Өлең: Күләш Ахметова (Ауылды аңсағанда)

Сағыныш мені өзіне тағы кетті алып,
Өлеңнен өзге дүние түгел шет қалып.
Ақ таңнан тұрып, аттанып кеткім келеді,
Сал самал жұтып,
Сағымды белді бетке алып.
Осы бір сәтте ақындық атты бақ дарып,
Шалқытып жатыр жанымнан жалын ақтарып.......
Өлеңдер
Толық
0 0

Шығарма: Болмасын соғыс, болмасын!

Жыл сайын мамыр айы туғанда әрбір адамзат ерекше күрсініспен еске алатын, сондай – ақ ерекше толқыныспен атап өтетін бір күн бар. Ол – Жеңіс күні! Биыл міне батыр бабамыз Рақымжан Қошқарбаев Рейхстагқа Жеңіс туын тіккелі жетпіс бір жыл өтті. Алайда, жер әлемді дүр сілкінткен, әрбір бейбіт тұрғынның санасын сансыратқан «Бүгін, 1941 жылдың 22 маусымы, таңғы сағат төртте Германияның қарулы күштері соғыс жөнінде ешбір ескертпе жасамастан Кеңес Одағының шекарасын шабуылдады» деген хабарлама күні бүгінге дейін кеудеге үрей мен қорқыныш ұялатады. 1418 күн мен түн бойы Отан үшін сұрапыл соғыс жүрді. Соғысқа алынған әрбір сарбаз басын бәйгеге тігіп, ажалмен бетпе – бет келіп, жауына қасқайып қарсы тұра білді, ақтық демі таусылғанша айқастан тартынбады. Жеңіс жолында бірі бақытты балалығын, бірі жігерлі жастығын, бірі денсаулығын, енді бірі өмірін құрбан етті, талай жас қыршынынан қиылды, көптеген отбасы қара жамылып қалды. Еңбектеген баладан бастап, еңкейген қартқа дейін «Бәрі де майдан үшін, бәрі де Жеңіс үшін!» деген ұранмен қолынан келгенше тылда тыным таппастан еңбек етті. Нәзік жанды әйелдер бір – ақ сәтте қайраттанып, балалар бір – ақ сәтте есейіп кетті. Сұм соғыс зардабын тигізбеген бірде - бір отбасы, жанына жазылмас жара салынбаған бірде – бір пенде жоқ. Жеңіс жолы қиын, азапты да ауыр болды. Бұл сұрапыл тек 1945 жылдың 9 мамырында аяқталды. Көгілдір көктеммен бірге, көптен күткен Жеңіс те жетті! Жүректерге үрей, жанарларға жас ұялатқан Жеңістің дәмі ащы болды.....
Шығармалар
Толық
0 0

Реферат: Қазақ әдебиеті | Иген Хасенұлы

Хасенұлы Иген (1942 ж.т.) – баспагер, жазушы, аудармашы, қазақ энциклопедиясының іргетасын қалаушылардың бірі. [1].
1965 ж. Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. 1965—70 жж. Республика халық шығармашылығы үйінде драматургия бөлімінің редакторы, 1971-97 жж. Қазақ энциклопедиясы бас редакциясында ағағылыми редактор, редакция меңгерушісі, бас редактордың 1-орынбасары қызметтерін атқарды. Қазақ энциклопедиясының қазақ тілінде жатық сөйлеуіне, ғылыми терминдердің қалыптасуына мол қызмет жасады. Балаларга арналған "Ол кім? Бұл не?", "Негеш", "Алматы", " .....
Рефераттар
Толық
0 0

Әңгіме: Сүлеймен Баязитов | Коррупция


(сықақ)

– Әй, шөпжелке албастылар!

Мен сендердің жындарыңды басқалы келдім,

Білімсіздіктеріңді...

Беттеріңе басқалы келдім

Тойыс, арттарыңды ашқалы келдім,-

Деген еді.

Директордың осы сөзі

Мұғалімдерді жіпсіз көгендеді.

