Курстық жұмыс: Экология | ҚАЗАҚСТАН РЕСПБУЛИКАСЫНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

Қазақстан Республикасы үшін экологиялық қауiпсiздiк мәселелерi мен жағдайлары бүгiнгi таңда маңызды орын алып тұр. Мемлекетiмiздiң тәуелсiздiгiмен бiрге жаңа экологиялық қауiпсiздiк жүйелерiн басқару да бой көтерiп келедi. Дұрыс басқару қоршаған ортаны қорғаудың мемлекеттiк саясатын уағыздап, табиғи ресурстарды рационалды пайдалану үшін өте қажет. Өкiнiшке орай Қазақстанда көптеген жылдар бойы өндiрiсте табиғи шикiзаттарды өндiргенде, қоршаған ортаға зиянды қалдықтарды шығару көп мөлшерде болды.
Елiмiзде экологиялық қауiпсiздiктi және тұрақты экономикалық дамуымызды қамтамасыз ету мақсатымен, 2003 жылдың 3 желтоқсанында Президенттiң Жарлығымен Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған Экологиялық қауiпсiздiк концепциясы жарияланды. Бұл концепция қабылдағаннан бастап көптеген маңызды өзгерiстер болып жатыр. Қоршаған ортаны қорғау заңдылықтар негiзi құрылды. Бiрқатар халықаралық келiсiмдерге қол қойылды. Қоршаған ортаны қорғауды басқару жүйесi құрылды. Концепция қоршаған ортаны қорғау мониторингiнiң бiркелкi жүйесiмен iске асыруды ұсынады. Экологиялық қауiпсiздiк ол - халық қауіпсiздiгiнiң маңызды бiр бөлiгi.
Экологиялық қауіпсiздiк бағытында Мемлекеттiк саясаттың мақсаты, ол - табиғи жүйенi қолданудың қорғалуы. Адам өмiрiндегi ең маңызды жағдайларды ескере отырып, табиғатқа зиян тигiзбеу. Өндiрiстi дамытумен қатар ғылыми-техникалық зерттеулердi күшейту. Экологиялық қатердi болғызбау үшін халық шаруашылығын, өндiрiстi байланыстыра отырып, экологиялық-экономикалық талдаудың әдiстерiн пайдаланып, қоршаған ортаға шығарылатын ластағыштар деңгейiн салааралық модель арқылы талдап көрсету қажет-ақ.
Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін технологиясы бар мемлекеттің келешегі зор. Қазақстан Президент Н.Ә. Назарбаев 2006 жылғы Жолдауында халықаралық стандарттарға сәйкес қоршаған ортаны қорғау және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде тоқтала келіп былай деді: «2006 жылы біздің экологиялық заңнамаларымызды халықаралық озық актілермен үйлестіруге, жаңа стандарттарға көшуге, мемлекеттік бақылау жүйесін жетілдіруге бағытталған Экология кодексі қабылдануға тиіс. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Рақмет алғашқы ұстаз


Білім жол бәріне аңсарлы,
Ой зерек болса оған ұнадың.
Сендерді күлімдеп қарсы алды
Мектепте мейірімді мұғалім.

Қарсы алды сыныбың, партаң да,
Тәртіппен сен оған ұнадың.
Жүреді күлімдеп ортаңда
Тағы сол мейірімді мұғалім.

Ұстазың, мейірбан үні тым,
Қақпайды тым қатты бетіңді.
Қоғамның кішкентай үмітін
Баптайды жас шыбық секілді. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Шығарма: Мәңгілік ел

Еліміз тәуелсіздік алу жолында қаншама қиындықтарды басынан өткізгендігі айдан анық.Ия, «тәуелсіздік» атты асыл арманға жету үшін ата-бабаларымыз ерен ерліктері,болаттай мықтылығы,темірдей төзімділігі,сөзсіз батырлығы,халық қамы үшін қан кешіп,құрбан болғандығын,біз, яғни еліміздің жас ұрпағы терең ойлап, түсінуіміз парыз.Ел болу үшін,Тәуелсіздік керек,ал тәуелсіз болу үшін ұлттық рух,күш-жігер,сенім,мақсат керек.Міне,халқым көктен тілеп,көптен күткен тәуелсіздігімізге жиырма екі жыл.Бұл ұлы мақсат жолында қаншама халық қырылып,өз туған-туыстарынан айырылған болатын.......
Шығармалар
Толық
0 0

Әңгіме: Балғабек Қыдырбекұлы | Үйшінің әңгімесі


— Оған міне елу жыл болып барады,— деп бастады Тоқсанбай қарт әңгімесін.— Кедейліктің кесірі не істеткізбеуші еді. Үй жонатын өнерім болатын. Содан төмен үй жасауға Ілеге түскен кезім бар-ды.

