Әңгіме: Қазақ ұлттық университеті білімділер мекені


Қазақтың қара шаңырағы ҚазҰУ –әлемдегі QS World University Rankings Results және Top Universities сайтының стандартына сай 401-450 унверситеттің қатарына кіретін білім және ғылымды дамытатын жоғарғы оқу орындарының бірі. Универсисетімізде еліміздің жан-жағынан келген 20 мыңнан астам студенттер және шет ел азаматтары білім алады. Университетімізде заман талабына сай «Al Farabi university smart sity», «Керемет» -студенттерге қызмет көрсету орталығы, әр факультет студенттеріне арналған жатақханалар, университетіміздің магистранттары мен докторанттарына арналған жас ғалымдар үйі, 300 орындық жастар интернет орталығы, 2 миллионан астам кітап жинағымен қамтылған Орта Азияның жоғарғы оқу орындарындағы ең үлкен Әл-Фараби кітапханасы бар. Бүгінгі таңда университетіміз 40-тан астам маманық бойынша гуманитарлық, жаратылыстану және техникалық бағыттар бойынша кадрлар дайындайтын ғылыми-зерттеу орталығына айналды. ҚазҰУ-де тарихы терең 14 факультет бар. Соладың бірі –механика-математика факультеті. Факультет деканы − физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Бектемесов Мактагали Абдимажитович мырза. Факультетімізде 7 кафедра 14 мамандық бойынша білім береді. Соның ішінде тарихы терең, беделі жоғары кафедралардың бірі − іргелі математика кафедрасы. Қазіргі уақытта кафедра меңгерушісі − физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Сихов Мирбулат Бахытжанович мырза. Кафедрамыздың оқытушы-профессорлар құрамында Мәскеу мемлекеттік университетінде оқып, кандидаттық және профессорлық дәрежесін қорғап келген оқытушылар өте көп. Атап айтсақ физика-математика ғылымдарының доктор, профессорлары Ақанбай Нұрсадық, Кангужин Балтабек Есматұлы, Тоқыбетов Жанұзақ Әбдіқұлұлы, Бадаев Серікжан Ағыбайұлы. Сонымен орай Қазақстан Республикасының ҰҒА-ның академигі , «Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері» Блиев Назарбай , белгілі қазақстандық ғалым және қоғам қайраткері, физика-математика ғылымдарының докторы , профессор, Қазақстан Республикасының ҰҒА-ның академигі Жұмаділдаев Асқар Серқұлұлы сынды атақты математиктер кафедрамызда еңбек етуде.

Механика-математика факультеті – физика-математика ғылымдарының қазіргі заман талабына сай білікті мамандар дайындайтын еліміздегі беделді факультеттердің бірі. Оған дәлеліміз, біздің факультеттің түлегі кешегі ғылым және білім министрі Жұмағұлов Бақытжан Тұрсынұлымен мақтана аламыз.

ҚазҰУ-нің механика-математика факультетінің

математика мамандығының 1-курс магистранты Жанай Ә.Ж.

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Банк ісі | Ұлттық банк, оның мақсаттары, міндеттері мен қызметтері

Кіріспе
Мемлекеттің деңгейі мен негізін анықтауда экономика негізгі рөл атқарады. Оның әрбір саласын сәйкестілікпен жұмылдыру маңызды іс болып табылады. Әрбір елдегі нарықтық қатынастардың маңызды бөлігін несие мекемелері құрайды, яғни банк тараптары басты рөл атқарады.
Менің бұл тақырыпты таңдау себебім - Ұлттық Банк – еліміздің эмиссиялық және резервтік орталық ретінде ақша – несие және валюта саясатын анықтайтын және маңызды жүйелерді реттеуші болғандықтан, оны тереңірек түсініп, танып білгім келеді. Республиканың Ұлттық банкінің ең басты мақсаты – экономиканы төлем құралдарымен үздіксіз жабдықтауды қамтамасыз ету және елдің барлық несие жүйесінің қызмет етуіне жағдай жасау, есеп айырысу жүйесін қалпына келтіру, банк қызметін реттеу болып табылады. Ол басқа қаржы – несие құралдарымен бәсекелеспейді және өз қызметінде пайданы табу мақсатын көздемейді.Ұлттық Банктің тарихына тоқталатын болсам, Қазақстан Республикасының Орталық банкі еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін КСРО Мембанкінің Республикалық Кеңесінің негізінде 1990 жылдың желтоқсанында алғашқыда Қазақстанның Мемлекеттік банкі ретінде құрылып, ал 1995 жылдың наурызынан Қазақстан Ұлттық Банкі деп аталды. Ол республикадағы банк жүйесінің жоғары деңгейдегі банк, өз қызметін Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 30 наурыздағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы" Заң күші бар Жарлығы бойынша жүргізеді және осы Жарлыққа сай Президентке есеп береді. Сонымен қатар Ұлттық банк өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын және басқа заңдарды, халықаралық шарттар мен келісімдерді басшылыққа алады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Өлең: Күләш Ахметова (Өз елім)

