Курстық жұмыс: Қазақ тілі | Диалог түрінде сөйлеуге үйрету

Зерттеудің өзектілігі. Қазақ тіл білімі ғылымында жалпы ауызекі сөйлеу тілі және оның диалогтегі көрінісі, олардың тілдік сипаттары мен түрлері бірқатар зерттеулердің нысаны болғанмен, ауызекі диалог пен көркем диалог, олардың стильдік ерекшеліктері осы күнге дейін бір концепция тұрғысынан арнайы зерттелген емес.
Диалог теориясының негізін жалпы тіл білімінде Ш. Балли, Л.В.Щерба, Л.П.Якубинский, Е.Д.Поливанов, В.Н.Волошинов, В.В.Виноградов, М.И.Бахтин, Ю.В.Рождественский т.б. сынды лингвистердің қалағаны белгілі. Ал, қазақ тіл білімінде диалог мәселесін алғаш рет қазақ тіл танымының негізін салушылар А.Байтұрсынұлы мен Қ.Жұбанов көтерген болатын.
Ауызекі сөйлеу тілінің айтылуы мен жазба тілде қолданылуы бірдей емес. Жазба тілде ой стильдің өзіне тән, оған қажетті сөздерімен жүйеленіп, бір жақты баяндалып отырса, сөйлеу тілінде тыңдаушыларға лайықтанып, жазба тілдік үлгіден ауытқып отырады, дыбысталудағы сөйлеу тілінің жазба тілден өзгешелігі сөйлеу тілінің ауызша формасында іске асады.
Ауызекі сөйлеу барысында сөйлеуші алдына қандай мақсат қойса да, ол қашанда тыңдаушы реакциясын күтеді. Бұл тағы да коммуникативті процесті сөйлеуші интенциясы мен тыңдаушы реакциясымен санаса отырып зерттеу керек екенін нақтылай түседі. Сөйлеуші өзі үшін ғана емес, басқалар үшін сөйлейді.
Ауызекі сөйлеуде тілдің қатысымдық қызметі айқын көрінеді. Ауызекі сөздің диалог түрінде жұмсалуы оның лексикалық құрамы мен синтаксистік құрылысына әсерін тигізеді.
Диалогке құрылған сөйлеу тілінде лексика мен синтаксистің ауызекі және кітаби,стилішілік және стильаралық құралдарының бір мезгілде өзара жақын әрі қарама-қарсы екі тип ретінде жіктелуін зерттеу, сонымен қатар, олардың өзара қарым-қатынасы мен қызметін анықтау мәселесі шешімін табуға тиісті маңызды мәселелердің қатарына жатады.
Зерттеуде диалогке тән «сөз - белгілерді» әр түрлі қырынан алып қаралады. Диалогті құрастырушы компоненттер ретінде оларды орналасу қызметіне қарай сөз бастаушы, байланыстырушы, мақұлдаушы, әр түрлі эмоцияларды жеткізуші, бағалаушы, нақтылаушы, қолдаушы деп бірнеше түрлерге бөлуге болады. Бұл бірліктерді диалогтің құрылымдық-мазмұндық аспектісі тұрғысынан және одан жоғары қатысым стратегиясы тұрғысынан қызметтерін анықтауға, бағалауға болады. Мәселен, қолдаушы мақсаттағы сөз-сигналдарды сөйлеуші де, тыңдаушы да қолдана алады. Тыңдаушы қолдаушы мәнді сөз- сигналдарын ынтымақтастық принципіне сай қарым-қатынас, сыпайылық этикетін сақтау үшін, қарым-қатынас стратегиясын дамыту үшін қолданады. Сөйлеу тілінде сөйлеушілердің осы мақсатын жүзеге
асыруға қалыптасқан, дағдыланған сөз-сигналдары – сөйлесім түрлері бар. Олар ешқандай хабар жеткізбесе де, сөйлеушілер арасында сенімді қарым-қатынасты қалыптастырып, тыңдаушының әңгімелесуге белсенді түрде араласып, сол арқылы сөйлеушіге қозғаушы күш беруіне көмектеседі. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Өлең: Мақтаншақтық...