Осы Алатаудың бауырынан он түйемен төрт-бес кісі үй жонуға аттандық. Қоңыр күз болып, ағаштың жапырағы түсе бастаған кез. Алатау маңында қазақ үй жонуға қолайлы ешкітал өспейді. Мұндай тал осыдан үш-төрт жүз километр жердегі Топардың Ілеге құйған жерінде. Онда сыңсыған орман, қорыс. Біздің мақсатымыз осы көп ағаштың кеніне кіріп, он шақты күннің ішінде он үй жонып алып қайтпақпыз. Онда қазақ үйдің сүйегі бір қара тұратын. Ал бес кедейге он түйені жалға берген байға сегіз қанат екі үйдің сүйегін тегін жонып жеткізіп беруге міндеттіміз. Амал нешік көлігіміздің жоқтығынан екі атан түйеміз байға босқа кетеді.

Арада далаға екі күн түнеген соң жердің түрі өзгере бастады. Ит шайнаған орамалдай қалың қоңыр қырқа біртіндеп азайып барып жоқ болды. Енді бірыңғай боз жусан өскен жазық дала. Елсіз далада жаз күнінде шырылдап тыным таппайтын бозторғайлар мүлде жоқ, күз түсуімен олар түстік жаққа ауысып кетсе керек. Қыс келетінін уәйімдеп аспанда көз жетер-жетпесте ұзын мойын тырналар тырулап қайтып барады. Алыстағы төңкеріліп жазылып ұшқан тырналарды көріп бала күнімізде айтатын «арқан тарт, кілем жап, ақсақ қызға сәлем айт» дейтін өлең есіме түсті. Қоңыр күздің мизам ұшқан бозша даласында анда-санда дала құсы — бұлдырық көрінеді. Басқа күс та, аң да көзге түсе қоймайды. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Мұғалім және өнер


(Мұғалімдердің «Наурыз шапағаты» өнер фестивалі хақында)

Мұғалімдер білімге асқақ кенелген,
Шәкірт кеуде сол арқылы еленген.
Би билесе, ән салса олар – өнерпаз,
Тұлабойын кенде етпеген өнерден.

(«Мұғалімдер» өлеңінен)

Сыр өңірінде бастау алғанына да 20 жыл толған «Наурыз шапағаты» өнер фестивалі туралы республикалық «Халық» газетінің осыдан екі жыл бұрынғы 2015 жыл, 19 наурыздағы санында Арал аудандық мәслихатының депутаты Нұрбай Жүсіп облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрайымы, облыстық мәслихат депутаты Райкүл Мансұрқызы Байназарова жөнінде жазған «Киелі салаға үлес қосқан аяулы жан» атты өзінің мақаласында былай дейді:

«...Райкүл Мансұрқызы ел Тәуел­сіздігінің алғашқы қиын кезеңінде де руханият саласын өркендетуді мықтап қолға алды. Ол өзі ұстаз ретінде, ұлы ұстаз Әбу Насыр әл-Фарабидің «Тәрбиесіз берілген білім адамзатқа апат әкеледі» деген ұлағатты сөзін әсте естен шығармады. 1995 жылдан бастап білім қызметкерлері арасында өнер дарын­дыларын іздеп тауып, оларға өнерлерін шыңдауға барын­ша көмек көрсету мақсатында 2 жылда бір рет «Наурыз шапағаты» фестивалін үзбей ұйымдастырып келеді...» .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Реферат: Құқық | Мемлекет және құқықтың пайда болуы

. Ғылыми-зерттеу мәліметтеріне қарағанда біздің ғаламшарымыз - жер осыдан 4-5 млрд. жыл бұрын пайда болған көрінеді. Адам, яғни саналы адам - һоmо sаріеns жер бетінде осыдан 40 мың жыл бұрын пайда болған дейді антрополог ғалымдар. Алғашқы мемлекеттік құрылымдар біздің дәуірімізден 4-5 мың жыл бұрын пайда болғанын ғылыми зерттеулер дәлелдеді. Соған сәйкес ежелгі адамдар 35 мыңдай жыл бойы мемлекеттік құрылымсыз өмір сүрген деуге болады.
Мемлекеттілікке дейінгі кезең ғылымда алғашқы қауымдық құрылыс немесе рулық қауым деген атаумен белгілі. Бұлай болатын себебі адамдар ол кезде кауым, ру-ру болып тайпаларға бірігіп өмір сүрген. Бірлестіктерге бірігу қандас туыстық, бірге тұру және бірлесіп, ортақтасып еңбектенуге негізделетін. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Шығарма: Туған жер!

