Курстық жұмыс: Психология | БАЛАНЫҢ ПСИХИКАСЫНЫҢ ДАМУЫНА ӘСЕР ЕТЕТІН ФАКТОРЛАР

Кіріспе.
Зерттеудің мақсаты: Баланың психикалық өмірінің жан-жақты дамуы белгілі әрекетпен айналысуына байланысты болуы, бала өмір сүру барысында өз психикасын түрлі жолмен жарыққа шығаруы, мәселен, мектеп жасына дейінгі бала өз психологиясын ойын арқылы білдірсе, ересек адам өзіне төн ерекшеліктерін еңбек процесінің сан алуан салаларында көрсетеді. Әрекет дегеніміз түрлі қажеттерді өтеуге байланысты белгілі мақсатқа жетуге бағытталған процесс. "Әрекетіміз дұрыс болу үшін,— дейді Әл-Фараби, — біздің соған баратын жолымыз қандай болу керек екенін анықтап алуға тиіспіз". Баланы іс-әрекетке итермелейтін оның түрлі қажеттері екені өткен тарауда айтылды. Бала іс-әрекеті — күрделі процесс екендігі, оның құрамына жеке амалдар мен қозғалыстардың әрекеттердің жүйесінің кіруі, іс-әрекет (деятельность) ұғымынан әрекет (действие) ұғымын ажырату қажеттігі, өйткені мұның біріншісінің ауқымы аса кең, ал әрекеттің сипаты шағындығы, әрекет іс-әрекеттің шағын бөлігі, единицасы екндігі, ол жеке мақсатты орындауға бағытталуы, әрекетті орындау тәсілдері операция деп аталуы, бала іс-әрекеттің белгілі түрімен айналысу арқылы ғана сыртқы ортамен белсенді түрде байланыс жасап, оны шамасынша өзгертіп отыруы осы жұмыстың басты мақсаты болып табылады. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Ұлттық ойын: Қап киіп жарысу

Қап киіп жарысу — ойын көгалды жазық далада, клуб немесе дене шынықтыру залдарында өткізіледі. Ойын ашық алаңда өткізілгенде оған қатынасушылар 50 метрдей жерден сөре жасайды. Ойын залдарда өтетін болса, сөре оның мүмкіншілігіне қарай жасалады.

Жарысатын жердің ені бір жарым метрдей болады және 4—5 қатар жолақ жол созылып қойылады. Жолдың қақ ортасына жарысатын адамдардың санына сәйкес етіп кенеп қаптың аузын ашып қою керек.

Ойын басқарушының командасы бойынша сызықтың бірінші басында қатарласып тұрған ойнаушылар жарысып жүгіре бастайды. Жолында жатқан қапқа жетісімен, екі аяғын оның ішіне тығып, тез киіп, екі қолымен жоғары көтеріп, ілгері секіріп жарыса береді.

Мұндағы мақсат — сызықтың екінші басына алдымен жету.

Осы тәртіппен ойын қайталана береді. Oлар барлық талапкерлер кезектесіп қатынасады. Бұл ойын әр түрлі тәртіппен өткізілуі де мүмкін. Бұл ұсынып отырылған ең оңай түрі......
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық
0 0

Шығарма: Ерлікке – тағзым!

Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес! Соғыс – күйретуші күш! Дәл солай! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін. Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап, жұтатын тажал. Сол қанды кезеңді еске түсіріп, елестететін газет – журнал материалдары немесе радио, телехабарлар, кинолар, аталар ерлігін мақтаныш тұта, бізге жеткізді. Иә, содан бері жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, ешнәрсе де ұмытылған жоқ. Ұлы Отан соғысы... Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділігін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды.
Неменеңе жетістің бала батыр,
Қариялар азайып бара жатыр.
Бірі мініп келместің кемесіне,
Бірі күтіп, әнеки, жағада тұр, - деп тебіренген Мұқағали мұңында жұмырбасты пенде үшін теңдессіз құндылық ұрпақаралық қимастық, сыйластық сезімдері мөлдіреп тұр.Қариялар азайып бара жатқанын, әсіресе олардың ортасында Ұлы Отан соғысынан аман оралған ақсақалдарымыздың қарасы жыл санап азайып барады емес пе?! Солардың жанымен, қанымен, терімен, көз жасымен, күшімен, ісімен, ерлігімен, еңіреп жүріп жауды жеңіп, тауын шағып, жеңістің таңбасын басқан күн – Жеңіс күні. Бұл күннің толғағы ашшы болса да, туғаны бар халқы үшін қуаныш болған күн. Бұл – ұлы мереке! .....
Шығармалар
Толық
0 0

Балық майы сіздің денсаулығыңыздың қорғанышы

Таңданарлық нәрсе, бірақ медицина саласындағы ілгерілеу мен көптеген жаңалықтардың ашылып жатқанына қарамастан нәлім бауырынан жасалатын сол баяғы өзіміздің балық майы денсаулығымызды жақсартудың және өмір жасымызды ұзартудың таптырмайтын дауасы болып қалып отыр.