Мақтаншақтық не екенін білесің бе бауырым?!
Мақтанып жүр жігіттерің ұстап алып қаруын.
Мега жұлдыз дейтіндерің мақтануда киносын,
Кім көрінген екі сөздің басын құрап, әншімін мен дейтұғын.
Қазір бәрі мүлдем басқа, басқаша.
Адамдарың жүретіні тек аузында зың зипа!
Қыздарың жүр жоқ талантын басқа жермен басқарып,
Үйіне кеп "өз еңбегім....
Өлеңдер
Толық
0 0

Ұлттық ойын: Тоспа доп

Тоспа доп — ұлттық ойын.

Ойынды бір топ жас өспірім жиылып, не ашық кең далада, не мектеп ауласында ойнайды. Ойынға бір метрдей таяқ, бір кішкене доп керек.

Ойын бастаушы таяқты таңдаған бір жігітқан жақын жерден лақтырып береді, ол жерге түсірме: Оны қағып алып, таяқтың бір басын жоғары көтеріп ұстап тұрады. Қалған ойнаушылар ұстап тұрған қолдың үстінен таяқты тұтамдап ұстай береді. Бұл жеребе деп аталады. Кімнің қолы таяқтың ең ұшыны дәл келсе, сол доп ұрушы, ал оған таяу қолдың не доп беруші болады. Қалған ойнаушылар доп ұрылатын өріске барып бытырап тұрады. Бұларды «талаптылар» деп атайды.

Доп ұрушы мен доп беруші аралары 2—2,5 метрдей қашықтықта қарама-қарсы тұрады. Доп беруші 1, 2, 3 деп санайды да, допты тез лақтырып ұрушыға береді. Доп ұрушы оны аспандата, сонымен қатар ұзата қатты ұрады. Осы ретпен үшке дейін допты дәлдеп ұра алмаса, онда ұрушы мен беруші орын ауыстырады. Егер екінші ойыншы да дәл ұра алмаса, онда бұл екеуі «талаптылар» тобына кетіп олардың орындарына жаңадан екі бала келеді.

Осы тәртіппен зымырап ұшқан допты ұстауға «талаптылар» түгел әзір тұрады. Әр кім өз тұсына келген допқа таласа жүгіреді де, бұрын ұстаған допты алып, доп берушіге лақтырады. Доп беруші оны жерге түсірмей қағып алады да ұрушыға тағы лақтарып береді. Бұл жерде доп беруші қағып ала алмай қалса, онда әлгі «талапкер» оның орнына шығады да, бұрынғы доп беруші «талаптылар» тобына барып қосылады. Ойын осылай созыла береді. .....
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Биология | Биология пәнін жеке тұлғаға бағытталған технология негізінде оқыту жолдары

Зерттеу тақырыбының көкейкестілігі. Қай елді, халықты болсын, прогреске бастайтын жол-білім жолы. Егемендік алған Қазақстанның болашағы жастарға байланысты. Қазіргі кездегі ғылым мен техниканың дамып өркендеуіне байланысты дарынды жастарды тәрбиелеп шығару ұстаздар қауымына үлкен сын болуда. Сондықтан да жастарды білімге құштарлыққа, ізденуге, талпынуға тәрбиелеу арқылы баланың қабілет-қасиеттерін ашып көмектесу керек.
Өйткені, осындай жастар ғана егемендігіміздің ертеңін баянды ете алады; қазақ елінің ертеңіне қызмет ете алады.
Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында білім беру саясатының негізгі міндеттерінің бірі «Халықтың барлық жіктерінің сапалы білімге қол жеткізуін қамтамасыз ету» екендігі, оны іске асырудағы мектеп бағдарламасы баланың жеке тұлғасын қалыптастыруға, оның жеке қабілетін ашуға және дамытуға бағыттау қажеттілігі атап көрсетілген [1].
Бұл міндетті іске асыру үшін аталған құжатта: «Оқу процесі:
- өз бетінше білім алу және оны практикада қолдану қажеттігі мен дағдысын қалыптастыруға, танымның ғылыми тәсілдеріне мақсатты және жүйелі түрде баулуға; ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Іс жүргізу | Ұйымдағы құжат және құжат жүйесінің мәні.