Сүйіктіңдей жүретін кіл есіңде,
Кір түсірме ел деген ұлы есімге.
Ата мекен — бақыты бабалардың
Жеңіп алған сап ғасыр үлесінде.
Күндерімен, түнімен, гүлдерімен......
Өлеңдер
Толық
0 0

Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Ана тілім қазақ тілі

(Мектеп шәкірті үшін жазылған).

Халқымыздың бойында жинақталған асыл мұраларымызды еске алып отырсақ, олардың бізге қымбат әрі қастерлі екендігін ұға түскендей боламыз. Сондай қасиетті ұғымдар ол өз халқыңның тілі, тарихы, салт-дәстүрі тағы басқалар болмақ.

Менің ана тілім – қазақ тілі. Оның ғасырдан ғасырларға жасап келе жатқан бай мұрасы бар екендігі бізге белгілі. Халқымыз – ежелден-ақ тіл өнеріне аса ден қойған халық. Тіпті ұлтымызда асыл ана тілімізге арналған мақал-мәтел, түрлі нақыл сөздер де көптеп кездеседі. Халқымыз, мысалы, «Өнер алды – қызыл тіл» деп, тіл өнерін аса жоғары бағалады. Сондықтан да сол кезеңде тіл өнерін биік меңгерген адамдарды шешен деп құрметтеген еді. Тарихымызда мұндай би-шешен тұлғаларымыз аз болмаған. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Шығарма: Ұлы түркі елінің қара шаңырағы – бүгінгі ұрпақ қолында

«Ел боламын десең, бесігіңді түзе!» - деп дана халқымыз айтқандай, керегесі кең, шаңырағы көк күмбезді аспанмен жарасқан, келешегі кемел ел болу үшін, алдымен, тәрбие керек. Ел болдық, бірақ бесігімізді әлі де түзей алмай жүргеніміз ащы да болса шындық. Тал бесіктен басталатын тәрбиенің бұлағынан сусындаған әр жеткіншек ұлтжандылық деген ұғымды бойына сіңіріп өсуі қажет. Ұлттық құндылықтарды құрметтеп, елінің ертеңіне алаңдап, өркендеуіне үлес қосатын азаматты ұлтжанды азамат деу орынды. Бірақ Абайлар мен Мағжандардың толқынынан туған толқындар саусақпен санарлық. Бүгін біз кез келген келеңсіз жайттарға «Е-е, заман солай болғасын...» немесе «Бұған біз емес , заман кінәлы» деген сияқты сөздермен өзімізді жұбататын болдық. Ал шын мәнісінде бұған кінәлы заман емес, адам. Өйткені заманды адам құрайды.......
Шығармалар
Толық
0 0

Реферат: Технология | Жұмыртқа өнімінің қолдану аймағы және мәні

Құс шаруашылығы пәнінен мен құс өнімі «Жұмыртқа» тақырыбы туралы курстық жұмыс жаздым. Курстық жұмыс 20 беттен құралған. Онда мынадай тақырыптар қарастырылады. Негізгі бөлімде: Жұмсыртқа өнімінің қолдану аймағы және мәні, жұмыртқа өнімінің сапасына қойылатын талаптар, жұмыртқа өнімінің қасиеттері мен оларға сипаттама деген тақырыптарды қамтиды. Техника қауіпсіздігі мен қорытындыға да толық түсінік берілді. Бірінші кестеде - жұмыртқаның химиялық құрамы туралы жазылған. Екінші кестеде - жұмыртқаның сапасын бағалау әдістерінің жіктелуі туралы жазылған. Жұмыртқа өнімі туралы суреттер қосылды. Осы тақырыпқа байланысты қолданылған әдебиеттер тізімі жазылған. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Тарих | XV ғасырдағы тарихи жағдай Керей мен Жәнібек

