді. Бұл қауым чех халқының тәуелсіздігі үшін күреске бағытталған патриоттық бірлестігі болып табылады.
Я.А.Коменский ата-аналарынан ерте айырылып, ол “чех ағайындары” қауымдастығының қамқорлығының арқасында алғашында бастауыш және орта мектепті бітірді, кейін Гейдельберг университетіне түсіп, онда математикамен айналысты, Коперниктің ілімін оқып-үйренді. Европаның сол кездегі ірі орталықтарының бірі Амстердамда болды. Студент кезінің өзінде, Коменский чех тілінде халқы үшін кітаптар жазды. Ол былай деді: “Ғалымдар үшін ғылымды кітаптарда жасырып қоюға болмайды, себебі білім бәріне де қол жететіндей түсінікті болу керек”. Осы демократиялық идеялына Коменский өмірінің соңына дейін берік болды. 1614 жылы отанына оралғаннан кейін, Коменский кезінде орта білім алған мектепте мектеп басшысы болып тағайындалды. Кейіннен “чех ағайындылары” қауымы өздерінің қауымының священнигі етіп сайлайды. Коменский мектепке ерекше көп көңіл бөлді: мұғалімдер мен шәкірттердің қарым-қатынасында гуманистік бастаманы талап етті, мектеп тәжірибесіне білімнің ерекше түсініктілігін қамтамасыз ететін оқытудың тәсілдерін енгізді, оқушыларды табиғатпен таныстыруға, олардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін тәрбиелеуге, оны тануға қызығуын қалыптастыруға, “чех ағайындары” қоғамының мүшелерінің арасында насихаттауға, ерекше көңіл бөлді. Бұл кезеңде Коменский бірнеше педагогикалық еңбектерді жазуға кіріскен болатынды. ....
Рефераттар
Толық
0 0