Келісетін мемлекеттер елшісіне ұсаған, Қабақ бағып, қыл үстінде біз отырмыз - үш адам. Үшеу ара жоқтан бар қып, бір әңгіме бастаймыз, Бастаймыз да, жалғай алмай, жібін үзіп тастаймыз. .....
Қол бұлғайды мың үміт, мың сан арман, Құралатын сияқты жыл солардан. Жұлдыз біткен қонғанда жылтыр қарға, Жылдың иісі шығады шыршалардан. Шырша сатып алғандар оны құптар, Жатыр жермен жаңадан жолығып қар.......
Пән: Қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлім: Батыр туса-ел ырысы Сабақтың тақырыбы: Батыр туса – ел ырысы №1 Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 7.Т4. Повестердің және лирикалық поэзиялық шығармалардан үзінді тыңдау, тақырыбы мен идеясын талдау Сабақтың мақсаттары: Барлық оқушылар Өлең үзіндісін тыңдап, тақырыбы мен идеясын анықтайды Көптеген оқушылар Өлеңнің негізгі мазмұнын түсінеді Кейбір оқушылар Өлең мазмұнын түсінеді, идеясын талдайды. .....
Ән де адам секілді өз тағдырымен туады, өмірде өз орнын табады. Әр адамның өз ғұмыры сияқты әннің де өз тарихы бар. Ән – көңілдің ажары, адам жанының тәрбиешісі. Әннің адам сезімін әлдилеп,асқақтар құдіретін тек жүрегімен сезінер адам ғана бағалайды. Халықтың елдігін танытып,даланың жырын жырлаған әннің ұранға айналуы тарихта талай кездескені шындық.Ел басына қиындық туып, «ақтабан шұбырынды,алқакөл сұламаның» сұмдығын көрген ел «Елім-айлап» толғанып,тебіренеді. «Елім-ай» әні екі ғасыр елжандылық пен азаматтықтың ұранына айналды. Міне, нағыз өмір, өміршең өлең тек тарих пен бірге жасайды.......
Кіріспе Қазақстан Республикасының барлық дерлік облыстарында бейорганикалық заттар өндіретін үлкенді – кішілі зауыттар жеткілікті. Олардың барлығы да қазіргі кезде қайта құрылып, нарық жағдайына бейімделіп жұмыс істей бастады. Химия өнеркәсібі және оның өнімдері адам өмірінің күнделікті тіршілігінде, халық шаруашылығының көптеген салаларында қолданылуда. Олардың қатарына ауыл шаруашылығына қажетті минералды тыңайтқыштар жатады. Тыңайтқыштар өсімдіктермен жақсы сіңірілуі арқасында өсуіне және өнімнің артуын жақсартады. Қазақстан Республикасының экономикасын, халықтың жағдайын жақсарту үшін өте тиімді, экологиялық таза жан-жақты зерттелген инновациялық жаңа технологияларды өнеркәсіпке енгізу қажет. Сондай-ақ минералды тыңайтқыштардың көптеген түрлерін шығару арқылы өнімділікті арттыруға болады. Ондай минералды тыңайтқыштарға суперфосфат, аммоний фосфаты, күрделі тыңайтқыштар, гумусты тыңайтқыштар, аммофос, диаммофос, нитрофос, нитроаммофоска т.б. жатады. Тыңайтқыштардың құндылығы олардағы қоректік элементтердің суда ерігіштігімен, сіңірімділігінің массалық үлестерімен өлшенеді. Сіңірімділік тыңайтқыштардың құрамындағы қоректік элементтердің суда ерігіштігімен қатар, аммоний цитраты және екі пайыздық лимон қышқылы ерітінділерінде ерігіштіктерімен өлшенеді.....
Минут сайын сезінем бақыт дәмін, Қуанышқа толады уақыттарым. Айналамның бәрінен бақыт көрем, Арайланып тұрғанда атып таңым. Күні-түні шүкір деп шаттанамын.......