Кіріспе
Қазақстан республикасында тәжірибемен тұжырымдалған жасалатын және қолданылатын құжаттарға деген жауапкершілікті шектейтін бірыңғай заңды орган жоқ. Бұл жауапкершілік атқаратын қызыметтеріне байланысты бірқатар мемлекеттік басқару және билік органдарына үйлестірілген. Ал арнайы осы органдарды құжаттандыру жүйесіне келетін болсақ, ол әрбір саланың министрліктері мен ведомстволарына жүктелген. Бұл министрліктер мен ведомстволар басқа да салаларды қамтитын нормативтік құжаттарды қабылдауы мүмкін. Кез келген ұйым немесе мекемеде және басқада да олардың құрылымдық бөлімшелерінде құжаттандыруды атқару үшін Республикада енгізілген нормативтік құқықтық актілер ескеріледі. Себебі құжаттандыруды және іс жүргізуді айналасын арнайы қабылданған, заңмен бекітілген нормативтік құқықтық актілерге байланысты атқарған жөн. Жалпы құжаттандыру дегеніміз басқару саласындағы қызметтерінің құжатталуы бойынша мәселелерді реттеуші. Құжаттану қолжазба немесе арнайы тасымалдаушыға түсірілген ақпараттар мен қамтамасыз ету болып табылады. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Медицина | Фасциолезала паразиттер, фасциолез ауруы

Әдеби шолу
Фасциолезала паразиттер класына жатқызамыз. Өйткені ол жануарлар ағзасында дайын оргаикалық заттармен қоректенеді. Мал фасиол құртымен күшті зақымданған кезде, олар жаппай өлім – жетімге ұшырауы мүмкін немесе ұзақ ауырады, бірте – бірте арықап, қаны төмендеп, өнімі кемиді.Сиырдың сұт өнімі 20-40 % азаяды . Фациолез көп тараған аймақтарда ірі қара 90.% - ке дейін және қой мен ешкі 50-60 % - ке дейін аталған дертке шалдығады. Мал фасциолзі Қазақстан оңтүстік – шығыс, оңтүстік және батыста жиі ұшыасады. Республиканың оңтүстік шығысында көбін кәдімгі фасциола тіркелсе, оңтүстік батысында алып фасциола тіркелген.Көбінсе Азия, Африка, Латын Америка, Гавай аралдарында кездеседі.Фасйиолездің алып түрі Астраханский, Гуревы облысында, Закавказия республикасы, Орталық Азия Қазақстанның оңтүстік аудадарында және Якутияда кездеседі. Қазақстанда фасциолез жаз айларында білінеді. Мал шығыны күз және қыс айларында байқалады. Ғалымдардың болжауы бойынша 200құрт 40 мл қан сорады. Сақтау үшін бірінші рет малды өріске шығарда 10 – 15 күн бұрын дәрілейді, екінші рет жайылым маусымы аяқталған кезде.Егер қараша, желтоқсан айлварында отардағы, табындағы малдың нәжісінен 15 – 25 пайыз сорғыштардың жұмыртқалары табылса, онда дегельминтазация үшінші рет жасалады. Шаруашылықта фасциолезді болдыртпаудың басты шараларының бірі трематодалардың аралық иелерін бунақаяқтыларды жою.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Сауат ашудан сабақ жоспары: Өз уйімді сипаттаймын. «Уу» дыбысы мен әрпі (1 сынып,1 бөлім )

Пән: Сауат ашу.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өзім туралы
Сабақ тақырыбы: Өз уйімді сипаттаймын. «Уу» дыбысы мен әрпі.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтемеу) 2.5 Мәтін бойынша сұрақ қоя білу және жауап бере білу
Сабақ мақсаттары: 1.1.8.1 берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрап айту Берілген тапсырманы өз беттерімен орындай алады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Шығарма: Жеңіс туы желбіресін мәңгілік!