Жөнге көнбегендерді

Айтқанына еріп

Жолында өлмегендері

Директордың қаһарына ілігіп, .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Бағалы қағаздар рыногы

Бағалы қағаздар кем дегенде орта ғасырдан белегілі. Сол кезеңде ұлы географиялық жаңалықтардың ашылуы мен байланысты халықаралық сауданың арасы кеңіді, ал кәсіпкерлердің осы мүмкіндікті пайдаланып қалу мақсаты мен ірі капитал сомаларына қажеттілігі туындады. Нәтижесінде ағылшын, голландық компаниялар акционерлік қоғамның Ост-Индия, Гудзонов бұғазы компаниялары мен сауда жасаумен байланысты дүниеге келді. Міне осылар бағалы қағаздарды бірінші шығаратын ірі компаниялар болды. Осының акциялары әлі күнге дейін Лондон мен Перонто биржаларында өз ролдерін жоғалтпай жоғары ұстауда. 19-ғасырдың ортасында Германияда ауыр өнеркәсіп мүдделерін көздеген бағалы қағаздар мен аралық операцияларды жүргізуді универсалды инвестициялық банктер өз міндеттеріне алды. Ресейге брокерлік бизнес осы Германиядан келді. Сонымен, бағалы қағаздар рыногы – ол қаржы рыногының бір бөлігі, қалған бөлігін банк қарыз бөлігі құрайды. Банк шын негізінде коммерциялық банк болса, қарызды 1 жылдан астам уақытқа өте сирек береді. Ал бағалы қағаздарды шығара отырып, ақшаның ондаған жылдар бойы немесе мерзімсіз пайдалануы мүмкін. Қаржы рыногын осылайша бөлу капиталдың айналымы және негізі болып бөлінуімен байланысты. Бағалы қағаздар рыногы банктің кредит жүйесін толықтырады, өзара байланыстар әрекет етеді. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Шығарма: Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз

Мен нағыз патриотпын! Ата-бабам мұра етіп кеткен өзімнің ғажап тілімде сөйлеп, дәстүрімді дәріптеймін. Қазақ даласы – мәрттік пен кеңдіктің куәсіндей дарқан дала. Дарқандық қанына сіңген қазақ баласының рухы асқақ, арманы алып, мақсаты биік болуға тиіс. Жасампаздық рух жанына серік жомарт халықтың ұрпағы жасымауға міндетті.
Мен – өзім сүйетін елдің патриотымын. Қаныма біткен қайсарлық, мұңға мұқалмас жігер мені әрқашан кеңдікке тәрбиелеп, өрлікке жетелеп келеді. Алтай мен Атырауға, Арқа мен Алатауға дейінгі алып мекен арманыма қанат бітіріп, шабытыма шабыт қосқандай болады. Мен бақытты ұрпақ екенімді айтудан әсте жалыққан емеспін. Тағдырдың талай тезін басынан өткеріп, теперішін көрген қаймана қазақтың бағы жанар, бабы келісер уақыты жаңа мыңжылдықтың еншісінде. Замана зары өткен халықты кеудесін жаныштаған ауыр езгіден құтқарып, қалың ұйқысынан оятуға барын салған ақын М.Дулатов:
Алыстан Алаш десе аттанамын,
Қазақты қазақ десе мақтанамын.
Болса да әкем қазақ, шешем қазақ,
Мен неге қазақтықтан сақтанамын – деп жырлайды. Өршіл рухты ақын елінің ертеңі үшін жаны ышқына жар салады. ХХ ғасырдың басында жүрегі қазақ деп соққан асыл ұлдарымыз атойлап алаш атын алып ұран салса, ХХІ ғасырдың жаңа буыны әлемге қазақ атын паш етуі тиіс. Әлем жаһандану деп жар салып жатқан алмағайып заманда түркілік тектілік пен жасампаздықты, көшпелі ұлы өркениеттің асыл жәдігерлерін, бабалар аманатын шашау шығармай, келер ұрпаққа жеткізу – біздің басты борышымыз.
Менің кеудемдегі кішкентай жүрек «Отан» деп, «Қазақстан» деп бір сәт дамыл қақпай соғады. Ол жүректе қазақтың қаны бар. Ол жүректе ұлы өркениет жаратқан алып арман, асыл мұрат жатыр. Күре тамырды бойлай аққан әрбір тамшы қан «қазақ» деп атойлайды. Мен – нағыз патриотпын. Ұлы елдің, ұлы даланың ұрпағы екенімді мақтан тұтамын. Жаратылысымнан даланы сүйетін жаным оның әрбір сайы мен саласын, тауы мен тасын мейірлене құшады. .....
Шығармалар
Толық
0 0