XV ғасырда қалыптасқан саяси-тарихи жағдайлар қазақ халқының ұлттық мемлекет болып құрылуына елеулі ықпал етті.Қазақстан жерінде шаруашылықтың дамуы көшпелі мал шаруашылығымен және егіншілікпен айналысатын аймақтарда айқын байқалды.Шаруашылықтың түрлі саласында өзара байланыстар нығая түсті,қолайлы жағдайлар қалыптасты.Тілі,материалдық және рухани мәдениеті жағынан өзара жақын этникалық топтардың бір-бірімен тығыз қатынасы орнады.Қазақ тайпаларына өз жерінде көз алартып,зорлық-зомбылық жасаушыларға ұзақ,әрі табанды қарсылық көрсетіп,тойтарыс беруге ұмтылыс көрініс таба бастады.Қазақ,қырғыз,ноғай,ішінара өзбек,ұйғыр,қарақалпақ халықтарының қандас-туыстық ынтымағы қалыптасып,нығая түсті.
Дегенмен,қазақ тайпаларының жекелеген бөліктерінің бірнеше саяси бірлестіктерге-мемлекеттерге кіруі туыстас этникалық топтардың бытырап кетуіне алып келді.Саяси және экономикалық байланыстардың үзілуіне әкеліп соқтырған үздіксіз жүргізілген соғыстар,рулар мен тайпалар көсемдерінің арасындағы өзара талас-тартыстар мұндағы халықтардың бірігіп нығаюын тежеп отырды.Дәл осы кезде іс жүзінде біртекті халыққа айналып отырған қазақ тайпалары мен руларын мемлекет етіп біріктіру міндеті алға тартылды.
Бұл міндеттердің шешілуі үшін қазақ хандығын құру нақты мүмкіндік туғызды,сәтті тарихи жағдайлар қалыптасты.Қазақ халқының бірігуінің,құрылуының іс жүзінде аяқталуына мүмкіндік туды.Бұл жағдайлар Қазақ мемлекетін яғни хандығын құрудың негізгі себептерімен алғышарттары еді. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Сочинение: Моя Родина – моя гордость

Родина… Родной край… Родная земля.…Сколько красивых, теплых
слов сказано о ней! Родной земле посвящены удивительно нежные, проникновенные строки известных поэтов, задушевными песнями воспето ее величие. Уверен, что в сердце каждого человека, взрослого или еще юного, живет любовь к той земле, где он родился и вырос, где произнес первые слова, услышал нежные колыбельные песни мамы , почувствовал тепло ее рук. ....
Сборник сочинений
Толық
0 0

Өлең: Күләш Ахметова (Жапырақ — жаздың жүрегі)

Жапырақтар,
әр түрлі ән құрарсыңдар,
Алдарыңда әртүрлі тұрар сындар.
Нәзіктерім,
сендермен сырласайын,
Менің нәзік жанымды ұғарсыңдар.
Ұғарсыңдар,
ұғу да,
тану да арман,
Жасарыңдар,
жасқанбай жауын, қардан.......
Өлеңдер
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Шытырман оқиғаларды зерттеу Егер мен сәулетші болсам Tура және ауыспалы мағыналы сөздер (3 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Сәулет өнері
Сабақ тақырыбы: Шытырман оқиғаларды зерттеу. Егер мен сәулетші болсам... Tура және ауыспалы мағыналы сөздер
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.2.5.1 берілген тақырып, сұрақ бойынша түрлі дереккөздерден (мәтін, сөздік, сызба, кесте, карта) алған ақпараттарда кездесетін жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашу, жүйелеу, мағлұматтардың маңызды тұстарын анықтау;
3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, орфографиялық сөздік пен анықтамалық арқылы түзету.
Сабақ мақсаттары:
• берілген тақырып, сұрақ бойынша түрлі дереккөздерден жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашу, жүйелеу, мағлұматтардың маңызды тұстарын анықтау
• жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, орфографиялық сөздік пен анықтамалық арқылы түзету.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0