Дегенмен де, жаңадан шығып жатқан қазіргі технологиялар қажетімізге жарады деп айтсақ та болады. Өйткені балық майын қақалып-шашалып тура қасықтан ішудің қажеті жоқ, жай дәмсіз капсулаларды сатып алсаңыз болғаны. ......
Денсаулыққа пайдалы кеңестер
Толық
0 0

Реферат: Физика | Жердегі күн радиациясы

Жер күн сәулелері тасқыны астында айналып тұрады. Оған күннің шығарған бүкіл сәулесінің екі миллиардтан бір бөлігі ғана келгенімен, мұның өз жылына 1,36*10 кал. құрайды.
Күн энергиясының осындай мөлшерімен салыстырғанда Жер бетіне келетін басқа энергияның барлық кірісі өте мардымсыз. Мәселен, жұлдыздардың сәулелік энергиясы келетін күн энергиясының жүз миллионнан бірін, космостық сәуле шашу-екі миллиадтан бірін құрайды. Жердің ішкі жылуы оның бет жағында күн жылуының мыңнан бір үлесіне тең.
Жыл ішінде Жердегі Күнге дейінгі қашықтықтың өзгеруіне сәйкес күн тұрақтылығы ауытқып тұрады: ол январьдің басына қарай көбейіп, июльдің басына қарай азаяды. Күн тұрақтылығының жылдық +3,5% ауытқуы құрайды. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Өмірбаян: Толқын Забирова Қалиқызы (1970 жылы 17 қазан)

Толқын Қалиқызы Забирова (1970 жылы 17 қазанда Семей облысы Аягөз қаласында туған) — қазақ эстрадасына опералық музыканы әкелген тұңғыш әнші. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2008). Өнертану ғылымдарының кандидаты. Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры.

Білімі
Қазақ және орыс тілдерін біледі.
1979 - 1988 жылдары А. Жұбанов атындағы Республикалық музыка мектебінің дирижерлік классын «Хорға дирижерлік ету» мамандығы бойынша бітірген.
1988 - 1993 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының вокал-хор факультетінің "жеке ән салу" мамандығы бойынша Социолистік Еңбек Ері, КСРО халық артисі, КСРО мемлекеттік сыйлығының иегері, педагог-профессор Бибігүл Ахметқызы Төлегенованың класын үздік бітірген.
1998 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының асперантурасын бітірген. ....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Шығарма: Қазақ елі

Қазіргі қазақ елі қандай бақыттысың! Аспаның ашық, жерің байтақ. Осыншама кең жер мен алтынға теңер табиғи байлығың бар. Ешкімнен қорықпас егеменсің. Бұдан артық мен үшін мақтаныш сезімі жоқ. Әрбір адам, елін сүйген, елі үшін мақтанып, елі үшін жан күйдірген адам. Өз елі жайлы әңгіме болғанда жүрегі тебіренбей тұра алмайды. Қазақстан – Еуразия материгінің қақ жүрегінде орналасқан тамаша, бірлігі мен достастығы берік мемлекет. Қазақстан – тәуелсіздік жолында көптеген қиындықтар, ызғарлы, қара күндерді басынан өткізді. Ал бүгінгі күнде еліміз − алдағы дамушы елдердің бірі. ......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Ұлы даланың ұлылығы (немесе жаһанға таныта алмай отырған «ұрпақ»)

«Біз басқа халықтардың рөлін төмендетіп, өзіміздің ұлылығымызды көрсетейін деп отырғанымыз жоқ. Ең бастысы, біз нақты ғылыми деректерге сүйене отырып, жаһандық тарихтағы өз рөлімізді байыппен әрі дұрыс пайымдауға тиіспіз»
«Төре тұрып төр берген, қожа тұрып қол берген» қазақ халқы, шүкір, ұлттық құндылыққа, қала берді тарихи мұраға бай. Біз де өзгелер секілді тарихымызды ауыз толтырып, кеуде соғып мақтанышпен айта алатын һәм дүйім жұртқа таныта алатын деңгейдеміз. Оған дәйектеріміз де жеткілікті.
Жер жиһанға жар салмастан бұрын, жаһандану заманында тәрбиеленетін келер ұрпаққа төл тарихымызды түсінікті тілде, ұғынықты түрде қалдыру үшін қайтпек керек? Бұл тығырықтан шығу жолын ....
Шығармалар
Толық
0 0

Сауат ашудан сабақ жоспары: Ауа райы туралы өлең жазу «ъ» белгісі №1 (1 сынып,4 бөлім )

Пән: Сауат ашу.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Бізді қоршаған әлем»
Сабақ тақырыбы: Ауа райы туралы өлең жазу. «ъ» белгісі №1
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтемеу) Ж 3.2 Стильдерді ажырату және белгілі бір стильмен өздігінен мәтін құрап жазу
Ж 3.13 Орфографиялық нормаларды сақтау
Ж 3.8 Мәтінді түзету және редакциялау
Сабақ мақсаттары: 1.3.2.1 Мәтіннің тақырыбы мен стиліне сай тиісті сөздерді таңдап жазады
1.3.13.1 Әріп пен дыбысты ажырата біледі, дыбыстардың айтылу ерекшелігін ескере отырып, сөзді дұрыс жазады
1.3.8.1 Өзінің жазған сөйлемдерін мұғалімнің көмегімен жетілдіреді, үлгі бойынша түзетеді.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Город Саратов

Центр Саратовской области, входящей в состав ПФО РФ.

Город протянулся вдоль правого берега Волги на 34 км и расположился в живописной низине, окруженной невысокими (до 250 м) горами (Соколовая гора, Лысая гора, Лопатина, Алтынная, Увек).
Площадь города Саратов составляет 381,97 кв. км.
Умеренно континентальный климат города, характерный.....
Сборник рефератов
Толық
0 0