Реферат: Тарих | XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы Қиыр Шығыстығы халықаралық жағдай

Ағылшын - герман антогонизмнің өрлеу шағында, Қиыр Шығыста да қиын-қыстау кезең туындаған болатын. 1884 жылы Жапонияның Кореяны отарға айналдыру үшін жасаған төңкерісі және 1884-1885 жылдары қытай - француз соғысы осы аймақта жаңа шиеленістердің басталғанын көрсетті. Мұндай тоқыраудың тууына себеп болған: жапон капитализмінің өркендеуі және оның феодалдық-милитаристік элементерінің ықпалға ие болуы.

Жапонияның билеуші табы Кореяда Қытайдың билеуіне төзе алмай, Микадо үкіметі бұл елді басып алуды жоспарлады.

1894 жылға қарай саудамен айналысқан 20 мың жапондық Кореяға табан тіреді. Жапон капиталы үкімет қолдануына сүйене отырып, Корей нарығына тереңдей енуді көздеді. Алайда, бұл ұстанымдар орындалмай, 80-жылдары Жапонияға қарағанда Қытай үлесі артты.

Феодалдық қатынастардың құлдырауы жэне шетел капиталының енуі таптық күрестің өрши түсуіне әкелді. 1893 жылы Кореяда шаруалар көтерілісі бұрқ етіп, Тонхаютар сектасы елдегі келеңсіздіктерде басқарьш отырды. Сеулдегі бас резидент Юань Шикай Корей Сарайына көтерілісшілер әскерін мойындауға шақырды. 1994 жылы 5 маусымда ол Солтүстіктің істері жөніндегі кеңесші Ли Хун-Чжанға тез арада бүлікшілерді басуға әскер жіберді.

Қытай бұл ұсыныстан бас тартты, ал реформаларды Корея өз жасауы тиіс деп жариялады. Ал Жапония болса, өз әскерін эвакуациялай алмайтынын айтты. 1894 жылы 9 мамыр көтеріліс ошағынан таяу маңда Қытай әскері қоныстана бастады. Жапонияда осы уақытта өкімет басында Ито Хиробулли кабинеті тұрды.

9 маусымда Корея астанасы жапон әскерінің қолына көшті. Сеулдің оңтүстігінде орналасқан Қытай іскеріне шабуылға аттанды. Корея және Қытай тығырыққа тіреді. Жапония өкіметі 14 маусымда жиналыс өткізді. Тонханилерді бірге басып, Жапон, Қытай комиссиясы реформа, Корея үкіметін тазалау туралы ұсыныстар жасалды. Бұл жағдай жүзеге асса, Жапония мен Қытай бірігіп, Кореяны қамқорлыққа алар еді. Қытай үкіметі

Жапонияның ұсынысын қабылдамай, Кореядаға көтерілістер тоқтатылды деп жариялады. Қытай өз әскерін Кореядан әкетуге міндеттелді. Ал Жапония өз әскерін эвакуациялауы туралы ойлары жоқ екенін айтты. 13 шілдеде Муцу Оториге тағы бір құжат жіберілді. Онда: «Қазіргі таңдағы біздің басты міндетіміз Қытай мен Жапония арасында қақтығыстарды тездету» - делінген. Англия мен Ресейдің Қиыр Шығыстағы саясаты. Ли Хун-Чжанның Еуропа державаларының бұл іске кірісуі негізсіз болмады. Қытай мен Кореядағы Англияның ықпал аймағының кеңейюі және Ағылшын буржуазиясының бұл елдердің капиталына үстемдік еткісі келуі басқа да бақ таластарды болдырмауға тырысты. Англия бүкіл Қиыр Шығысты өзіне бағындырғысы келді және ірі капитал орындары мен ірі металлургияны өзіне қаратуды ойластырды. Мұндай саясатты жүзеге асыруға Ұлыбританияның гегемондығымен жүзеге асқан Жапон - қытай одағы көмегін тигізді.