Пән: Қазақ тілі Т2 Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өнер Сабақ тақырыбы: Қазақтың ұлттық музыкасы №2 сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 1.5 Тыңдалым материалын болжау 3.1.5.1 тыңдаған фразаның алдындағы немесе кейінгі оқиғаны болжау 3.1 Оқу түрлерін қолдану 3.3.1.1 мәтінді немесе оның бөлімдерін мәнерлеп оқу, шолып (танысу мақсатында) оқу/, рөлге бөліп оқу Сабақ мақсаттары: • Тыңдалым материалын түсіну және жалғасын болжау • Оқыған мәтіннің мазмұнын түсіну Оқушылардың барлығы: тыңдаған/оқыған мәтіннің мазмұнын түсінеді Оқушылардың көпшілігі: тыңдаған мәтіндегі оқиғаның жалғасын, кейіпкердің сөзін болжайды, сұрақтарға жауап береді Оқушылардың кейбірі: тыңдаған мәтіндегі кейіпкерлердің әрекетіне қатысты пікірін айтады .....
Пән:Дүниежүзі тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Рим империясының гүлденуі Сабақтың тақырыбы: Рим ежелдің ең қуатты империясы қалай болды? 2-сабақ Оқу мақсаттары: 5.3.1.1 ежелгі мемлекеттердің саяси жүйесінің ерекшеліктерін сипаттау. 5.3.2.2 жаулаушылар мен империяны құрушылардың ұлттық шекараларды қалай өзгерткенін түсіндіру Сабақ мақсаттары: Рим империясының гүлденуін нақты дәлелдер мен аргументтер негізінде түсіндіру......
Бұрынғы заманда Нұғыман деген бір хан болыпты. Ол хан бірнеше қатын алса да бала көрмей, жарым жастан өткенде бір әйелі екіқабат болып, бір ұл, бір қыз тауыпты. Хан үлкен той жасап, ұлының атын Бәкір, қызының атын Зере қойыпты. Хан балаларын өте жақсы көріп, балаларының еркіне көніп: «Немен ойнаймын десе қолдарынан тартпай өсіріңдер», – деп, әйелдеріне тапсырып қойыпты. Бәкір алты жастан жетіге шығарында, етегіне бір етек ділдә салып ойнап жүрсе, бір қайыршы кемпір кезігіп қалып: «Балам, құдай үшін қайыр», – десе, Бәкір етегіндегі бір етек ділдәні кемпірге сол күйінше төгіп бере салыпты. Сонда кемпір: «Ой, балам, көп жаса құдай сені Сақыпжамалға қоссын!» – деп бата беріпті.......
Түнде мен Махачкаладан Ембіге, Гурьевке (қазіргі Атырау - ауд.) жүріп кеттім. Жол Астрахань арқылы жүреді.
Ертеңгілік мен Каспий теңізін танымай қалдым. Сұйық бозғылт лай сонау көкжиекке дейін шалқар көл сияқты көсіліп жатыр. Оның арғы шетінде су түбінен шыға келгендей болып, түнерген қара маяктар мен айқыштары жоқ шіркеу мұнаралары қаңқиып-қаңқиып түр - олар Еділдің құярлығындағы жазық аралдардағы балықшылардың селолары еді.
Біз он екі футтық рейдке - кеме тұрағына жақындап келдік, мұнда ашық теңіз ортасында зәкірін тастап, тұтас бір жүзбелі қала - ауруханасы, поштасы, жолаушылар тұрағы, лихтерлері мен ежелгі мониторларға ұқсас "асханасы" бар әйдік кеме ырғалып тұр екен.
Мен жүздеген желкендері айналасын жамырап қоршаған, ауасында тұзды балық иісі аңқыған, Азияның саман үйлері сияқты, шаң-тозаңы бұрқыраған Астраханьды көрдім.
Балық кәсіпшілігінің салдарында күн демей, түн демей үстіне көк болаттан сауыт кигендей-ақ, он бойы балық қабыршақтарынан көрінбейтін, күнге күйіп қарайып кеткен кісілер балықшылар қайықтарынан қолдарындағы багорларымен шұбар бекірелерді қағып алып, тақта үстіне шалп-шалп еткізіп лақтырып тастап жатыр. Бұттарына көк шалбар киген таусылмайтын қыздар тізбегі шұбатылып, алтын түсті сары сазандарды жылтыраған дымқыл сағақтарынан ұстап алып, тоңазытқыштарға салып жатыр. .....