Ауылым – алтын бесігім
Жүрегім, жырым сенікі,
Кеңесті далам, кең далам.
Тудым, өстім, есейдім.
Ең далам – анам, мен - балаң деп ақын атамыз жырлағандай, менің ең далам, тұғырым - Қазақ елі. Туған өлкемнің тұнып тұрған әсем көрінісі бойыма еріксіз мақтаныш сезімін құяды. Тау етегіндегі қуыстарды қуалай өскен бұталы орманы, тау суын сарқырата кең далаға алып қашқан өзендері, дән теңізіне шалынған жазық даласы, төрт түлікмалға төсін ашқан құтты жайлау қырлары, көк жасыл желекке бөленген ауыл үйлері, зәулім ғимаратты үлкен, көрікті қалалары бойыңа еріксіз күш, қайрат, еліме деген махаббат сезіміне бөлейді.......
Шығармалар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Су туралы не білесің? (3 сынып, IV тоқсан, 7 бөлім)

Пән: қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7-бөлім «Су – тіршілік көзі»
Сабақ тақырыбы: Су туралы не білесің?
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:
1.2 Сөздердің лексикалық мағынасын түсіну
3.1.2.1 баяу және анық айтылған жиі қолданылатын сөздер мен сөз тіркестерінен құралған шағын мәтіндердегі сөйлемдердің мазмұнын түсіну
Сабақ мақсаттары:
Оқушылардың барлығы:
сөздер мен сөз тіркестерінен құралған шағын мәтіндердегі сөйлемдердің мазмұнын мұғалімнің қолдауымен түсінеді.
Оқушылардың көпшілігі:
сөздер мен сөз тіркестерінен құралған шағын мәтіндердегі сөйлемдердің мазмұнын түсінеді.
Оқушылардың кейбірі:
сөздер мен сөз тіркестерінен құралған шағын мәтіндердегі сөйлемдердің мазмұнын түсінеді және
ажыратады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Ертегі: Алты ақылсыз бір зерек

Жар астынан жау шығып, тайпалы ел таусылып, аз үй қалған күйзеліс жанға батқан кез екен.
Осындай бір кезеңде,арнасы кең өзенде, кісінеуік тайы бар, маңырауық ешкісі бар бір үйлі жан болыпты. Соның ішінде күйзелуден үһісі ұшып, күңіренуден есі ауысқан бір шал мен кемпір бар екен. Оған сай келте ақыл келіні болыпты. Жалғыз ұлы жан бағудың қамы үшін жалшы боп алыс отарда жүреді.
Бір күні кемпір мен шал келінін жалғыз қалдырып, сол манда ас берген біреудің ауылына кетеді. Жалғыз қалған келін қарыны ашқан соң тоғайдан алма теріп әкеп жейді. Біраздан кейін кекіре бастайды. Ол кекіргенде үйдің жанында тұрған көк ешкі маңырайды. Ата-енесінен ырым-сырымды көп естіп, күпті боп жүрген келіншек күдіктене қалады.......
Ертегілер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Химия | Ферменттер туралы жалпы түсінік

Кіріспе
ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған жолдауы биылғы жылы « Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» деп аталды. Биылғы жылы президентіміз жолдауда ауылшаруашылығына көп көңіл бөлді. Жолдауда ауыл шаруашылығы туралы арнайы «КазАгро» деген бөлім бар. «КазАгроның» негізгі міндеті – ауыл шаруашылығының өнімділік деңгейін көтеру, жердің тозуының алдын алу, еліміздің су және басқа табиғи ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыру, сонымен қатар ескірген аграрлық ғылымның кенжелеп дамуына тосқауыл қою, сондай-ақ ұқсас шаруа қожалықтарының бытыраңқылығын еңсеру мәселелерін жүйелі түрде шешу.
«КазАгро» таяу уақыттың ішінде экспорттық әлеуеті бар қолданыстағы және жаңа ауылшаруашылық өнім өндірушілерін қаржыландыру жүйесін әзірлеп, іске асыруға тиіс. Мұндай қаржыландыру нысаналы болуы тиіс әрі ескірген агротехнологияларды алмастыруды және жоғары технологиялық агроөнеркәсіп құруды қарастыруы қажет. Тағы осы сияқты және басқа да ауыл шаруашылығына қатысты мәселелер биылғы жолдауда қарастырылған.
Ферменттерді биологиялық катализаторлар ретінде өндірістің әр түрлі салаларында – фармацевтикада, ауыл шаруашылығында, тоқыма өндірісінде, медицинада, анализде, органикалық синтезде және т.б. пайдаланылады.
Ферменттерді иммобилиздеу – бұл олардың каталитикалық белсенділігінің толық немесе бөлшекті сақталынуымен ерімейтін жағдайға ауысуы. Ферменттер мен клеткаларды иммобилиздеу – сыртқы (қоршаған) ортада қозғалысының жасанды шектеулі жағдайларын туғызу, бұл шектеулерді тасымалдаушылар қамтамасыз етеді. Бүкіл клетка- тасымалдаушы жүйесін иммобилизденген биокатализатор деп атайды.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0