Англияға сонымен қатар, Жапонияның сауда бақталастығыда әсерін тигізді. 80-жылдардың аяғы мен 90 - жылдардың басында ол ағылшын капиталын біршама артқа сырып тастаған болатын. Әсіресе, Ланкаширдегі тоқыма фабрикасына, Гонконгтегі көпестерге, Шанхай сеттльменттеріне ауыр тиді. Англияның Қиыр Шығыстағы қызығушылығы 1889 жылғы Лондонда жарияланған «Қытай ассоциациясы» атты саяси құжаттың жариялануынан кейін арта түсті.

Англия күшті позицияны Кореяда ұстанды. 1885 жылы Корея үкіметі кедендік қызметке ағылшындықтарды тағайындарын мәлімдеді. Корея импортында Ағылшын тауарлары бірінші орында тұрды. Жапонияның Кореяны жаулап алуы осы елде Англияның ықпал етуін тоқтатуға жол ашар еді.

Қытайдың билеуші органдарында жасалған саяси бағытқа наразылық туындады. Император Гуансюй және оның жақтастары Жапония мен соғыс туралы ойлар тастады. Оған қарсы «Солтүстік үндеу» лидері Ли Хун - Чжан Қытай соғысқа дайын еместігін мәлімдеді. Үмітті Батыс державаларына артты. Қытай өкіметімен жүргізілген саяси сызық осы екі топтың қақтығысынан туындады.....
Рефераттар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Халықаралық сауда

Кіріспе
Халықаралық экономикалық қатынастың негізгі түрінің бірі әлемдегі барлық елдердің сыртқы саудасының жиынтығын көрсететін халықаралық сауда болып табылады.
Халықаралық сауданы зерттеудегі манызды мәселелер мыналар:
1. Халықаралық сауда қалай қалыптасқан?
2. Оның қалай қалыптасып, орныққаны дұрыс?
Бастапқыда халықаралық сауда анық қалай қалыптасқан? - деген сұраққа жауап беру айдан анық сияқты көрінуі мүмкін: сауда қандай жолмен журсе де, пайдалы болса болды. Бірақ ақыр соңында сыртқы саудадан түсетін пайданы немесе ұтысты кім алады? Барлығы ма? Ал егер барлығы болмаса және бұл сауда біреуге зиян әкелсе, онда біреудің ұтысы басқалардың шығынынан басым түскенін қалай анықтауға болады? Егер әлдебір ел ұтыс тапса, онда онымен саудаласушы елдер бұдан шығын шеге ме? Осы аталған се-бептердің қайсыбіріне байланысты сауда шектерін кіргізу керек пе? Осы сұрақтардың өзі ғана біздің екі мәселенің бір-бірімен қаншалықгы тығыз байланысты екендігін көрсетеді.
Бұл мәселелерді нақты бір жерде қарастырайық - американ-жапон саудасындағы сақталып қалған сәтсіздіктер. Бұл жерде екі жетекші ел арасындағы сауданың қысқаруы салдарынан кім ұтады, кім шығынданады деген сұраққа жауап беру үшін неліктен Жапония АҚШ-қа ұшақ, астйқ және тағы басқаларға айырбас ретінде болат, автомобильдер және басқа да тауарлар сататынын талдап түсіну қажет.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Тарих | Абылай ханның өмірбаяны