«Екінші дүниежүзілік, Ұлы Отан соғысының аяқталғанына жарты ғасырдан астам уақыт өтті... Осы соғыста ата-бабаларымыз ерлік көрсетіп, Отанымызды жау қолынан қорғап қалды. Әлемді оқ пен отқа ораған бұл соғыс адамзат жүрегіне жазылмас жара салды. Бұл шайқаста ажалдан тайсалмай жауға ұмтылған ерлер есімі тарих беттерінде мәңгіге жазылып қалды. Бұл жеңіс осы күнге жетпей қыршынынан қиылған сан мыңдаған боздақтардың аманаты еді. Бес жылға созылған соғыстың аяқталуын зарыға күткен халық арманының орындалғанын, қанды қырғыннын аяқталғанын білдіретін соңғы нүкте ол – Жеңіс еді.
Ұлы Отан соғысы жылдарында ел басына төнген қаһарлы қатер миллиондаған кеңес адамдарын басқыншыларға қарсы күреске жұмылдырды. Қазақстан өзінің барлық мүмкіндіктерін – адамдар, өндірістік қуаттар, табиғат байлығы мен рухани қорын майдан талабына бағындырды. Майданға Қазақстанның әрбір төртінші азаматы аттанды. Фашистик Германиямен соғыста 55 миллион боздақ құрбан болды. Әсіресе, Кеңестер Одағы халықтары орны толмас адам шығынын тартты. Майдан даласында 8668,4 мың офицер мен жауынгерлерден айырылдық, уақытша басып алынған аумақтарда, концлагерлер мен каторгалықжұмыстарда 18 миллион бейбіт тұрғындар жау қолында қаза тапты. Біздің Республикамыздың да адам шығыны зор болды. Бұл соғыста Қазақстан 602 939 адамнан айырылды. Әрбір екінші қазақстандық майдан даласынан қайтып оралмады.....
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Жетелі елдің жеті белгісі

Қазақ халқы жеті санын киелі деп санаған. Жеті санына байланысты ұғымдар да жетерлік. Солардың бірі жетелі елдің жеті белгісі ретінде: Ту, Елтаңба, Әнұран, Тіл, Елбасы, Ата Заң, Дін деп саралап отырмыз. Бүгінгі күні егемендікке қол жеткізіп, Тәуелсіз ел атанып, өзіміздің мемлекеттік рәміздерімізді бекіттік. Біздің еліміздің Әнұраны щалықтап, көк туымыз талай рет әлем көгінде желбіреді. Ол кешегі өткен спорттық олимпиада кездері еді. Біз ол күндерді бүкіл отбасымызбен ерекше еске аламыз.......
Шығармалар
Толық
0 0

Реферат: Информатика | Желілердің мәні мен түрлері

Компьютерлік желі дегеніміз – диск, принтр коммуникациялық құрылғыларды тиімді пайдалану мақсатында бір – бірімен байланыстырылған компьютерлер тізбегі.
Желілер масштабы мен мүмкіндігі бойынша ерекшеленеді.Ең шағын желілер жергілікті деп аталады да, бірнеше компьютерлерді біріктіру үшін қолданылады.Мұндай желілер ортақ, дискіжетек, принтр, сканер және тағы басқа қымбат құрылғыларды тиімді пайдалану мақсатында құрылады.Компьютер желіге желілік тақша, модем, немесе жоғарғы жылдамдықты сандық – телефондық қызмет торабы арқылы қосылады.
Екі және одан көп компьютерлер заттай қосылғанда компьютерлік желі пайда пайда болады.Компьютерлік желі аумақтық жағынан бытыраңқы орналасқан пайдаланушыларғабірдей программаларды, жалпы ақпараттық ресурстарды қолдануда өзара ақпарат алмасуға мүмкіндік береді.....
Рефераттар
Толық
0 0