Абылай – Жәңгір ханның бесінші ұрпағы. Ол «ақтабан шұбырынды» жылдарында жетім қалып, үйсін Төле бидің қолына келеді. Аш-жалаңаштықтан жүдеген өңіне, өсіп кеткен шашына қарап Төле би оған «Сабалақ» деп ат қойып, түйесін бақтырады. Әбілмәмбет төренің жылқысын да бағады. Төле бидің тәлім-тәрбиесінде болуы Абылайға зор ықпал жасады. Қазақ даласының даналығын бойына жинаған баба ақылы мен парасатын, ел билеу қабілетін, анталаған жауға қарсы қазақ халқы басы біріксе ғана тойтарыс бере алатынын жас баланың санасына ұялата білген. Оған қоса бала кезінен көрген жұпыны тіршілік, өмірлік тәжірибе Абылайдың ел өміріне ерте араласуына себепші болды. Үлкен әкесінің аруағын шақырып, жауға Абылайлап ат қойған Әбілмансұр жеңісті ұрыстан соң, Орта жүздің сұлтаны деп танылып, қазақ даласындағы ең беделді әміршілердің біріне айналады. Бұдан соңғы жерде Әбілмансұр есімі ұмытылып, Абылай атанады.
Абылайдың ерлігі мен ақыл-парасатына бас ұрған Әбілмәмбет ақылшы аға болып қалып, кеңесші хан дәрежесімен шектеледі. Абылай көреген саяси қайраткер бола отырып, қалмақтармен аса ауыр соғыстардан қалжыраған елінің есін жиғызу үшін дипломат жолдарды да тиімді пайдалаңды. 1740 ж. тамызда ол Орта жүз ханы Әбілмәмбетпен, тағы да басқа 120 старшынмен Орынборға келіп, орыс өкіметінің «қамқорына» кіруге келісім білдіреді. Сонымен бір мезгілде қазақ халқының тұтастығын сақтау мақсатында Шың империясымен де қарым қатынасын суытпады. Петербург пен Пекинге елшіліктер аттандырды. Ол Ресей мен Қытай империяларының өзара қайшылықтарын қазақ хандығы мүддесіне пайдаланып отырды. Абылай қазақ елінің тәуелсіздігіне нұқсан келтіретін жағдаяттармен аянбай күресіп, дербес сыртқы саясат ұстанып өтті. Жазба деректерде Абылайдың шетел басқыншыларына қарсы табанды соғыс жүргізгендігі айқын көрсетіледі. 1752ж. ол бастаған қазақ әскері шамасы 15-20 мың адамдай ойраттар қолының шабуылына тойтарыс берді. 1753ж. желтоқсанда Абылай 5 мың жауынгерімен жоңғар әскерлерімен шайқасып, бірталай қазақ жерін азат етті. 1756ж. Абылайдың бастауымен қазақтар қытайлар мен қалмақтардың біріккен күшімен екі рет шайқасып, оның бірінде жеңіліп, екіншісінде жеңіске жетеді. Тегеурінді әскери қимылмен қатарластырыла жүргізілген дипломатиялық әрекеттері Абылайды өз заманының ұлы қайраткерлері деңгейіне көтерді. Абылай қазақ хандығының күшін біріктіріп, әскери жағынан қуатты мемлекетке айналдырды.
1771 жылы жасы жеткен Әбілмәмбет хан дүние салды. Басты сұлтандардың, старшындардың, Әбілпейіздің өз қалауымен үш жүздің басшы өкілдері Түркістанда Абылайды хан көтерді. Абылай іс жүзінде жалғыз Орта жүздің ғана емес, бүкіл Қазақ ордасының ұлы ханы болды.
Абылай қаһарлы хан болуымен қатар, қазақ халқының рухани қасиетінен еркін сусындаған дарынды күйші ретінде де белгілі. Ол «Ақ толқын», «Ала байрақ», «Бұлан жігіт», «Дүние қалды», «Жетім торы», «Қайран елім», «Қара жорға», «Қоржынқақпай», «Майда жел», «Сары бура», «Шаңды жорық» т.б. күйлердің авторы.
Абылайдың артында 12 әйелінен 30 ұл, 40 қызы қалды. Қазақ халқының жадына Абылай қажырлы мемлекет қайраткері, батыл қолбасшы, дарынды дипломат ретінде сақталып келді. Оның есімі тәуелсіздік символында жауынгерлік ұранға айналды.....
Рефераттар
Толық
0 0